Негізгі / Жаңалықтар / Blog article: «Атамекен» байқауы басталды

«Атамекен» байқауы басталды

9 Ақпан 2010 | Пікір жоқ | Жаңалықтар

көркемсөз оқу шеберлері анықталды

Жақында облыстық халық шығармашылығы үйінде «Атамекен» патриоттық тақырыптағы әр жанрлы өнер байқауының алғашқы кезеңі — көркемсөз оқудан сайыс өтті.

Байқаудың және «Атамекен» патриоттық клубының салтанатты ашылуына қатысқан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Е.Құрманбеков, Ақтөбедегі «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Ә.Бөлекова, «Бүркіт» патриоттық орталығының басшысы С.Сағиев «атамекендіктерді» құттықтады. Келген қонақтарға облыстық халық шығармашылығы үйінің кітапханасынан Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабы, «Атамекен-2010» логотипі жапсырылған шағын блокноттар, байқау буклеттері табыс етілді.

Байқауға қатысқан 28 ұжымның 14-і келесі сайысқа өтті. Олар: №24 Ақтөбе лингвистикалық мектеп-гимназиясы, Россовхоз орта мектебі, №31 Ақтөбе орта мектебі, Құрашасай орта мектебі, Елек орта мектебі, Қарғалы орта мектебі, қаламыздың №32 мектеп-гимназия және №51 гимназиясы, №23, №6, №30, №42, №2 орта мектептері, М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты. Байқауға қатысушылар үшін жүлделі орындар да белгіленген болатын. Олар: Елек орта мектебінің оқушысы Самал Отарбаева І орынды жеңіп алды. ІІ орынға №6 Ақтөбе орта мектебінің оқушысы Самал Әлбілекова мен №30 Ақтөбе орта мектебінің оқушысы Азамат Дүкенбаев ие болды. Ал ІІІ орынды №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушысы Ержан Еркінбай, №31 Ақтөбе орта мектебінің оқушысы Гүлсезім Демешова, Қарғалы орта мектебінің оқушысы Айдана Бозанғалиева иеленді. Жеңімпаздар Гала-концертте марапатталады.

Балалар арасында патриоттық тақырыпқа арналған викториналық сұрақтарға жауап берген белсенділерге шағын сыйлықтар табыс етілді. Байқаудың келесі кезеңдері осы айда және наурыз айында өтеді.

А.ҒҰБАЙДУЛЛИНА,

облыстық халық шығармашылығы үйінің әдіскері.

Пікір жазу 143 рет оқылған бұл мақала, ал бүгін болса, 1 рет оқылды |

Пікір жазу