Басты бет » Жаңалықтар » Димаш Құдайберген “Халықаралық дәрежедегі танымал әнші” номинациясын жеңіп алды

Димаш Құдайберген “Халықаралық дәрежедегі танымал әнші” номинациясын жеңіп алды

Димаш Құдайберген Қытайдың Шэньчжэнь қаласында “Халықаралық дәрежедегі танымал әнші” номинациясын жеңіп алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримов Қытай елінен хабарлады. Осы байқаудың номинациясын жеңіп алғаннан кейін, Димаш “Ұмытылмас күн” әнін орындады.
“Ассалаумағалейкүм құрметті барша өнер сүйер қауым, сіздерге шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер, осынау керемет кештің ұйымдастырушылары және мені қолдап демеушілік еткен барша жақындарым сонымен қатар өзімнің командама шын жүректен рақметімді білдіргім келеді”, – деді Димаш сахна төрінде.
Осыған дейін, қазақстандық әнші әлеуметтік желіде осы байқаудың номинанты болғанын жарилаған еді, “Shenzhen қаласы “17th Top China Awards” – тың ресми кілемінен өттім. Бүгін “Халықаралық дәрежедегі танымал әнші” номинациясынан үміттімін! Мені қолдап келген барша құрметті жанкүйерлерім, Dears, Сіздерге мың раxмет!!! ❤️”, – деп жазды Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында.
“Сүйінші!!! Достар!!! 17th China Music Awards шарасында Димаш Құдайберген @kudaibergenov.dimash “Халықаралық деңгейдегі әнші” жүлдесіне ие болды!!! Құтты болсын!!! Досыыыыыыыыыыым, жеңіс құтты болсынннннн!!!, – деп жазды Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримов Instagram желісіндегі парақшасында.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*