Басты бет » Жастар » ЭКСПО және эссе

ЭКСПО және эссе

Ақтөбеде жас ғалымдар арасында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Жасыл экономика, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында эссе байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты — «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің негізін ғылыми тұрғыдан түсіну, жастар арасында ғылыми зерттеудің деңгейін жоғарылату, олардың бойында патриоттық сананы дамыту.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткізілген байқаудың ұйымдастырушылары — облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жас ғалымдар кеңесі қоры» облыстық филиалы.

Байқауға Ақтөбедегі жоғары және арнаулы білім беру мекемелерінің, облыс мектептерінде ғылыми жұмыстармен айналысатын студенттері мен оқушылар қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау үш кезеңнен тұрды. Тақырыпқа байланысты жазылған эсседе халықаралық көрменің еліміз үшін маңыздылығы, әсіресе жасыл экономиканың ел болашағын дамытудағы ықпалы ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі қажет. Ұйымдастырушылар әрбір жұмыстың мазмұны мұқият тексерілетінін, ол үшін авторлық жұмыс «Антиплагиат» желісі арқылы тексерілетіні алдын ала ескертілгенін айтып отыр.

Шарт бойынша, байқау жұмыстары 3 тілде қабылданды. Байқау қорытындысы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Регина Бурхина бірінші орынды жеңіп алса, облыстық физика-математика мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Даниэль Мұзапбар екінші орынға қол жеткізді. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенті Бибіханым Сертайдың жұмысы жүлделі үшінші орынға лайық деп танылған. Жеңімпаздардың барлығы арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Арайлым НҰРБАЕВА.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*