Басты бет » Билік » 2 бос лауазымға 10 үміткер құжат тапсырды

2 бос лауазымға 10 үміткер құжат тапсырды

Конкурстық комиссия

Осы аптада Ақтөбе қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлермен әңгімелесу өткізу бойынша конкурстық комиссия отырысы өтті.

Конкурстық комиссия төрайымы, қала әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) басшысы Салтанат Баекенованың айтуынша,  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, биыл 21 шілдеде қала әкімдігі аталған бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында және қалалық әкімдіктің ресми сайтында жалпы конкурс жариялады. Осы уақыт аралығында конкурсқа қатысу үшін 10 үміткер құжаттарын тапсырды.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету үшін комиссия жұмысына бақылаушы ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Г.Бисекешева, Ақтөбе қалалық мәслихатының бөлім басшысы М.Ершіге және «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Мырзалин шақырылды.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес конкурстық комиссия бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазым үшiн үмiткерлерге мiндеттi түрде және бiрдей көлемде қойылатын сұрақтардың тiзбесiн бекiтедi. Yмiткердiң кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурстық комиссия бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi қызметтiң лауазымдық нұсқауларына сүйенедi. Әңгімелесу қорытындысы бойынша конкурстық комиссия ашық дауыс беру жолымен шешім қабылдайды.

Конкурс өткізу жөніндегі хабарландырудың барлығы қолжетімді, яғни ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің интернет-ресурсында (www.kyzmet.gov.kz) және Ақтөбе қалалық әкімдігінің ресми сайтында (www.akimataktobe.gov.kz) «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналастырылған.

А.НҰРБАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>