Басты бет » Жаңалықтар » Енді олар өз кәсібін бастайды!

Енді олар өз кәсібін бастайды!

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Ақтөбе облыстық филиалында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған шара өткізілді.
Аталған қордың «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында «Халық Банкі» «АLEKS ASU» ЖШС, «Акрас Металл» ЖШС, «Нұрлы Мұнай» ЖШС секілді өзінің серіктестерімен және «Халык Life», «Казахинстрах», «Халык Инкассация» еншілес ұйымдарымен бірлесе отырып 10 адамға көмек көрсетті. Олардың қатарында Хромтау, Шалқар, Темір, Ойыл және Қарғалы аудандарының, Ақтөбе қаласының тұрғындары бар. Өз кәсібін бастаған мүгедек азаматтарға жұмыстарына қажетті жабдықтар тегін берілді.
— Мәселен, хромтаулық Ракия Салықбаева мен шалқарлық Гүлнұр Бекмырзаева тігін машиналарымен, темірлік Болатбай Барбосынов тоңазытқыш жөндеуге арналған құралдармен, ойылдық Дархан Дүйсенов аяқкиім жөндеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етілді. Тағы да бірнеше азаматқа өз ісін бастау үшін пластикалық терезелер өндірісіне, кілт жасауға арналған құралдар, ноутбуктер тапсырылды, — дейді «Даму» қорының облыстық филиалының бас менеджері Әліби Сабыр.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*