Басты бет » Ресми » ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың өкімімен Рузия Әдиетқызы Айдашева қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды

1961 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын қаржы және несие біліктілігі бойынша аяқтаған. Батыс Қазақстан облысы Семиглавомарск аудандық мамандандырылған ауыл шаруашылығы бірлестігінде бухгалтер, Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің аға экономисі, бас маманы, бөлім басшысының орынбасары, мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының Ақтөбе облыстық филиалы басшысының орынбасары, Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары, «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы, «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ басшысы, «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ төрайымы болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы болып жұмыс жасады.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*