Басты бет » Денсаулық » Позитронды-эмиссионды томография орталығы ашылады

Позитронды-эмиссионды томография орталығы ашылады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында облыс әкімдігі GE Healthcare компаниясымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қазақстанда бірінші болып позитронды-эмиссионды томография орталығын құру туралы меморандум жасады деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ресей/ТМД елдеріндегі GE Healthcare бизнесті дамыту және сату жөніндегі аймақтық жетекшісі Леван Баканидзе қол қойды.

— Ақтөбе облысының әкімдігі Қазақстанда денсаулық сақтау саласында халықаралық стандарттарды қолдану бойынша жұмыстарды жалғастырады. Біз GE Healthcare-мен денсаулық сақтау тиімділігін көтеру және облыста емделушілерге жоғары біліктіліктегі көмек көрсету бойынша аймақтың ағымдағы және стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған ынтымақтастықтың басталуына қуаныштымыз. Бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында өңірде GE Healthcare жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша бірыңғай орталықтандырылған сервистік келісімшарт жасау мүмкіндігін қарауды жоспарлаудамыз, — деп атап көрсетті аймақ басшысы.

— GE Қазақстанмен денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті мақтан тұтады. Біз медициналық мекемелерді жоғары дәлдіктегі диагностикалық жабдықтармен жарақтандыру — орталықтарды жобалау мен жарақтандырудан бастап, толық сервистік қолдау және қазіргі заманғы аппаратурамен жұмысқа медицина қызметкерлерін оқытуға дейін жұмыстардың толық тізбегін жүзеге асырамыз. Терең технологиялық сараптаманы игере отырып, біз Ақтөбе облысының инфрақұрылымдарын жаңғыртуға өз үлесімізді қосуға әзірміз. Облыстық позитронды-эмиссионды томография – компьютерлік томография орталығы жұмысын ұйымдастыру онкологиялық сырқаттарды ерте диагностикаға және емдеудің оңтайлы курсын дер кезінде тағайындауға мүмкіндік береді,— деді өз кезегінде Ресей/ТМД елдеріндегі GE Healthcare бизнесті дамыту және сату жөніндегі аймақтық жетекшісі Леван Баканидзе.

Меморандумды қолдану аумағында облыстың инфрақұрылымдарын дамыту және жаңғырту мәселелері қамтылады деп күтілуде. Бұл ретте онкология саласында позитронды-эмиссионды компьютерлік томография жасау үшін облыстық ядролық медицина орталығын құру, белгіленген диагностикалық жабдықтарға сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, Қазақстан емдеу мекемелері жұмысының тиімділігін көтеру үшін кешенді сандық шешімдерді қолдану секілді шаралар көрсетілген.

Денсаулық саласы мамандарының клиникалық білімдері деңгейін көтеру аясында тараптар тұрғындардың дер кезінде тексеруден өтуге қатысты хабардарлығын көтеру және сүт безінің қатерлі ісігі скрингі аумағында кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталған бірлескен танымдық бағдарламалар құру мүмкіндігі туралы келісті.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*