Басты бет » Ресми » Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Үзінді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:

 

«Парасат» орденімен

СЫДЫҚОВ Рахат Мәжитұлы — Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі;

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен

МУШИРОВ Айтқали Раисұлы — «Даут-М» ЖШС директоры, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы;

«Құрмет» орденімен

АЙТЖАНОВ Асхат Әбдірахманұлы — «Дастан» компаниялары тобы директорлар Кеңесінің төрағасы, Ақтөбе қаласы

ДУШЕКЕНОВ Азамат Байтілеуұлы — «Акпан» ЖШС бас директоры, Ақтөбе қаласы

ІЗҒҰЛОВ Жарас Төкенұлы — «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ –  «Ақтөбе жол бөлімшесі» филиалының директоры, Ақтөбе қаласы

ҚАЗИЕВ Мұрат  Жұмағалиұлы — «Юность» облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушы-жаттықтырушысы, Ақтөбе қаласы

САБЫР Қайрат Қанатұлы —«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ бастығы

САҒЫНАЛИН Нұрлан Шымбайұлы — «АкТеп» ЖШС құрылтайшысы, Ақтөбе қаласы

ТАҒЫМОВ Марат Мырзағалиұлы — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

ТӘЖІМБЕТОВ Жоламан —«Аркада КZ» ЖШС инженері, Ақтөбе қаласы

ЩЕГЕЛЬСКИЙ Всеволод Анатольевич — «КТП» ЖШС бас директоры, Ақтөбе қаласы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

АЙДАШЕВ Мергараф Мұфтахиұлы — «Уақ» ШҚ басшысы, Ақтөбе облысының Қобда ауданы

БЕГУНОВ Владимир Иванович — «Зодчий» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы

БИСЕМБАЕВ Нұрахмет — «Хромтау аудандық ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ бастығы, Ақтөбе облысы

ДАРЖАНОВА Анар Нұрлыбекқызы — «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бастығы

ЕЛАМАНОВА Бақыт Ақмырзақызы — «Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» ММ меңгерушісі, Ақтөбе қаласы

ЖҰМАНҒАРИН Мақаш Аманғалиұлы — «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» РМҚК азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабының бас маманы, Ақтөбе қаласы

КӨШІМОВ Жексен    Нұрбергенұлы — «Бөбек» ШҚ басшысы, Ақтөбе облысының Байғанин ауданы

МЕРКУЛОВА Фарида Хусаиновна — «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ бөлім бастығы

НҰРЖАНОВА Жібек Қожахметқызы — Ақтөбе облысы әкімінің бас инспекторы

ПОБИРСКАЯ Ольга Васильевна — №25 арнаулы орта мектептің директоры, Ақтөбе қаласы

ТҰРМАҒАМБЕТОВА Мақпал Шеғайқызы — Ақтөбе қаласы Қурайлы ауылдық округінің әкімі

ШАРИПОВА Наталья Ивановна — «Ақтөбе облысы Әділет департаменті» ММ бастығының орынбасары;

«Шапағат» медалімен

АШЫҚБАЕВ Ертай Ахатұлы — облыстық «Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары, Ақтөбе қаласы

ДОВМАТЕНКО Дмитрий Адамович — «ШығысТрейдАқтөбе» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы

ЖАЗЫҚОВА Лаура Қожағалиқызы — Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы, Ақтөбе қаласы

КУДРЯ Иван Михайлович  — «Кудря А.М.» ШҚ басшысы, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы;

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен  

БАЙСЕҢГІР Орал Ноғайбайұлы — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті жанындағы «Жастар Сарайы» директоры, Ақтөбе қаласы

БЕРДЕНОВА Ұлдай Аренғазықызы — «Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы

БИСЕНҒАЛИЕВ Мұратқали Бектемірұлы — Тамды ауылдық мәдениет клубының меңгерушісі, Ақтөбе облысының Алға ауданы

ҚАЛМАҒАМБЕТОВА Шолпан Ғалымжанқызы — «Жүйке аурулар интернат-үйі» ММ тазалықшысы, Ақтөбе қаласы

МУСИН Шамиль Ерназарұлы — «Родники» АҚ бас агрономы, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы

ПАНГЕРЕЕВ Алмат Шамұлы — «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ бөлім бастығы

СМАҒҰЛОВА Сәлима Төкешқызы — «Қарттар және мүгедектер интернат-үйі» ММ мейірбикесі, Ақтөбе қаласы

СҰЛУБАЕВА Күлназар  Мырзақанқызы  — Ақтөбе қаласы әкімі аппараты бөлімінің бастығы

ОТАРБАЕВА Батан — Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақтөбе қаласы.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2012 жылғы 5 желтоқсан

№ 444

Ақтөбе облысы әкімінің 2012 жылғы

7 желтоқсандағы №437-ө өкімі

***

«Ақтөбе облысының жыл адамы – 2012» атағын беру туралы

1. АЙДАРХАНОВА

Ботагөз Болатқызына – Ақтөбе облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі – полиция капитанына

қызметтік міндетін жоғары кәсіби деңгейде атқарғаны және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі абыройлы еңбегі үшін;

 

2. ӘЖІҒАЛИ

Серік Ескендірұлына  – Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының этнология және антропология бөлімінің меңгерушісіне

Ақтөбе облысының мәдениеті мен сәулетін, тарихи ескерткіштерін зерттеуге және насихаттауға қосқан зор үлесі, Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жерленген жерін анықтап, зерттеу бойынша көп жылғы жемісті еңбегі үшін;
3. БАЙҚҰЛОВА

Айгүл Жүсіпқызына – Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің 4-курс студентіне

 

спорттағы жоғары жетістіктері және облыста дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін;

 

4. ЖАҚЫПОВ

Тұрлан Бөгенұлына – «Көктас – Ақтөбе» АҚ-ның Бас директорына

 

облыста Мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын жүзе асыруға қосқан елеулі үлесі және «Көркейе бер, туған жер!» акциясына белсенді қатысқаны үшін;
5. ЖҰМАБАЕВА

Ақзия Намазбайқызына – Ақтөбе облыстық патологиялық анатомия бюросының бастығына

жоғары кәсіби деңгейі және облыстың денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;

 

6. ІЛИЯСОВА

Рысжан Ілиясқызына – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкеріне

 

халықаралық және республикалық деңгейде облыстың тарихи-мәдени мұрасы мен музей жұмысын, өлке тарихын, мемлекеттік тілді насихаттап және дамытуға қосқан үлесі үшін;
7. ҚАНИЕВ

Бауыржан Нұралыұлына –          Темір ауданының әкіміне

 

ауданның әлеуметтік-экономикалық  дамуына және селолық  елді мекендерді абаттандыруға қосқан зор үлесі үшін;

 

8. САКИЕВ

Аманбай Смайылұлына –    «Қазақстан Респубикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ директорының міндетін атқарушысына

 

облыстың энергетика саласының дамуына қосқан елеулі үлесі және өндіріске жаңа технологияларды шебер енгізгені  үшін;

 

9. СӘНДІБЕКОВ

Төреахмет Қожахметұлына  – «Ақтөбе астық өнімдері комбинаты» ЖШС құрылтайшысына

 

ауыл шаруашылығы саласының дамуына және облысымызда Мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын жүзе асыруға қосқан елеулі үлесі үшін;

 

10. УСОВ

Анатолий Владимировичке – Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының  тәрбие ісі жөніндегі проректорына

 

мемлекеттік жастар саясатын  жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі және облыстың қоғамдық – саяси өміріне белсене қатысқаны үшін

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2012 жылғы 27 шілдедегі №50 шешімімен бекітілген тілдерді қолдану мен дамыту мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы шешіміне сәйкес облыста мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыруға зор үлес қосқаны үшін төмендегі азаматтар марапатталады:

Пәтермен:

Минаева Валентина Сергеевна – Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі;

Автокөлікпен:

Қабақбаев Жанғабыл – Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бас маманы;

Түсіпқалиев  Балаш Түсіпқалиұлы – М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің оқытушысы, медицина ғылымдарының докторы;

Ақшалай сыйлықпен:

Абдоллаев Нұртаза Ағишанұлы  – Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақстан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор;                          

Айталы Амангелді Әбдірахманұлы – Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, орталық меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор;

Байдербес Ғалымжан Ермағанбетұлы – «Қос Шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Бошков Федор Михайлович – Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті Алға аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы,

Жақыбаев Нұрлан Сәулебайұлы – Темір ауданы   №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы директорының бейін бойынша оқу жұмысы жөніндегі орынбасары,

Жаманқұлов Қыдырқожа Абдолкәрімұлы –     М.Оспанов атындағы       Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің оқытушысы, медицина ғылымдарының докторы,   Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі,

Кемал Бердібай Тамабайұлы – «Керек-инфо» қоғамдық-саяси апталығының  тілшісі,

Моисеенко  Валентина Михайловна – «Оксана» украиндардың этно-мәдени орталығының төрайымы,

Мырзабай Бекарыстан  Боранқұлұлы – Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бастығы,

Пангереев Абат Шамұлы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы.

 

***

«Шығармашыл қызметкерлерге облыс әкімінің сыйлығын тағайындау туралы» облыс әкімінің 2010 жылғы 12 желтоқсан №385 қаулысына сәйкес, мәдениет және өнер саласындағы облыс әкімі сыйлығының лауреаттарын іріктеу және анықтау жөніндегі комиссияның 2012 жылғы 4 желтоқсандағы отырысының шешімімен төмендегі қызметкерлерге облыс әкімінің сыйлығы берілсін:

 

БАЛЮРА Сталина Сергеевна, облыстық Достық үйінің «Барвинок» фольклорлық би ансамблінің хореографы, Ұлтаралық достықты нығайту мен келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін

БИСЕНҒАЛИЕВ Мұратқали  Бектемірұлы, Алға ауданы Тамды селолық клубының меңгерушісі — Мәдениет саласындағы көп жылғы еңбегі, ауылдық жерлерде халық шығармашылығын дамытуға, халықтың мәдени демалысын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін

ЕСЕНЖАНОВА Несіп Теміржанқызы, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының директоры — Кітапхана жұмысын  дамытуға, облыс көлемінде зағиптар және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсету аясын кеңейтуге қосқан үлесі, мәдениет саласындағы көп жылғы және жемісті еңбегі  үшін

ЕРКЕҒҰЛОВ Сәкен Сұрағанұлы, Ақтөбе қалалық мәдениет үйі жанындағы эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің әртісі —Облыста мәдениет және                                                                                                                                                                                 өнер саласын дамытуға, эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің құрылуына қосқан үлесі үшін

ЖАЛДЫБАЕВ Әбуғали Оразғалиұлы, Ақтөбе қаласының зейнеткері — Т.Жүргенов туралы тың деректер жинақтап ұрпаққа тәрбие берудегі еңбегі үшін

ЖҰБАТҚАН Нұрлыбек Хайруллаұлы, облыстық «Екі езу» эстрадалық-миниатюра театрының директоры — Әзіл-сықақ жанрын дамытуға, театр өнерін республикалық деңгейде насихаттауға, жастарды эстетикалық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін

КЕНИГЕСОВ Асылбек Асылханұлы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әртісі —

Облыста дәстүрлі өнер жанрын дамытуға қосқан үлесі, облыстық, республикалық деңгейдегі мәдени шараларға белсене қатысқаны үшін

КУЗИН Владимир Владимирович, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының орыс труппасының бас режиссері — Жоғары актерлік шеберлігі, қазіргі заманғы кейіпкерлерді сомдағаны, облыс көлеміндегі кең көлемді мәдени шараларды өткізуге белсене қатысқаны үшін

МҰРАТОВ Нұрат Мұратұлы, облыстық «Алақай» қуыршақ театрының актері — Жоғары актерлік шеберлігі мен қуыршақ театрының халықаралық дәрежеде танылуына қосқан үлесі үшін

МҰХАМБЕТОВА Ұлболсын, Мұғалжар аудандық ағайынды Жұбановтардың мемориалды музейінің директоры — Жастарға патриоттық тәрбие беру мен туған өлке тарихын насихаттауға, музей қорын толықтыруға  қосқан үлесі үшін

НАДЕЛЬ Елена Сергеевна, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының камералық оркестрінің әртісі — Облыста музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі, облыстық, республикалық деңгейдегі мәдени шараларға белсене қатысқаны үшін

НАКЕШ Тұрсынғали Латыфұлы, «Қобыланды батыр» мемориалды кешенінің директоры — Жастарға патриоттық тәрбие беру мен туған өлке тарихын насихаттауға, музей қорын толықтыруға  қосқан үлесі үшін

НИГМАТУЛЛИНА Альфия Зинатуловна, қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы «Айгөлек» би ұжымының көркемдік жетекшісі — Хореография өнерін дамытқаны, қала көлеміндегі шараларға белсене қатысқаны және өскелең ұрпақты эстетикалық тұрғыда тәрбиелегені үшін

ОМАРОВА Ляйла Есенгелдіқызы, облыстық мәдениет басқармасы халық шығармашылығы және кітапханалар жұмысы бөлімінің бастығы — Облыста мәдениет саласын және халық шығармашылығын дамытуға, республикалық, халықаралық деңгейдегі мәдени-көпшілік іс- шараларды өткізуге қосқан үлесі үшін

НҰРҒАЛИЕВ Балтабек Бүркітбайұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «Драма театрының режиссері» мамандығының студенті — Жас талантты өнерпаздарды қолдау аясында, республикалық, халықаралық  деңгейдегі жастар арасындағы шығармашылық жобаларға белсене қатысқаны және жүлделі орындарға ие болғаны үшін

УБАЕВ Ғазиз Садуақасұлы, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасының актері — Жоғары актерлік шеберлігі,  қазіргі заманғы образдарды театр сахнасында сомдағаны, облыста, қалада мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге белсене қатысқаны үшін (қайтыс болғаннан кейін)

ЩУКИН Вячеслав Владимирович, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі — Облыстың музейлерін безендіруге, көркемсурет өнерін дамытуға қосқан үлесі, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудегі еңбегі үшін

МЫРЗАТАЙҰЛЫ Әнуарбек, «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының тілшісі, редакторы — Облыста өтіп жатқан мәдени шараларды кеңінен насихаттауға қосқан үлесі үшін.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*