Басты бет » Жастар » Жастар және қылмыс

Жастар және қылмыс

Конференция

 «Капитал плаза» бизнес орталығының конференция залында «Қоғамдық құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру» тақырыбында облыстық ғылыми конференция өтті. Жиынды «Ақтөбе дамуы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Конференцияға ішкі істер, білім, денсаулық сақтау салаларының өкілдері қатысты. Мақсат  — жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, әрбір тұрғынның қоғамдағы қылмысқа қарсы белсенділігін көтеру. Жиында облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Нұржамал Тұржанова:

— Мемлекеттік тапсырыс аясында биыл арнайы жоба қолға алынды. «Ақтөбе дамуы» қоғамдық бірлестігі осы жобаны жүзеге асыруға күш салды. Негізгі мақсат — жастарды қылмыстан аулақ болуға шақыру, ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алу. Егер сіздердің қандай да бір ұсыныстарыңыз болса, ортаға салуларыңызға болады, — деді7

Сондай-ақ  М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кафедра меңгерушісі Нұрлан Жетпісбаев, ішкі істер департаменті ювеналды полиция бөлмінің аға инспекторы Ләйла Құрманбекова қоғамдық құқықыбұзушылыққа қатысты баяндама жасап, өз пікірлерін білдірді.

Қоғамдық бірлестіктің директоры Жанна Әділханованың айтуынша, бірлесе жұмыс істеу мақсатында жыл соңында ішкі істер департаменті және өзге де тиісті орындармен меморандумға қол қойылады.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*