Негізгі / Білім / Blog article: Балабақша мерекесі

Балабақша мерекесі

9 Ақпан 2010 | Пікір жоқ | Білім

«Таңшолпан» мектепке дейінгі ұйымы бір жасқа толды. Балапандардың екінші үйіне айналған балабақшаның мерекесіне тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары түгел жиналды. Балабақша директоры Х.Тайбукенова жиналғандарды ортақ тоймен құттықтап, ұйымның бір жыл бұрынғы тірлігін, кездескен қиындықтар мен жеткен жетістіктер туралы әңгіме қозғады.

Бүлдіршіндер би билеп, ән айтып, ата-аналарын қуантып, бір серпілтіп тастады. Балабақшаның тәлімгер тәрбиешісі Сәлима Сәндіғалиеваның мұнда қызы тәрбиеленіп жатыр екен. Әрі тәрибеші, әрі ата-ана. «Балаларға барлық жағдай жасалған. Таң атқаннан кеш батқанша осында жүреді. Олардың дамуы үшін қажетті жағдайдың барлығы бар», — дейді ол.

Жиналғандар лоторея ойнап, жас тәрбиешілер өздері шығарған өлеңдерін оқыды.

М.ТАБЫН.

Пікір жазу 181 рет оқылған бұл мақала, ал бүгін болса, 1 рет оқылды |

Пікір жазу