Басты бет » Денсаулық » Демікпеден дер кезінде айық

Демікпеден дер кезінде айық

Соңғы жылдары бронх демікпесімен ауыратындар саны жиілеп кетті. Мұны негізгі үш фактормен байланыстыруға болады. Біріншіден, аллергиялық реактивтіліктің жоғарылауы. Екіншіден, химиялық өнеркәсіптердің дамуымен, қоршаған ортаның ластануымен және тағы басқа жағдайлармен қатынастың жоғарылауынан аллергендермен байланыс артты. Үшіншіден, бронх демікпесінің дамуына ықпал етуші тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларының жиілеуі. Сонымен бірге аурудың жастық құрылымы да өзгереді. Қазіргі таңда бронх демікпесімен ауыратын науқастардың 44 пайызы қарт және егде жастағы адамдар. Қарт және егде жаста аурудың инфекциялық аллергиялық түрі жиі кездеседі. Ол көбіне тыныс алу мүшелерінің қабыну ауруларының, яғни созылмалы пневмония, созылмалы бронхиттің нәтижесінде туындайды.
Бронх демікпесі науқастарда көбінесе созылмалы ағымда кездеседі және физикалық күш түскенде үдейтін, тұрақты қиналдыратын ысқырықты тыныс және ентігумен сипатталады.
Кезеңді түрде өршу тұншығу ұстамасының туындауымен байқалады. Аз мөлшерде ашық түсті, қою, кілегейлі қақырықты жөтел пайда болады.
Жас кезінде бір рет туындаған бронх демікпе қартайған уақытта да сақталуы мүмкін. Бұл кездегі бронх демікпесінің ұстамасы өткір ағымының төмендігімен ерекшеленеді. Аурудың ұзақ уақыт жүруіне орай, өкпеде (обструктивті эмфизема, созылмалы бронхит, пневмосклероз) және жүрек тамыр жүйесінде (өкпе текті жүрек) айқын өзгерістер байқалады.
Бронх демікпесі кезіндегі ем аурудың сипатына қарай жүргізіледі. Тұншығу ұстамасын, аурудың асқынуларын басуға арналған дәрі-дәрмектер дәрігердің тағайындауы арқылы қабылдануға тиіс.

Әлия НИЗАМУТДИНОВА,
Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және
көші-қон комитетінің Ақтөбе
облысы бойынша департаментінің
№4 медициналық-сараптама бөлімінің бас маманы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*