Басты бет » Билік » Шығармашылық қызмет сапасы көтеріледі

Шығармашылық қызмет сапасы көтеріледі

Дөңгелек үстел

Облыс әкімдігінде «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарындағы норма шығармашылық қызметтің жай-күйі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға  мемлекеттік органдардағы  норма шығармашылық қызметке жауапты мамандар қатысты. Қала мен аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың қызметкерлері, сондай-ақ облыстық  әділет департаментінің нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің өкілдері келді.

Облыс  әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ғ.Сейлов жергілікті атқарушы органдардың норма шығармашылық қызметіне үлкен мән беріліп отырғандығын атап өтті. Оған дәлел — жылдан-жылға норма шығармашылық көлемінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын актілердің көлемі өсіп келеді. Жиында осы жайттар жан-жақты айтылды.

Өз кезегінде дөңгелек үстелге қатысушылар проблемалық сұрақтар қойды. Әділет департаментінің қызметкерлері оларға толықтай жауап берді. Кейбір сұрақтар талқылауға түсті. Жиын соңында жергілікті мемлекеттік органдарға өңірлік норма шығармашылық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар берілді.

Бауыржан АЙМБЕТОВ,

облыс әкімі аппараты

мемлекеттік-құқықтық жұмыстар

бөлімінің бас маманы.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*