Басты бет » Әдебиет » Жіңішке

Жіңішке

Кім жүр дейсің күмәнсіз жолын біліп,
Сан түрлі соқпақ берген соныңды ұғып.
Өткен жазда қан сіңген көшелерді,
Жалғыз ие алды ма шомылдырып?!

Мал ашуы – күйзелтер күрсінерсің,
Шығын көрген дәл сендей кім түнерсін?!
Ылаң салған лай беті қызармасын,
Шығын толар, ақ орда үй тігерсің.

Суға кетсең қарманар терек жоқ па?!
Қолыңды соз ел болам елең шақта.
Жайыңды ойлап барады жаным шығып,
Жалтақтаумен Қарғалы, Елек жаққа.

Жіңішкемен шыдамым жіңішкеріп,
Жан қысылып барады, тыныс кеміп.
Қолыңды соз, қазағым, əр жалғызға,
Сынап отыр қаншама ұлыс көріп.

Дүлей дауыл, от пен су тас керең ғой,
Көңілдерден қыс кетер көктегенде ой.
Қолыңды соз, ол сенің қазағың ғой,
Қолыңды соз, ол менің Ақтөбем ғой.

Шайған суды тазалар сарқып елім,
Тағдыр өзен бетінде қалқып едің.
Қар суы жуындырған Ақтөбемнен,
Қан иісі шықпаса екен.
Бар тілегім.

Сəтжан Дəрібай.

(Фейсбук парақшасынан)

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*