Басты бет » Ауыл » Діни ахуалды жақсартуды көздейді

Діни ахуалды жақсартуды көздейді

Жақында Темір ауданына «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының I және IV бағыттарын іске асыру бойынша облыстық дін істері басқармасы  басшысы Ж.Қалмағанбетов бастаған облыстық жұмыс тобы келді.

Жұмыс тобы құрамында теолог, психолог, дінтанушы және имамдар бар. Олар топтың іс-жоспарына сәйкес 5 күн бойы ауданның діни ахуалын тұрақтандыруға бағытталған кешенді  шаралар өткізеді. Тұрғындардың мекенжайларында  жеке кездесулер, семинарлар  ұйымдастырады.

Мәселен, өткен сенбі күні Темір аудандық орталық ауруханада  «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының I және IV бағыттары бойынша ауданға іссапармен келген облыстық жұмысшы тобы мүшелерінің қатысуымен семинар өткізілді. Семинарға медицина саласы қызметкерлері мен білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын психолог мамандар  шақырылды. Олар екпе алу мәселесін талқылап, діннің аражігі тұрғысында сөз қозғады. Қаралған мәселелерге байланысты облыстық топтың мүшелері  жан-жақты түсініктер берді.

Бұдан кейін  облыстық жұмысшы тобы мүшелерінің жұмысы Шұбарқұдық кентіндегі өзге мекемелерде жалғасты.  Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан жастарымен кездесті. Кездесу барысында дін мен дәстүрдің сабақтастығы әңгіме арқауына айналды. Жастарға  қоғамға қауіпті теріс діни ағымдар туралы түсініктер беріліп,  діни тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.

 Меңдіхан ӘДІЛХАНҰЛЫ,

журналист.

Темір ауданы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*