Басты бет » Жастар » Әрі жұмысшы, әрі төраға

Әрі жұмысшы, әрі төраға

ЕҢБЕК АДАМЫ

 Таяуда ғана Астанада Елбасының қатысуымен өткен республикалық жастар форумына ақтөбелік жұмысшы жастар да барды. Олардың қатарында Айдар Қазбаев бар.

— Өзім Тәуелсіздіктің құрдасы болғандықтан, ел егемендігінің 25 жылдығына орайластырылған осынау шараға шақырылғаныма өте қуаныштымын. Әрі оған ел Президентінің қатысатынын естігенде, бұның үлкен мәртебе екенін түсіндім. Жастар форумында Қазақстанның әр түкпірінен келген өзім секілді жаспен танысып, пікір алмасқанның өзі неге тұрады? Сондықтан бұл шарадан ұмытылмас әсер алдым деп айта аламын, — деп сөзін бастаған Айдар «Восход-Oriel» ЖШС-да 5 жылдан бері жұмыс істейді. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің тау-кен электромеханикалық жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету мамандығының түлегі кәсіпорында 800 жұмысшының барын жеткізді. Оның 35 пайызын жастар құрайды екен.

Жоғары сапалы хромит қазбаларын жер астынан тауып, оны өңдеп, сұрыптаумен айналысатын өндіріс орнында талантты қыз-жігіттер де көп көрінеді. Айдар өз сөзінде ресейлік «ТНТ» телеарнасы ұйымдастырған бишілер байқауына қатысып, соның финалисі атанған әріптесі, шахтадағы жұмысшы Мерлан Жолымовпен мақтанатынын атап өтті. Компанияның жанынан құрылған «Восход» жастар кеңесінің төрағасы Айдар өзі секілді жастардың құқының бұзылмауына, олардың барлық мәдени-спорттық шараларға да қатысуына қолдан келгенше күш салып жүргенін қосты.

 Айбек ТАСҚАЛИЕВ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>