Басты бет » Жаңалықтар » Ақтөбе Димашты күтіп алды (фото,видео)

Ақтөбе Димашты күтіп алды (фото,видео)

Бүгін Ақтөбе жұртшылығы Димаш Құдайбергенді әуежайдан күтіп алды. Димашты жанкүйерлерімен бірге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қарсы алды.

Жиналғандар Димаштың орындауындағы әндер мен Әнұранды орындап ерекше көңіл күй сыйлады.

Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаевтың айтуынша, Қытайдан келген арнайы түсірілім тобы  бір күн бойы жерлесіміздің туған жерін, білім алған оқу орындарын түсірмекші.

Сондай-ақ Димашқа қолдау білдіру мақсатында өзі білім алған Ақтөбе музыкалық колледжінің ұстаздары мен оқушылары да түгелдей жиналды.

Мен Димашты бала кезімнен танимын. Қытайда өтіп жатқан байқауда шын жүректен сәттілік, шығармашылық табыстар тілейміз. Біздің өңіріміздің атын асқақтатып, колледжімізге  есімі берілген Ахмет Жұбановтай белгілі тұлға болсын, – дейді Ақтөбе музыкалық колледжінің 4-курс студенті Әмин Ибрахим.

5 пікір

  1. Молодец Димаш! Когда он поет, он оживляет все песни своим пением!!! Удачи! Шаршаганы коринип тур. Онай емес!

  2. Димаш балам қуанышта шек жоқ Еліңнің атын əлемге танытқан азаматтығыңнан айналайын Халқыңның алғысы шексіз Жарқырай бер!

  3. Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ

    Елдің атын ер шығарар!
    Димашқа ризамыз!

  4. Қазақтың абройын дүбірлі өнер додасында асқақтатқан Димашты Бердібек пен Ілияс ағалары бастап ұстаздары мен жерлестері ҚР Әнұранымен құшақ жая қарсы алғандары “Алыстан алты жастағы бала келсе алпыстағы шалда барып амандасады “,-деген ұлттық ғұрпымызда оған білдірілген құрмет.Яғни “Өзіңді өзің сыйласаң жат жанынан түңілер ” дегеннің шынайылығы болды. Өкініштісі, Өз ұлдарын дәріптеп дәрежелеуге астаналықтардың Кісіліктері жетпегені қалай ? Осындай да Қадыр Мырза Әлидің : ” Кісілік кісі таңдамайды.Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап,ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір де біреуін жатырқамайды.Бірақ ол екінің біріне,адамның адамына ғана,соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет “,- дегені еріксіз ойға оралады.

  5. Берік Дәндібаев

    тіл көзден аман етсән алла жар болсын біз тілекшәмәз алға ұлы дала баласы

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*