Басты бет » Құқық » Топтың кезекті кездесуі

Топтың кезекті кездесуі

Жемқорлыққа жол жоқ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастамасымен құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үгіт тобы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесті.

Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайыржан Тоқышев  жемқорлықтың алдын алу, осы бағыттағы стратегиялық құжаттар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы айтты.

Жемқорлыққа қарсы үш бағытта жұмыс жасау қарастырылған. Біріншісі — алдын алу шаралары жасалса, екіншісі — халықтың осы келеңсіз іске қарсы мәдениетін қалыптастыру, үшінші —  қатаң шара қолдану. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, қоғамның мемлекетке деген сенімін жоғалтатыны белгілі. Осыған байланысты Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әдістері кезең-кезеңмен жүргізіп келеді. Қазір мемлекеттік қызмет көрсету саласына  электронды жүйе енгізілді. Осының барлығы жемқорлықтың алдын алу үшін жасалған шара. Осы мәселелерге тоқталған  Қайыржан Тоқышев мобилді топтың негізгі мақсаты — жемқорлыққа қарсы халықтың мәдениетін қалыптастыру екенін айтты. Сондай-ақ департамент басшысы мемлекеттік органдарда жемқорлықты болдырмау үшін түрлі жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Мәселен, бұрынғыдай тек қана құқық қорғау емес, жеке, заңды тұлғалардан бастап,  барлық қоғам болып жемқорлыққа қарсы күреседі.  Арнайы мониторинг жүргізіледі.

Жалпы жемқорлыққа қарсы мобильді топтың құрамында облыстық, аудандық  мәслихат депутаттары, партия және қоғамдық ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері бар. Топ мүшелеріне арнайы көлік бөлініп, олар аудандарды аралап жүр. Бұған дейін Алға, Қобда, Мәртөк аудандарына барды.

 Алиса МАРИНЕЦ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>