Басты бет » Әлеумет » «Қолжетімді тұрғын үй — 2020». кімдердің қолы жетеді?

«Қолжетімді тұрғын үй — 2020». кімдердің қолы жетеді?

Жыл сайын елімізде тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында баспана алуға жағдай жасау мүмкіндігі артып келеді. Баспананың қадірін пәтерден-пәтерге ауысып, жалға төленетін ақыға жұмыс істеп, бір ай бойы төккен маңдай терін пәтерақыға төлегендерден артық білетін жан болмас. Дегенмен қазақстандықтар үшін бас ауруына айналған баспана мәселесі, бұйырса, алдағы жеті жылдың ішінде шешімін табады.

Елбасы Үкіметке 2020 дейінгі «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын нақтылау міндетін жүктеді. Жалға берілетін тұрғын үй алаңын жыл сайын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажеттілігі Елбасы Жолдауында айтылды. 

Баспанасыздықтың тауқыметін тартып жүрген жандарды «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясын­да баспанамен қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін қарастырған құжаттың екі бағыты бойынша жұмыс жүргізуді қолға алған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жалпы тұтынушыларға үйлі болудың жаңа әрі оңтайлы жолдарын ұсынды. Банктің жаңа бағдарламаларын пайдалануға әрбір адамның мүмкіндігі барын жергілікті атқарушы органдарға халыққа түсіндіру тапсырылды. Бұл жұмыстар облыс аумағында қалай жүргізіліп жатқаны, болашақта 2020 жылға дейін жоспарланған бағдарлама аясында қанша үй салынатыны туралы және басқа да баспанаға қатысты мәселелерді зерделеп көрдік. Әлқисса…

 

Баспанаға әркімнің бар таласы

Алдымен «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» дегеніміз қандай бағдарлама, оған кімдер қол жеткізе алатынына тоқталайық.

Мемлекет тәуелсіздігін жариялағаннан соңғы қиындықтарды өткеріп, ел ес жиғаннан кейін тұрғын үй құрылысы Қазақстанның болашаққа жоспарлаған даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болды.

Екі мыңыншы жылдардың ортасынан бастап үкімет бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылдап, осы бағыттағы заңнамалық актілерге тұрғын үйдiң жалға берiлетiн секторын дамытуға қолайлы жағдай жасауды көздеген өзгерістер енгізді. Бұдан бұрын қабылданған тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға, 2008-2010 жылдарға және 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламалары қарапайым халық үшін аса тиімді бола қойған жоқ. Материалдық жағынан алып қарасақ, тұрмысы орташа деуге келетін тұрғындардың негізгі бөлігі үшін тұрғын үйді толық қолжетімді  ету мүмкін болмады. Жас отбасыларды, белгілі бір категорияға жататын азаматтарды баспанамен қамтуға келгенде де бұрынғы бағдарламалар уақыт талабына жауап бере алмады.

Осы мәселені шешу үшін Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында құрылыс саласында қолданылып жүрген бағдарламаларға тексеру және талдау жүргізуді, олардың негізінде жыл сайын жалға берілетін тұрғын үйдің көлемін 1 млн. шаршы метрге жеткізуді және сатып алу құқығымен жалдау тетігін, сондай-ақ құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі кешенді шараларды көздейтін бірыңғай «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Содан кейін, өткен жылы шілдеде ел Үкіметі әркімнің таласы бар баспанаға кез келген адамның қолы жететіндей етіп мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Қазір оның барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бағдарлама шеңберінде жергілікті атқарушы органдар аймақтарды жаңа үйлердің құрылыс алаңына айналдырмақ. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатылатын кредиттік баспана салудың жаңа схемасы, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту, екінші деңгейлі банктерді тарту жолымен коммерциялық тұрғын үйлер салу, «Самұрық-Қазынаның» жылжымайтын мүлік қоры арқылы үй салу көзделген. Бағдарлама бойынша жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу бірінші орынға қойылады. Тұрғындар қазірден бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарына және Ақтөбе қаласының Алтынсарин көшесіндегі (№2 үй) қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты тұрғын үй қорын есепке алу секторына өтініштерін апарып, тізімге тіркелуге талаптануда. Екіншіден, үйлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша берілетін барлық тұрғындарға және жас отбасыларға арнап салынады. Бағдарламаның осы тұсына көбірек тоқталайық. Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жас ерекшелігіне қарамастан, табыс көзі бар, жұмыс істейтін әр адам еліміздің кез келген аумағынан үй сатып ала алады. Ол үшін банк салымшыларына ұсынылатын тарифтер бойынша ұзақ мерзімге жалға алып, кейін төлеп құтылу, үш жыл бойы банктегі шотына қаражат жинақтау, баспана құнының 50 пайызын шотқа салып, қалған 50 пайызын несиеге алу немесе ешқандай жинақ ақшасыз пәтер құнының 70 пайызын банктен 10 пайыздық үстемемен несиеге алу сияқты жеңілдіктерді қолдануға мүмкіндік бар.

Ал некеде тұрғанына екі жыл толған, жастары жиырма тоғыздан аспаған жас отбасылар үшін арнайы бағдарлама қабылданып отыр. Олар белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттарын көрсеткен жағдайда пайыздық үстемесі жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, жалға алған пәтерін кейін өзіне алып қалуы үшін өтемақысын оңай төлей алады.

 

22300 салымшының үміті

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Гүлнар Дабылованың айтуынша, қазір банк жаңа бағдарлама бойынша баспаналы болуға талаптанған салымшылардың өтініштерін қараумен, салымшы тарту, талаптарды түсіндіру жұмыстарымен айналысуда.

— Бүгінгі таңда облыстың 22300 тұрғыны — біздің салымшымыз. Соңғы екі-үш жылдың ішінде салымшылардың саны үш есе артты деуге болады. «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасы қабылданбас бұрын да екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелеу талаптарымен танысқан тұрғындардың көбісі баспана алу үшін ең тиімді тәсіл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болу екеніне көз жеткізіп келді. Енді Елбасы міндеттеп жүктеген жаңа бағдарлама біздің тарапымыздан тұрғындардың баспаналы болуына көмектесу мүмкіндіктерін кеңейте түсті.

Бүгінгі күнге біздің банк филиалы арқылы 2860 салымшы 8 миллиард 547 мың теңге несие алып, баспанаға қол жеткізіп отыр.

Енді жаңа бағдарламаның екі бағыты бойынша жұмыс істейтінімізді түсіндіріп жатырмыз. Бірінші бағыты бойынша несиесін төлеп құтылуға қабілеті бар кез келген адам бізге өтініш бере алады. Екінші бағыты бойынша жас отбасылардың үйлі болуына мүмкіндік береміз, — дейді Гүлнар Дабылова.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың ықпалымен салынған үйлерді алдымен банк сатып алады да, жеңілдетілген пайыздық үстемемен ұзақ мерзімге салымшыларына сатады, жалға береді. Осы уақытқа дейін салымшылары 393 пәтердің иесі атанған банк филиалы өткен жылы бюджетке 2 миллиард теңгеден астам ақша аударған.

 

«Нұр Ақтөбенің» алғашқы тұрғындары

Биыл маусым-шілде айларында Хромтау мен Орск трассаларының қиылысы маңында салынып жатқан «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивінен «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасына қатысушыларға арналған алғашқы үйлердің құрылысы аяқталады. Осы аптада «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанынан үйлер құрылысының сапасын бақылайтын арнайы комиссия құрылды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сол жерден 607 пәтерді алып, клиенттеріне бағдарлама бойынша қол жеткізу мүмкіндігін жасамақ. Негізі 226 мың тұрғынға арналған қалашықтың құрылысы алдағы 15-20 жылға жоспарланып отыр. Жалпы, 2013-2020 жылдарға арналған тұрғын үй салу жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласында 3 089,0 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Қазіргі күні жергілікті атқарушы органдарға барып, баспаналы болу үшін кезекке тұрған адамдардың жалпы саны — 15 558 адам.

Облыстық құрылыс басқармасындағы тұрғын үй мониторингі бөлімінің бастығы Нина Бауманның айтуынша, Ақтөбеде «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасының Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы несиеге берілетін, әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтарға және жас отбасыларға кейін сатып алу жолымен жалға берілетін, «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы, «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ негізінде, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы, коммерциялық және жеке тұрғын үйлердің салынуы сияқты сегіз бағыты бойынша 2012-2020 жылдардың жоспары аясында 4374,2 мың маршы метр үй салынады.

— Ел үкіметінің «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасын қабылдауы қоғамымыз үшін аса маңызды құжат болды. Бұл құжат бойынша бағдарламаның екі бағытын іске асыру біздің банкке сеніп тапсырылды. Енді біз банкке тиесілі болатын 607 пәтердің кілтін алдымен сатып алуға мүмкіндігі бар салымшыларымызға ұсынамыз. Артылып қалған пәтерлерді бес және сегіз жылдың ішінде сатып алу мүмкіндігімен жалға беретін боламыз. Ол пәтерлерді беру кезінде біз міндетті түрде банк талабы бойынша балдық жүйеге жүгінеміз. Салымшылардың ай сайын ақшаларын жинақтау шотына уақытылы салып тұрғанына ерекше мән беріледі. Бұл салымшының жауапкершілігіне, материалдық мүмкіндігіне айғақ бола алады. Қазір аталған бағдарлама қабылданғаннан кейін біз аудандармен де жұмыс істеп, ауылдағы ағайынның да баспаналы болуына мүмкіндік беретін әдістерді қарастырып жатырмыз. Ол үшін Қазпоштаның, Халықтық банктің аудандардағы бөлімшелері арқылы біздің банктегі есепшотына ақша жинақтауға жағдай туғызамыз. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасады, — дейді Г. Дабылова.

 

Жинағы жоқ адам да пәтер алады

Қазақстандық нарықта тоғыз жылдан бері жұмыс істеп, ел сеніміне ие болған банк бүгінгі күні клиенттеріне «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» деп аталатын тарифтік жобаларын ұсынып отыр. Бұл жобалардың бірін клиент мүмкіндігіне қарай таңдап алады. Банктен есепшот ашып, үш жыл бойы пәтер сомасының 50 пайызын жинаған адамға банк қалған 50 пайызын 3,5-5 пайызбен береді. Бұл  негізгі тұрғын үй заемын салымшының өзі жинақтағандағы жағдай. Ал үш жыл бойы жинақтамай, қолында сатып алатын пәтерінің 50 пайызына жететін ақшасы бар болған кезде клиент қалған елу пайызды алу үшін банктің аралық тұрғын үй заемын пайдаланады. Оны жеті пайызбен шартта көрсетілетін мерзімде төлеп құтылады.

Ал жинақ ақшасы, бастапқы жарнасы жоқ адам табысы туралы анықтама тапсырып, жылдық 10 пайызбен өзі таңдап алған тарифтік жобалардың бірі бойынша 10 жылдан 23 жылға дейінгі мерзім ішінде несиесін өтей алады. Мұндай жағдайда сатып алатын пәтердің бағалау құнының 70 пайызын банк несиеге береді. Бұл алдын ала тұрғын үй заемы бойынша атқарылатын шаруа.

Яғни Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне баспаналы болудың әр түрлі тәсілдерін ұсынады. Оның ішінде «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының қатысушылары үшін көп мүмкіндіктер қаралған. Жас отбасылар, тұрмысы төмен отбасылар алдымен жалға тұрып, бес жылдан соң, сегіз жылдан кейін сатып алу үшін жеңілдетілген пайыздық өлшеммен несие төлеп,10-15 бес жылдың ішінде пәтерді толық өз мүлкі ете алады.

 

Біреудің шотын сатып алу тиімсіз

Осы күнге дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен есепшот ашып, үш жыл ақша жинақтаған салымшылардың арасында есепшотын ақшасымен қоса басқа адамға сататындар енді бұл «сауданың» тиімсіздігін білуі керек. Күн сайын телеарналар мен баспасөз беттерінде банкіндегі шот сатылатыны туралы хабарларламаларды көріп жүрміз. Банк директорының айтуынша, бұдан былай өзге біреудің шотын сатып алу ешқандай пайда әкелмейді. Бұрын жинақталған үш жылы мен оған қоса  30 балдық көрсеткіші бірге есептелетін болса, енді шот сатып алатын болсаңыз, оның бірі де есепке алынбайды, жаңа салымшы ретінде қайта тіркеледі. Сондықтан біреудің есепшотын сатып алуға қызықпаған дұрыс.

Сонымен банк арқылы несиеге алатын үйіңіздің салынған уақыты елу жылдан асып кетпеуі бірінші талап болып есептеледі. Сонымен қатар қабырғасы саманнан немесе қамыстан қаланған үйлерді банк кепілдікке алмайтыны қаперіңізде болсын. Және де үйдің бағаланған құны сұралып отырған заем сомасын жабатындай болуы керек. Бұл жерде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ашылған депозитті де клиент кепілге қоя алады. Қазіргі таңда ақтөбелік филиалда 10 миллиард теңгеден астам сомаға депозит бар. Банк өз болашағын Елбасы тарапынан білдірілген сенім үдесінен шығуға бағыттап отыр.

«Қолжетімді тұрғын үй —2020» бағдарламасының қатысушыларына пәтерлерді беру кезінде банк өз талаптары бойынша балдық көрсеткіштің есебіне жүгінеді. Мәселен, бағдарлама қатысушысының өзінің, отбасының мүлдем баспанасы жоқ болса немесе аядай бөлмеде бірнеше отбасы өмір сүріп жатқан жағдайлар мндетті түрде назардан тыс қалмайды. Жас отбасылардың баспаналы болуы үшін де бірқатар талаптардың сәйкестігі қадағаланады. Осы бағдарлама шеңберінде жергілікті атқарушы органдарда жасалған арыз берушілер тізімі үй құрылысы аяқталған кезде банкке беріледі. Тізім бойынша үміткерлердің мүмкіндіктері толық қаралып болған соң, банк басшылығы арнайы сайтқа тізімді енгізеді, код бойынша әрбір қатысушыға нөмір береді. Баспанаға қолы жеткені туралы хабарламалар сол код бойынша беріледі. Бұл баспаналардың болашақ иелерінің фамилиясын атамау үшін ұйымдастырылған құпиялылықты сақтау шаралары болып табылады.

 

Биыл 684 пәтер пайдалануға беріледі

Өткен жылы «Қолжетімді тұрғын үй » бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 1 938,8 миллион теңге қаражат бөлінген. Биыл жалпы көлемі 47 860,1 мың шаршы метр болатын барлығы 684 пәтер пайдалануға берілетін көрінеді. Оның ішінде коммуналдық баспана — 138 пәтер, жалдамалы баспана — 576 пәтер, жас отбасыларға арналған 216 пәтерді пайдалану мүмкіндігі туады. Қазір бағдарламаның бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстар нақты жоспарланды. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғаны үшін жалға берілетін үйлер төртінші калсты болып табылады. Олардың бір шаршы метрі 80 мың теңгеден аспайтын болады. Ал тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы салынатын несиеге берілетін пәтерлер құны бір шаршы метрі 90 мың теңгеден аспайды.

«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында салынатын үйлерге болашағы жоқ ауылдардан көшірілген отбасылар ие болады. Өткен жылдың соңында Ақтөбе қаласына 56 отбасы осы бағдарлама бойынша көшіп келді.

Ақтөбе қаласында «Самұрық-Қазына» жыжымайтын мүлік қоры «Окси Билд» серіктестігімен бірігіп, «Юни Сити» тұрғын үй кешенін салып жатыр. Жалпы көлемі 26,0 мың шаршы метр болатын тұрғын үй осы жылы пайдалануға берілуі керек. Оның бір шаршы метрі 144,0 мың теңгеден аспайтын болады.

Бағдарламаның жас отбасылар үшін берілетін мүмкіндіктеріне тоқталайық. Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер көлемі 2012-2020 жылдар аралығында 104,2 шаршы метрді құрайтын болады. Сонда жыл сайын 11-14 мың шаршы метр пайдалануға беріліп отырады. Бұл жалпы алғанда 1737 пәтер дегенді бірдіреді. Пәтерлердің бір шаршы метрі 80-90 мың теңгеден аспауы тиіс.

Айгүл БАЙМЕНОВА.

 

36 пікір

  1. Гаухар Сарсембаева

    Саламатсызба! Биз “Кол жетимди багдарлама-2020” бойынша кезекке турдык. Кезегимиз кай уакытта болады?№864.

  2. Айнура Карибаева

    Куйеуим жеке фирма да мен мемлекет жумыс истеймин жасымыз 29да биз уй ала аламызба

  3. Сарсенова Замира

    Әйелі 29жасқа әлі толмаған болса, ал куйеуі 29жастан асқан жағдайда бұл бағдарламаға қатыса ала ма?

  4. Биз куйеуимиз екеумиз 2 жыл азаматтык некеде турып, осы жылдын наурыз айында гана официально некеге отырдык, биздик кишкентай кызымыз бар, Алла жазса бирге келеди!куйеуимнин жалакысыда жогары! Сурак: биз патер ала аламызба!

    • Бекболсын багыбайев

      Мен 6 жылдан бер патер жалдап турамн кол жетимди баспанага кандай кужаттдар кажет? Жасым 27де жубайм 24де

  5. Кабылбекова Нургайша Абуталиповна

    Саламатсыздар ма.Менин жасым 28де.жеке фирмада жумыс истеймин.Кол жетимди тургын уй- 2020 багдарламасына кезекке туру ушин не истеу керек ж/е кандай кужаттар кажет?

  6. Кажгереева Динара

    Саламатсыздар ма Менин жасым 23 те жолдасым 25 те бир баламиз бар. Кол жетімді тұргын үй 2020 бағдарламасына бизге құжат тапсыруға болама және оған қандаи құжаттар керек

  7. Куатов Салим Галымулы

    саламатсызба.кол жетимди тургын уйге кандай кужат кажетекен?

  8. Узакбергенова Гулнур Смагикызы

    Салеметсызбе,мени жасым 22де куиеуим 25 те,2баламыз бар. Тараз к.боламыз, жас отбасы баспанасына кужат тапсыруымызга болама?кандай кужат кажет жане кандай талаптар болады,кайда тапсырсам болады?Алдан-ала рахмет!7

  9. Саламатсызба.меним жасым 23-те,куйеум 24-те. 4 жыл болды уйленгенимизге. Кишкентай 3 баламыз бар, патер жалдап турамыз.мен жумыссызбын,куйеуим сатушы. Осы багдарлама аркылы баспаналы болгымыз келеди.кандай кужаттар керек екен

  10. салеметсиз ба . турмыстамын.балам бар.уйленгенимизге 4 жыл болды. мемлекеттик жумыс жасаймыз. осы багдарлама бойынша баспаналы болгымыз келеди
    жауап кутемиз

  11. Некеде турғанымызға 5 жыл,3 баламыз бар,жолдасым муғалім өзім 1 жылдық бала кутимінде отырмын.біз бұл жоба бойынша уй алуға мумкіндігіміз барма.кандай құжат тапсыруым керек және мекен-жайы. немесе электрондық почта адресі.

  12. мен кол жетимди баспана 2020багдарламасы аясында патер алу ушин кайда кандай кужат тапсырам. бес балам бар.жолдасм да озмде жумс жасаймыз.баспанамыз жок

  13. Саламатсыздарма! менин сиздерге сурагым биз кызылорда облысында турамыз.куйеуим кумколде вахтада жумыс жасайды.биздер осы багдарламага документ дайындай аламызба?

  14. Молдахметов Айбек Бакыткалиулы

    Мен калада жургенiме бес жыл болды. Озим жумыс жасаймын келiншегим жумыста жок. Бiр балам бар кол жетiмдi баспанага калай тiркелуге болады.

  15. Жанаргул Сагинова

    Егерде жумыс орнымыз мемлекеттик болмаса уйди ала алмаймызба

  16. Саламатсыздарма мен Актобе каласынын тургынымын менин жасым 19да мен уйге кезекке турдым али кутип журмин менын уйм жок ата анам жок

  17. Саламатсызба мен Абдибаева Айнур Кажыгалиевна жасым 32де осы тургын уйге кезекке турганыма 4жылдан кетти менын туратын уйм жок 11жасар улым бар камкоршым жок патер жалдап турып жатырмын отинем комек колдарынызды созыныздар жалакым 25000 ешкайда жетпиди

  18. Култабанов Кали

    Саламатсызба менин жасым 21де уиленгениме 4жыл болды 3балам бар келиншегимде 21де жас отбасы багдарламасы аркылы уи ала-аламызба туракты жумысым жок келиншегим уиде бала багып отыр прапискде ауылдагы уидемиз осындаи жагдаида уи ала-аламызба праписка калада болу керекпа калаи тиркелемиз Кандаи документ керек?

  19. Асел Таскынбаевна

    Керекті құжаттарды қайдан алам жəнеде қай жерге барып тіркелуім керек менде шот жоқ 50% ғана бар?

  20. Салеметсизбе! Егер мемлекеттик жумыс жасамаса бул багдарлама бойынша кезекке тура алмаймызба? Актобе каласында бирнеше жылдан бери патер жалдап турамыз. Отбасында ешким мемлекеттик жумыс жасамайды.биздин калай тиркелуимизге болады?

  21. гулжан рысалина

    Саламатсызба? Биз калага келгенимизге 3 жыл болжы патерде турамыз. 2 баламыз бар жолдасым екеумизде мемл орында жумыс истеймиз мен балабакшада ол облыстык акиматта кандай жагдайда уй ала аламыз шоттагы акшамыз бастап 50мындай салганбыз кейн патер кымбаттауына байланысты жагдайымыз киындап кетти кандай комек айта аласыздар

  22. Богданова Умит

    саламатсызба.мен жас семиядан болам.баспана керек.жасым 19 да.комек колын созсаныздар.куеуимнин айлыгы 50 000 40 000 уй жалдап отырмыз

  23. Бигожаева Умит

    8775 252 97 33 баспана керек комектессениздер.жасым 19 да.жас семяданмын

  24. Төлеуова Тұрар

    Жасым 21де. Семьям бар уй ала алмай журмиз.комек тесиниздерші…8775.169.54.00

  25. Серик Есентлеуов

    Саламатсызба. Биз калага келгенимизге 2 жыл болды. Келиншегим мугалим. озим осы жылы жумыстан босап калдым 3балам бар жас отбасы багдарламасы аркылы мумкин болса укиметтен комек ретинде уи алгымыз келеди

  26. Айжан Тойбекова

    Саламатсыз ба!биз 2011 жылдан бери некедемиз.3 баламыз бар.жасымыз 26 да.калай баспаналы бола аламыз.озим жумыс жасамаймын.жолдасым го.служащий.кандай документтер жинау керек жане кайда баруым керек айтасыз ба?Алматы каласынан боламыз

  27. Салтанат калпатова

    Саламатсызба.мен жилстройдын салымшысымын.енди мен одан более тургын уй кезегинде тиркелип коя берсем болама.ертенги куни жилсройдан уй алатын кезде берми коймайма кезекте турганым ушин

  28. Андай документер кажет аитып жиберсениз

  29. Рухоллин Ердос

    Саламатсызба отбасы курганыма 1жыл болды 1баламыз бар жерге тиркеуге тур дык енди осы багдарламамен кала патер алсак болады жане кандай кужат керек?

  30. Саламатсызба.
    Менім əкем шешім жоқ мен осы бағдарламаға қатыса аламба жəне қандай құжаттар қажет

  31. Сегизбаева нурсая

    Салеметсизбе менин жолдасым 3топтагы мугедек балам туа биткен сал ауруы квартера жалдап турамыз осы уиге илиге аламба кандаи кужат жинау керек баида барам

  32. Саламатсызба биз жас отбасымыз биз уиге кезекке туруга болама менин ешкандаи уиым жок квартира жалдап турып жаитырык

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*