Басты бет » Мәдениет » Димаш “Евровидениеге” қатыса ма?

Димаш “Евровидениеге” қатыса ма?

4 айға созылған “Singer 2017″ ән байқауы да аяқталды. Жүзден жүйрік деп танылған отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайбергенов 2-орынды иленген еді. Бүкіл әлем жұртшылығының таңданысын тудырған отандасымыздың ендігі жоспарлары қандай? Көпшілік айтып жүрген “Евровидениге” қатыса ма? Осы жөнінде мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова sputniknews.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді.
– Димаш Құдайберген Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастыққа жаңа леп әкелді…
– Қытайлар Димашты екі ел арасындағы «алтын көпірге» теңейді. Олардың Димашқа деген қарым-қатынастары, көзқарастары өте жақсы. Қайда барсаң “Димаши” дегенді естисің. I am a singer байқауы Пекинде емес, Чанша қаласында өтсе де, Қытайдағы ең беделді жоба саналады. Егер аталған байқауға қатысып, кезеңнен кезеңге өтетін болсаң, сені бүкіл Азия таниды деп есептеуге болады. Димаш: “Жобаның бел ортасына дейін жетсем де жақсы”, – деген болатын. Желіде кейбір қазақстандықтар “Димаш Қытайдағы байқауға дейін өз Отанында бағаланбап еді”, – деп жазуда. Әлеуметтік желідегі пікірлер көңілге тиеді. Бірақ бұл жерде ешкім “қыстырылуды” қаламайды. Мемлекет бұған дейін де оған қаржылай қолдау көрсетті, оны “Славянский базар” байқауына (онда Димаш Гран-при жүлдесін иеленген болатын) жіберді. I am a singer-ге аттандырды, ол “Жас Қанат” байқауына қатысып, Гран-при жеңіп алды, ал бірінші курста оқып жүрген кезінде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. Үкіметтің концерттерінде де жиі бой көрсетті.
Мұны айтулы жетістік деп кеудемізді соқпаймыз. Талантты жастарды қолдау – біздің міндетіміз. Біз үшін әрбір талантты музыканттың, спортшының өнер көрсетуі – қуанышпен пара-пар. Осылай қуанып жатсақ, әлеуметтік желіде “министрлік енді оянып жатыр, олардың қатысы қанша?” деген сияқты сөздер айтылып қалады. Сонда біз неге қуана алмайды екенбіз?! Яғни, айтайын дегенім, Димаш бір күнде жарқ еткен, өзімізде мойындалмаған әнші емес. Мемлекет жас таланттарға қолдауын аяп жатқан жоқ.
– Айтқандай, “Singer-2017″ ән байқауы аяқталды, Димаш елге қашан оралады?
— Жоба аясында оның белгілі бір міндеттемелері бар. Байқаудың әрбір қатысушысы келісімге қол қойған болатын. Әлі де оның мерзімі аяқталған жоқ. Түрлі шараға қатысып жүргенін көріп жүрсіздер. Мұның барлығы байқаудың ережесі аясындағы жұмыс. Кеше Пекинде орталық концерт залдарының бірінде өткен концертке Айман Мұсаходжаева, өнер университетінің ұлттық фольклор ансамблі, камералық оркестр қатысты. Осы концертте Димаш та өнер көрсетті. 22 сәуірде тағы бір маңызды шараға қатысады, сосын бір үзілісте елге оралады. Оның жеңісіне арналған үлкен шара өткіземіз.
– Ақтоты Рахметоллақызы, сөз соңында Димаштың алдағы жоспары туралы айта кетсеңіз.
– Димаш Құдайберген Канн фестивалі аясында Қазақстанның павильонын таныстыру рәсіміне қатысады. Оны Францияға шақырды. Сонымен бірге, Димашты Америкаға оқуға жібермекпіз. Байқау кезінде ол Францияға барып қайтты. Онда белгілі бір съемкалар өтіп, келіссөздер жүргізілді. Жалпы, бүгінде көп жерден ұсыныс келіп түсіп жатыр екен. Ынтымақтастық туралы, оқу, тағылымдамадан өту, конкурстарға, шараларға қатысу бойынша ұсыныстар бар. 27 маусымда Астанада Димаштың үлкен концерті өтеді. Бүгінде бірнеше белгілі шетелдік әнші концертте өнер көрсететінін растады. Қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Қытайдан әншілер қатысады деп күтіп отырмыз. Әзірге, жуық арадағы жоспар осындай. Бұдан бөлек, “Евровидениеге” қатысты көп әңгіме айтылып жүр. Жалпы, біз үш жылдан бері өтініш беріп келеміз. Өкінішке қарай, бұл байқауға Еуропа елі ретінде қатыса алмаймыз. Олар біздің өтінішті белгілі бір құқықтық шектеуі бар қатысушы ретінде қарастыра алады. Біз Димаштың қонақ ретінде қатысуын ұсындық. Бірақ уақыт тығыз болып қалды, өйткені “Евровидение” мамыр айында өтеді. Ал Димаштың әзірге қытайлық арнаның алдындағы міндеттемелері бар. Биыл болмаса, келесі жылы біздің өтінішімізді қарастырады деген ойдамыз. Олардың қонақ ретінде болса да Димаштың қатысуына қызығушылығы бар. Өздеріңіз білесіздер, әлеуметтік желіде көп жазылып жатыр. Егер Лара Фабиан секілді әйгілі әнші өзі құттықтап жатса, басқа да адамдар естіді деп ойлаймыз.
Естеріңізге сала кетейік, “Singer-2017″ байқауының ақтық кезеңіне қазақстандық ресми делегация Димашты қолдауға барды, делегация құрамында мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова да болған еді.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>