Басты бет » Денсаулық » Мың жастың медеуі

Мың жастың медеуі

Облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Кеңес» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық қан орталығында «Көмек қолын соз» донорлық акциясы өткізілді. Шараға Ақтөбе қаласындағы жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының студенттері мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, мақсат — студент жастарды адамгершілікке тәрбиелеу және донорлық қанға мұқтаж жандардың өмірлерін сақтап қалуға өз үлестерін қосуға шақыру. Оларға қан беруші адам көптеген қанға мұқтаж жандардың өмірін сақтап қалу үшін, өзінің қанының бір бөлігін беру арқылы қайырымдылықтың игі қадамын көрсететінін түсіндіру.

— Акцияға ұзын саны мыңға тарта адам атсалысты. Бұның дәстүрлі шара екенін, оған негізінен жыл сайын қатысатындардың қатары өзгеріссіз қалатынын ескерсек, бұл — қуантарлық жағдай. Яғни қыз-жігіттердің өздері сұранып, қан тапсыруға ниеттеніп келеді. Осындай қайырымды, ізетті өскелең ұрпақтың саны жыл өткен сайын көбейіп жатқанына ризамыз, — дейді облыстық жастар ресурстық орталығының жастар бастамаларын жүзеге асыру және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Данияр Ізбасаров.

 

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*