Басты бет » Әлеумет » Тазалықтың үш айлығы: биыл сенбіліктер ерте басталды

Тазалықтың үш айлығы: биыл сенбіліктер ерте басталды

Күн жылынып, жылдағы дәстүр бойынша шаһарды абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы көктемде алдыңғы жылдарға қарағанда, Ақтөбе қаласында сенбіліктер әлдеқайда бұрын басталды.

11 наурыз күні басталған сенбілік аясында мемлекеттік мекемелер мен жастар қауымы әр сенбі сайын көше бойындағы қыстан қалған күл-қоқыстарды тазартып жатыр.

Аталған үш айлық барысында Ақтөбе қаласындағы «Таза қала» ЖШС жұмысшылары да қаланың орталық көшелеріндегі жол белгілері мен қоршауларын шаңнан, жол жиектерін құмнан тазалап, жолдарға су шашып, айналаның сәнін келтіруге ұмтылыстар жасауда.

Аталған мекеменің жұмысшылары қаладағы Асау-Барақ, Алтынсарин, Некрасов, басқа да көшелерде санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, тасжолдар мен  жаяу жүргіншілер жолын тазартуда.

«Таза қала» ЖШС директорының орынбасары Есбол Сатаевтың айтуынша, тазалық жұмыстарына 31 жұмысшы мен оннан астам техника жұмылдырылған.

— Жыл сайынғы дәстүрмен үш айлық аясында мекеменің жұмысшылары жол жанындағы қоршауларды жөнге келтіріп, шаңнан тазалап, сондай-ақ, шаң сорғыш машиналар жолдарға су шашып, тазалап жатыр. Біздің негізгі міндетіміз — қала тазалығын сақтау. Қазіргі санитарлық тазалау, көгалдандыру айлығы кезінде олардың бәрі  тазалық жұмыстарына белсене атсалысады. Бүгінгі күні қаланың басты Әбілқайыр хан, 312-атқыштар дивизиясы даңғылдары, Тұңғыш Президент атындағы саябақ маңында шаң сорғыш машиналар жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, 4 су шашатын техника, 1 автогрейдер, 5 МТВ-82 маркалы сыпырғыш техникалар іске қосылды, — дейді ол.

Қала әкімдігінің соңғы деректеріне сүйенсек, өткен аптада ұйымдастырылған сенбілік аясында қалалық полигонга 23 тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Сенбілік көп қабатты үйлер, қала маңындағы аудандар, ауылдық округтерде жүргізілуде.

Барлық басқарушы компаниялар мен ұйымдар, пәтер иелері кооперативтері, оқу орындарынан 7000-нан астам адам сенбілікке қатысқан.

Қала аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, оқу орындарының, шағын аудандардың іргелес аумағында қоқыстан тазалау жүргізілді. Басқарушы компаниялардың қызметкерлері саябақтар мен гүлзарларды, аулаларды, квартал ішіндегі өтпе жолдарды, жаяу жүргінші жолдарын тазалау жұмыстарымен айналысуда.

Наурыз бен маусым айларының аралығында өтетін санитарлық тазарту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру науқанында ауқымды жұмыстар атқарылады. Бұл іске қатысушылар қатары мамыр айындағы мерекелер қарсаңында елеулі түрде көбейе түседі деп күтілуде.

 

                                                                                                          Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>