Басты бет » Ауыл » Медициналық сақтандырудың маңызы түсіндірілді

Медициналық сақтандырудың маңызы түсіндірілді

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ақпараттық жұмыс тобы Байғанин ауданында болды. Топ құрамында облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Е.Мырзаханова, облыстық мәслихаттың депутаты А.Есіркепов, Ақтөбе қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Қ.Бекенов, мәдениет қызметкері Е.Әзи бар.

Үш күнге жоспарланған шараның бірінші күнінде жұмыс тобы Ащы, Көлтабан ауылдық округтеріндегі халықпен кездесті. Еркеназ Мырзаханованың айтуынша, бұл шара — жоба аясындағы 33-інші кездесу.

Кездесу барысында Аманкелді Есіркепов Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына тоқталып, ұлттық құндылықтарымызды сақтау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы айтты.

Елбасы мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы идеяға қайта тоқталып, оны уақыт созбай, жүзеге асыруды тапсырғаны мәлім.

—  Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу туралы маңызды бастама көтерді. Латын әліпбиіне көшу — ана тіліміздің болашағын ойлап, оның қолданыс аясын кеңейте түсуді мақсат еткен, тілімізді сақтап қалу үшін жасалған қадам, — деді А.Есіркепов.

Жиын барысында Құдайберген Бекенов келесі жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы жан-жақты баяндап берді.

Шара барысында жұмыс тобы Қопа, Ебейті ауылдық округтерінде де кездесулер өткізді. Сондай-ақ, аудан орталығындағы «Тау» цехының жұмысшыларымен, Байғанин техникалық колледжінің оқушыларымен, Қарауылкелді ауылының тұрғындарымен кездесті.

 Рита ХАЛЫҚҚЫЗЫ,

Байғанин ауданы.

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*