Басты бет » Жаңалықтар » Қос қарияның батасы

Қос қарияның батасы

Биыл Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін Ақтөбе қаласындағы Алтай батыр көшесінің тұрғындары ерекше тойлады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерекелік шараға адамдар көп жиналды. Үлкендер жағы бір-бірін мерекемен құттықтап, амандық-саулық тілеп, төс қағыстырды. Ал балалар ойын ойнап, мәз болысты.

Ақ дастарқан басына жиналған тұрғындар наурызкөжеден дәм татып, ыстық бауырсақтан ауыз тиді. Сондай-ақ мерекеде тұрғындар ошақ жағып, палау пісіріп, қыз-келіншектер самаурынға шай қайнатты.

Мерекеде көршілер ұлттық киім киіп, бір-біріне жаңажылдық тілектерін айтып жатты.

Алтай батыр көшесінің тұрғыны Әлия Жаманбаева бұл күні көршілеріне наурызкөже әзірлепті. Ол наурызкөжесіне сүрленген жылқының етін, тары, күріш, сүт, ірімшік, мейіз  қосып дайындапты. Дәмі тіл үйіреді.

— Наурызды жыл сайын тойлаймыз. Биыл көшенің тұрғындары болып атап өтіп жатырмыз. Наурыз — береке мен молшылықтың, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Сондықтан мерекелік дастарқанға наурызкөже әзірлеп әкелдім. Қазақта «Ұлыс оң, ақ мол болсын!» деген сөз бар. Сондықтан тауық жылы молшылық жылы болсын, — деп тілегін білдірді ол.

Мерекелік дастарқан басында Дастан ақсақал мен Теңіз ақсақал жиналғандарға ақ батасын берді. Қос қария көше тұрғындарына татулық пен ынтымақ, Қазақстан халқына амандық пен береке-бірлік тіледі.

Данагүл ҚАЗИХАН.   

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*