Басты бет » Жаңалықтар » Димаш Қытайдағы байқауда бақ сынайды

Димаш Қытайдағы байқауда бақ сынайды

«Славян базары» байқауының жеңімпазы, жерлесіміз Димаш Құдайберген Қытай Халық Республикасының орталық «Hunan TV» телеарнасы ұйымдастырған «Мен әншімін» («I am singer») байқауына қатысып жатыр. 2 миллиард көрермен тамашалайтын байқауға  бұрын-соңды еліміздің атынан ешкім қатысып көрмеген.

Димаштың өзі, сәйкесінше, қазіргі таңда сол мемлекетте жүр. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол бұл туралы былай деп жазады:

— Құрметті Қазақ елі, достарым, тілектестерім! Биыл Қытай еліндегі танымал әншілер өзара бақ сынайтын «I am singer» («Мен әншімін») деген байқауға қатысқалы жатырмын! Күллі әлем мойындаған әншілермен бір саxнада қарсылас болып, қазақ атын баршаға жар салу — мен үшін үлкен мәртебе! Жаңалықтармен бөлісіп отырамын! Ақ тілектеріңіз бен қолдауларыңыз үшін мың алғыс!

Бізге бір белгілісі, осымен 5-ші маусымы шымылдығы түргелі отырған телевизиялық байқауға биыл 7 әнші қатыспақ. Оның бәрі де өз елінде танымал болған талантты жандар. Солардың арасындағы біздің Димаш — ең жас қатысушы.

Жас әншінің анасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаеваға хабарласқанымызда, бүгін (сейсенбі күні телефон шалдық — А.С.) — байқаудың бірінші күні екенін білдік.

— Димаш бұған дейін байқаудың біраз іріктеуінен өтіп, Қытайға барып-келіп жүрді. Бірақ біз оның барлығын құпияда ұстадық. Ұйымдастырушылардың шарты сондай. Кеше ғана, міне, солар Димашты қатысушы ретінде күллі халыққа ресми түрде таныстырды. Байқаудың бірінші сыны бүгін басталады, — дейді Светлана Айтбаева.

Өз кезегінде біз Димаштың аталған байқауда жұлдызының жануына тілектестігімізді білдіреміз.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*