Басты бет » Мереке » Құттықтау

Құттықтау

Құрметті Бердібек Машбекұлы!
Қадірлі ақтөбеліктер!
«Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымет ғана емес, парасатымен ел билеген Әбілқайыр хан мен қол бастап елін қорғаған, бейбіт заманда жол бастап жерін көркейткен Тілеу батырға арналған ескерткіштердің Ақтөбе өңірінде бой көтеруі — елдіктің үлгісі, халқымыздың өр рухы, өрелі қалпының белгісі.
Барша ақтөбеліктерді санаға — нұр, кеудеге қуат беретін, тарихи жадыны жаңғыртып, ұлттық сананы оятуға сеп болатын ескерткіштердің ашылуымен шын жүректен құттықтаймыз.
Бұл ескерткіштердің еңсе тіктеуі — ең алдымен, батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың есімін ел жадында қайта жаңғырту.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында: «Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ ұрпағы оны әрдайым орынды мақтан ететін болады» деген болатын.
Азаттық жолында атқа қонған Әбілқайыр хан да, Тілеу батыр да қазақ халқы мақтан тұтар ұлы тұлғалар.
Тәңірі бойларына ерекше күш-қуат дарытқан батыр бабалар есімінің жүзжылдықтар өтсе де ұмытылмай, ұрпаққа ұран, ұлтына мақтан болып тұрғаны да сондықтан.
Тарихы терең өңірде дамыл тапқан баһадүр бабаларға арналып салынған ескерткіштер өңірдің архитектуралық келбетіне сән беріп қана қоймай, жастардың, ақтөбеліктердің, тұтас қазақстандықтардың тәу етер киелі мекеніне айналсын.
Бүкіл елдің рухын көтерер ескерткіштеріңіз еңселі, бірліктеріңіз бекем, тірліктеріңіз тату болсын!
Құрметпен,
Қызылорда облысының әкімі
Қ. КӨШЕРБАЕВ.
Қызылорда, 2015 жылғы қазан.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*