Басты бет » Мәдениет » Бас жүлдені «Саз» алды

Бас жүлдені «Саз» алды

Өнер

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі Ғ.Жұбанованың 90 жылдығына орай дәстүрлі III облыстық балалар хорының чемпионаты өтті.

Қазылар алқасының назарына 13 ұжым құрамындағы 366 қатысушы өз өнерлерін ұсынды.

Бас жүлдеге «M Pro Akademy» хор ұжымы (көркемдік жетекшісі — Айнұр Жолымова) мен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның «Саз» балалар студиясының кіші хор ұжымы (көркемдік жетекшісі — Лилия Аралбаева) лайық деп табылды.

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің хоры (жетекшісі — Мейірбол Құспанов), Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның «Саз» балалар студиясының үлкен хор ұжымы (жетекшісі — Лилия Аралбаева), №40 қазақ орта мектебінің «Таңшолпан» балалар хоры (жетекшісі — Кенжелік Досмағамбетова) I орынды жеңіп алды.

 Ардақ ҚОНАҚБАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*