Басты бет » Жаңалықтар » Ақтөбе қаласының басқару құрылымына өзгерістер енгізілді

Ақтөбе қаласының басқару құрылымына өзгерістер енгізілді

Қала шаруашылығын басқарудың тиімділігін, қала әкімдігі алдында тұрған облыс орталығы мен ауылдық округтер елді мекендерінің тіршілік-тұрмысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешудің жеделділігін арттыру мақсатында, Ақтөбе қалалық мәслихатының шешіміне және Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес жаңа жылдан бастап қаланы басқару саласында өзгерістер енгізілді.

Мәселен, бұрынғы «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ орнына екі дербес мемлекеттік мекеме — «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ және «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ құрылды.

«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ мен «Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-ға да қатысты өзгерістер болды. Бұл екі мекеме базасында «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ және «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» ММ құрылды.

Айта кету керек, қаланы басқару жүйесіндегі өзгерістердің бәрі де штаттық бірліктегі шекке сәйкес және қосымша бюджет қаржысы бөлінбей жүргізілді.

Жаңа мекемелердің басшылары тағайындалды.

«Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып бұрын «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеген Руслан Төреғали тағайындалды.

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы болып «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының орынбасары болған Талғат Мадьяр тағайындалды.

«Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы болып бұрын «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» басшысы болған Еркебұлан Сағынғанов тағайындалды.

«Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» ММ басшысы болып бұрын «Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-сін басқарған Серік Нәби тағайындалды.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>