Негізгі / Жастар / Blog article: Жастар сайлау күнін атап өтті

Жастар сайлау күнін атап өтті

9 Ақпан 2010 | Пікір жоқ | Жастар

Өткен жұмада Бүкіләлемдік сайлау күніне байланысты «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты және «Жас саясаткерлер мектебінің» түлектері  облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізіп, сайлау технологиялары жөнінде ақпарат алды.

Облыстағы Орталық сайлау комиссиясымен бірігіп ұйымдастырылған  шараға жастар мәслихаттарының мүшелері, мектеп және арнайы оқу орындарының студенттері қатысты. Мұндағы мақсат жастарды  сайлау процестерінің жетістіктері жөнінде  ақпараттандырып, жас сайлаушыларды демократиялық құндылықтарды ұстануға бағыттау.

Кездесу барысында облыстық әділет департаментінің қызметкері сол күні он алтыға толған жастарға  жаңа үлгідегі жеке куәліктерді табыс етті.

Облыстық мәслихаттың депутаты Дмитрий Дальматенко жастарды сайлауға қатысып, өз дауыстарын беруге,  қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға еркін араласуға шақырды. Және сайлаудың маңызы жөнінде біраз мәлімет берді.

— Бүгіннен бастап сендер Қазақстан мемлекетінің дербес азаматы болып саналасыңдар. Өз ойларыңды еркін білдіріп, қоғамда болып жатқан шараларға араласып, сайлауға қатысып, таңдау жасауға мүмкіндік алдыңдар. Сендермен қоғам санасатын болады.

Елдің болашағы  сайлауларға, сендер қалаған адамдарға байланысты. Сондықтан оған жеңіл қарамай, сайлауларға қатысып, өз дауыстарыңды беріңдер, — деді облыстық мәслихаттың депутаты Құдайберген Бекенов.

Жиын  соңында жастар депутаттарға сайлауға қатысты сұрақтарын қойды.

Сәнім  ЫСҚАҚҚЫЗЫ.

Пікір жазу 148 рет оқылған бұл мақала, ал бүгін болса, 1 рет оқылды |

Пікір жазу