Басты бет » Басты жаңалықтар » Бірлікке шақырған Рождество

Бірлікке шақырған Рождество

Ақтөбедегі православ христиандары Рождество мерекесін атап өтті. Мереке күні  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов Әулие-Николь кафедральді соборында ақтөбеліктерді мерекемен құттықтады.

Ғайса пайғамбардың туған күнін жыл сайын атап өтетін христиандар бұл мерекені ренжіскендерді татуласуға, бір-біріне кешіріммен қарауға үндейтін, бірлікке шақыратын күн ретінде қадірлейді. Олар мерекеге  40 күн бойы дайындалады. Ал дәл мереке күні шіркеуге барып, Аллаға құлшылық етіп, өлілердің аруақтарына дұға етіп, тілек тілеп, шырақ жағады. Мереке күні проваслав дінін ұстанған ақтөбеліктер қаланың бас шіркеуі Әулие-Николь соборында бас қосты. Жиналғандарды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

Жаңа жылды жарқын мерекемен қарсы алып отырмыз. Бұл мереке адамдардың бойына сенімнің, үміттің, сүйіспеншіліктің сәулесін дарытады, ізгілікке үндейді. Мереке сіздердің әрбіреуіңіздің отбасыларыңызға қуаныш алып келсін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!

Өткен жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл болды. Барлығымыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойладық. Осы уақыт ішінде Қазақстан әлемге үлгі бола білді. Елбасымыздың көреген саясатының арқасында еліміздегі әртүрлі ұлттар бір шаңырақтың астында тату-тәтті тұрып жатыр. Қазақстанның ең бірінші байлығы — осы, яғни татулық, бірлік, береке. Мемлекет еліміздегі барлық ұлттың діни сеніміне құрметтпен қарайды. Елбасының Жарлығымен Рождество ұлттық мереке болып белгіленді. Мерекені барлық қазақстандықтар атап өтеді. Сол секілді Құрбан айт мейрамын да барлығымыз ауызбіршілікпен қарсы аламыз. Сондықтан елімізде тек бейбітшілік пен ынтымақ болсын, — деді облыс әкімі.

Әулие-Николь кафедральді соборының діни қызметкері, иеромонах Нектарий өңір басшысына алғысын айтып, естелік кітап сыйлады.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>