Басты бет » Жаңалықтар » Бейәдеп әрекетке жол берілмейді!

Бейәдеп әрекетке жол берілмейді!

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Ақтөбе» газетінде Қ.Әбдірахманұлының «Қарабас әулие» атты дүниесі (06.01.2012 ж.) жарияланған еді. Бұдан кейін осы басылымда әлгі мақалаға сын көзбен қараған Бөрібай Кәртеннің «Бос сөз, Қарабас әулие Арғын емес!» деген талдау-зерттеуі (29.03.2012 ж.) жарық көрді. Мұнан соң ондағы дәлелді уәждерге тоқтамаған Қ.Әбдірахманұлының «Әдептен озбайық» деп аталатын қарсы пікірі («Ақтөбе». 04.05.2012 ж.) тағы басылды. Мұнда да ол негізгі мәселеге мүлдем қатыссыз жайттарды, айғағы жоқ бос сөздерді қайталап шығыпты.

Біздер, бір топ азаматтар, екі автордың мақалаларын оқып шықтық. Салмақтадық. Екшедік. Енді әділ төрелігін айтуды жөн көрдік.

Ақиқатына бірден көшейік, Б.Кәртеннің талдаулары Қ.Әбдірахманұлының мақалаларындағы мәліметтердің қайшылығын, тым көмескілігін, жан-жақты саралап көрсеткен. Бұған облыс оқырмандары да толық куә.

Қ.Әбдірахманұлы өзінің «Әдептен озбайық» атты мақаласында: «…Көшейұлы Қарабас …шоқылау екі төмпешіктің екінші төбесінде. Бірінші төбеден әлдеқайда биікте, күнбатыс жақ шетте, таспен биік етіп қоршалған, айнала етегін құм басқан. …Басында көне құлпытасы көрінбейді. Біреулер үлкен мәрмәр тасқа «Қарабас әулие ата» (2006 ж. 23 шілде)» деп жаздырып, астын цементтеп, қойып кетіпті», — дейді.

Біріншіден, Қ.Әбдірахманұлы тастағы жазуларды бұрмалап көрсеткен. Осының өзі оның не нәрсеге де жауапсыз қарайтынын, жалған айтатынын айқын дәлелдеп тұр. Анығында мәрмәр таста ай бедерленген, одан төменде «Қарабас ата» деп түзілген, «әулие» сөзі жоқ. Ал «2006 ж. 23 шілде» делінген деректерді белгіні бекіту үшін түбіне
құйылған цементке Жәмиев Ұзақ есімді бала таңбалаған. Нақты ақиқаты — осы.

Екіншіден, мәрмәр тақта тастағы бұл жазу Арғын Көшейұлы Қарабас-қа деп орнатылмағанын айғақтап тұр. Олай болса, мұны менің нағашы атама арнап қойған ескерткіш деп қабылдауына еш негіз жоқ. Біздердің анықтауымызша, бұл белгіні тұрғызған бұрынғы кәсіпкер, Әйтеке би ауданының қазіргі әкімі Аманғали Бердалин және Серік Сасаев есімді азамат. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты орнатқан. Шөмекей Қарабас әулиенің мүрдесі жатқан қабір сол кезде аталған жігіттерге  беймәлім болып келгендіктен, жаңағы белгі қойылған жер болжаммен таңдалыпты. Осы тақта тас турасында Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының этнография бөлімі меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Ескендірұлы Әжіғалиевтың жетекшілігімен жа-салған ғылыми экспедиция жұмысының «Отчет о работе по научно-исследовательскому прикладному проекту «Некрополь Хан моласы и его историческое окружение» деп 2010 жылы жүйеленіп қатталған қорытынды-құжаттарында былай деп жазылған: «На могиле эпонима установлена мраморная плита с надписью «Қарабас-ата». Она закреплена на обвале ограды цементом. С северо-западной стороны на камнях расстелены полотна белой тканы».

Істің енді анығын баяндайық, 2006 жылы 23 шілдеде «Қарабас ата» деп жазылған бұл мәрмәр тақта тас Шөмекей руының Аспанынан тарайтын Бақашы Мыңжасар көріпкел Қожаберген баласының бейітіне білместікпен шатастырылып орнатылған. Ол — 1800-1880 жылдар аралығында өмір сүрген адам. Ұрпақтары бар: Бибіш Әбдірахманқызы, 101 жаста, Ыр-ғызда тұрады. Ахмет Бимағанбетов, ол 2009 жылы қайтыс болды. Амантай Бірманов (1950) т.б. Басқұдық ауылдық округінің тұрғындары. Бабамыздың зиратынан төмен Шөмекей руының Аспанынан өретін Төлес – Сырым Тұрым есімді молда атамыздың қабірі. Мыңжасарды аса құрмет тұтқан. Дүниеден өтер алдында өзін соның қасына жерлеу-ді аманат еткен.

Қарабас әулие мүрдесі жатқан қабірді Алматы қаласынан арнайы келген тарихшы ғалымдардың басқа тұстан тапқанын, оның Шөмекей руы, Тоқа тайпасынан тарайтынын анықтап бергенін жақсы білеміз.

Б.Кәртеннің «Бос сөз, Қарабас әулие Арғын емес!» атты мақаласында есімі аталған Ырғыз өңіріне белгілі Әзірбай бақсының (1900-1970) Қарабас қорымына ұдайы келіп зиярат еткеніне, оның көзін көрген кейбіріміз талай куә болдық. Шөмекей руының Тоқасы еді. Сонымен қатар халық арасында «Ақбақсы» аталып кеткен тәуіп Сатыбалдыұлы Төлеген (1895-1993) ақсақал да мұнда жиі соғып дұға қылатын. Бұл да Шөмекейдің Тоқасы. Олардың бұлай етулері бір атадан өрген бабамыз Қарабас Барыстың (1793-1862) әулиелігіне деген құрметтен болатын.

Ғылыми экспедиция жұмысының жоғарыда аталған қорытынды-құжаттарында былай делінген: «Некрополь Карабас-аулие находится в 32,2 км на север-северо-восток от аула Тымабулак. Это действующее кладбище. Карабас-аулие по сей день является культовым местом среди казахов рода Шомекей».

Осы шындықты мойындағысы келмеген Қ.Әбдірахманұлы: «Қарабас нешеу болса да әулие — біреу. Ол — арғын Қарабас», — депті бүйректен сирақ шығарып «Әдептен озбайық» атты мақаласында.

Шөмекей Мыңжасар Қожабергенұлы көмілген қабірді жөн-жосықсыз сырттай иемденген Қ.Әбдірахман-ұлы бұлтартпас нақты дерегі, айғағы жоқ болса да әлгі дүниесінде былай дейді: «Қарабас әулиенің (Көшей-ұлының) ол жерге (Басқұдыққа) алғаш жерленгені ақиқат. Құбыла жақ бетте тұр. Атам қазақ соңғы қойыл-ған бейітті алдыңғысынан оздырмаған. Соған қарап та ертеден келе жатқан зират екені көрініп тұр».

Алдыңғы «Қарабас әулие» атты мақаласында («Ақтөбе» 06.01.2012 ж.) нағашы атасының «Көшейұлы Қарабас» деп жазылған құлпытасы барын жария еткен Қ.Әбдірахманұлы бұл пікірінен тайқып, енді сол өз сөзінің жалғандығын осылайша ақтап алмаққа әрекеттенеді. Нақты айғағы жоқ әңгімесімен Шөмекей Мыңжасардың бейітін Арғын Көшейұлы Қарабастың моласына ешқашан айналдыра алмайды!

«Қарабас әулие» аталатын қайшылыққа толы, күмәні көп, нақты тарихи дерегі жоқ, дені алыпқашпа әңгімеге құрылған мақаласында нағашы атасының қай соғысқа қашан қатысқанын айтпай құпия ұстаған Қ.Әбдірахманұлы бір сөзінде Көшейұлы Қарабасты майданда өлді деген-ді. Егер айтқанын рас десек, жан алысып, жан беріскен сол қанды шайқаста соғысушы екі жақтан талай адамның ажал құшқаны анық. Олай болса, осы жерде өзге де
Арғындардың молалары тұруы тиіс еді. Ондай зираттар жоқ. Тек Көшейұлы Қарабастың ғана жерленіп, бас-қа майдандастарының ит-құсқа жем болып, көмусіз қалдырылуы — ақылға сыйымсыз, мұсылманшылыққа жат іс.

Қандай да бір тұлғаның құндылығы, ақиқаттығы алып-қашпа сөздермен немесе құр долбармен емес, тарихи құжаттармен, салыстырылып сарапталған мәліметтермен, дәйекті айғақтармен негізделуі міндетті. Тарих ғылымы нақтылы деректі талап етеді.  Қ.Әбдірахманұлының жоғарыдағы пікірі фальсификацияға жатады. Және бұған ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 4-5 баптары бойынша еш жол берілмейді. Есте ұстағаны жөн.

Көшейұлы Қарабастың моласын құр далбасамен батыс өңірден емес, арқа жақтан іздеулері керек еді. Арғындар жайлаған Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы жерінде Қарабас тауы, Абай ауданында Қарабас ауылы бар.

Қ.Әбдірахманұлы «Қарабас әулие» атты мақаласында («Ақтөбе». 06.01.2012 ж.) нағашы атасын соғыста өлді десе, «Әдептен озбайық» деген кейінгі дүниесінде («Ақтөбе». 04.05.2012 ж.): «Қазақтың көшпелі ел екені анық. Қай атамыз қай жерде қалмаған, топырақ бұйырған жері сол шығар», — деп басқаша тайғақтайды. Сонда оның қай сөзіне сенеміз?! Осыдан-ақ айтып жүрген «әңгімесінде» шындықтың негізі жоқ екенін көріп отырмыз.

Қ.Әбдірахманұлының «Әдептен озбайық» делінетін мақаласындағы: «…Алдағы жазда игі іс бастамақшы. Көпті райынан қайтара алмайсыз», — деген сөзінен пайымдағанымыз, Шөмекей руының Аспанынан өретін жаңағы Бақашы Мыңжасар Қожаберген баласы зиратының үстіне анық-қанығын білмей-ақ кесене орнатпақшы екен. Қ.Әбдірахманұлы мен оның нағашыларына айтарымыз, бұл әрекеттері ешқандай жүзеге аспайды!

Жалпы мұндай істерге ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 38 және 40 баптары бойынша
тыйым салынады. Таратып айтсақ, бағзы заман обаларында, көне қорымдарда  құрылыс, жөндеу жұмыстары т.б заңды хұқық берілген Құзырлы орындардың жан-жақты сараптама қорытындысынан кейінгі рұқсатымен ғана жүргізіледі. Ал қазба істері арнайы лицензиясы бар кәсіби археологтар арқылы атқарылады. Бұл талаптар бұзылған жағдайда кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының әр азаматы мұны білуі тиіс, заңды сыйлауы міндетті!

Сөз соңында айтарымыз, ата-бабамыздың ежелден келе жатқан
Басқұдықтағы Шөмекей Тоқа Қарабас әулие қорымы тарихының көлденеңнен киліккен, еш қатысы жоқ, дәлелі жоқ әлдекімдер тарапынан бұрмалануына, жеке мақсаттары үшін өңі айналдырылып жалған дәріптелуіне ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және
пайдалану туралы» Заңының 22-бабы негізінде ешқандай жол берілмейді!

Қол қоюшы авторлар:

1. Е.Есмаханов — ҚР құқық қорғау саласының ардагері, полиция полковнигі, Ақтөбе қаласы.        

2. Ш.Бұқарбаев — экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті есеп және қаржы кафедрасының меңгерушісі, Ақтөбе қаласы.

3. Ж.Ағыбаев — ҚР Ұлттық қауіпсіздік саласының ардагері, подполковник, Ақтөбе қаласы.

4. Б.Қозбағаров — зейнеткер,
Бадамша ауылы, Қарғалы ауданы.

5. Ж.Махамбетов — кәсіпкер,
Басқұдық ауылдық округі, Әйтеке би ауданы.

6. Ө.Бекпанов — зейнеткер, Комсомол ауылы, Әйтеке би ауданы.

7. К.Орынбеков — зейнеткер, Ақтөбе қаласы.

8. А.Бірманов — Басқұдық ауылдық округі, Әйтеке би ауданы.

9. Ж.Асанов — филология ғылымдарының докторы, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, Ақтөбе қаласы.

10. С.Әлімбаев — мемлекеттік қызметкер, Ақтөбе қаласы.

11. Қ.Бекенов — «Теміржол фармация» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы.

12. М.Кенжебай — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Алматы қаласы.

13. Қ.Дәуренбеков — зейнеткер, шежіреші, Ақтөбе қаласы.

14. Б.Ағыбаев — Жапония, Германия соғыстарына қатысушы, ҰОС ардагері, шежіреші, Ақтөбе қаласы.

15. Қ.Мұғалов — әскери полковник, Қарағанды қаласы.

 

5 пікір

  1. Бейәдеп әрекетке жол берілмейді!

    Бейәдеп әрекетке жол берілмейді!

  2. 1950 жылдары Қарабас әулие биіті жөнінде бір әйел Ырғызда Сарбұлақтағы биітті айтып, менің атам сонда жатыр дегенді мегзепті. Сол кезде үлкен кісілер; – не сандырақтып жүрсің? Сенің айтып жүрген Қарабасың ол жерге қашан аяғын басып келді? – деп тиып тастаған. Ол жерде жатқан әулие – біздің Қарабас деп, жекіп тастаған. Сол әйел артынан көшіп кетіптіміс. Ол, әйел сол ойын баласына айтса керек те, ол бала осы Әбдірахман ұлы болса керек – деген ой туып отыр.
    Шын мәнінде өз жерінен іздегені жөн. Себебі Сарбұлақ жеріне келді деген деректері негізделіп те, дәлелденіп те тұрған жоқ. Оны сол жерде тұрғын кісілердің бірі де естімеген. Әлі, бұрын өткен ақсақалдардың қол жазбаларының бірін де жоқ. Барлығы да шөмекейдің Қарабасы туралы айтқан.
    Қарағанды облысында 2001 жылы шыққан, Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының өлке тану бөлімінің «Өлкенің жер-су аттары» кітапшасындағы деректерге көз жүгіртсек, Абай ауданында Қарабас ауылы бар екендігі көрсетілген. Алайда елді мекеннің Қарабас аталуы нақты талданбаған. Одан әрі, Қарабас атауына тән, Қарқаралы ауданында кездесетін Қарабастау – таулар, «адам мен мал шоғырланған жер», немесе Қарабас этнонимімен байланысты – «Қарабастардың тау» мәніндегі атауы деп, келтірілген. Осы аталған ауданда Арқалық –таулар, ауыл атауын айта келе, тарихи тұрғыдан арқалық атауын екі жақты түсінуге болады деп, бұлыңғыр тоқталып өткен. Оған қоса, Арғынбай – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Арғынбай аталатын өзен бар екендігі, атаудың кісі есімімен қойылғандығы, «бай» атаудың қосымшасы, ал Арғын орта жүздегі белгілі ру екендігі айтылған.
    Сондықтан, Әбдірахманұлы атасын Қарағанды, яғни арғындардың өз жерінен іздестіргені жөн.

    • Баягыда улкендер: “Кудайдан коркып, адамнан уялу керектігі” туралы коп айтатын. Сірә, Әбдірахманұлы бұндай нақылдан ада болса керек. Сырттағы аргындардың алдында осы жолмен бедел (арзан беделдің артында жағымпаздықтың иісі бұрқырайды) жинамақ па? Басқұдықтағы Қарабасты ұрпақтары қадірлесе неге әулиені сыйлайтын біреуі, құрметтеушілері Қарабастың қасына жерлеуді аманат қылып, келіп жерленбеген? Ол жерден бір арғынның зиратын тапсаңыз жергілікті пұшық Балқылар мұрындарын кесіп беруге дайын.
      Бұл арада ауданның қазіргі әкімі, былықпайдың басын бастаған Бердалин жауап беруі тиіс. Елді басқаруға келіп, алауыздық тудырса — оның да биліктегі ғұмыры ұзақ болмас. Жалпылдаған Рахметов Темірбек те тырылаң асар. Амин!

  3. Қай-қайдағы арғынды айтып жүргендерін түсінбедім деп атам ашуланып отыр. Осы мақалалар шыға бастағаннан бері ашуы басылар емес. Әбдірахманұлы деген азамат, айып болмаса қайда тұрып жатырсың. Атам кейістік білдіргісі келіп отыр. Қай-қайдағы соғыс, кіммен соғысқан. Сарбұлаққа қайдан адасып келген. Келуіне не себеп болған. Шөмекейдің бірде бір ақсақалы арғынның Қарабасы туралы сөз айтып келген жоқ. Өтіп кеткен қарттардың айтып кеткендері шөмекейдің Қарабас әулиесі еді деп отыр. Көрінген шоқыны менің атамның биіті деп, әр жерге негізссіз белгі сала беретін не әдет. Ағын асып, белгі сала беретін ит-құсқа айналуға бола ма?
    Былыққа жол ашып жүрген Бердалин мен Рахметовтің іс – әрекеттерінің өзі де дұрыс емес. Еш-нәрсенің анық-қанығына жетпей, бақашы атамыздың басына апарып құлыптасты қоя салудың өзі де масқара ғой.
    Әруақтардың мазасын алып жүргендердің өздері, негізінен құдай атқан адамдар.
    Бұл дауға себебпкер болған әдепкі екі мықты, аудан әкімі мен орынбасары Рахметов мына озбырлықты өздері тоқтатулары қажет.

  4. Мыңжасар жерленген шоқыдағы зираттар түгелімен шөмекейдікі. Әбдірахманұлы Қасымбек құлыптасы жоқ екен осылардың біреуін арғын Көшейұлы Қарабастың моласына айналдыра салайын деп дәмеленбесін. Бәрініңде ұрпақтары бар.Мыңжасар атамның моласын арғын Көшейұлы Қарабастың моласына айналдырамын деуі шариғатқа қайшы күнәлі іс. Әбдірахманұлының бойындағы адамшылықтың жоқтығы. Ойыма келгенді істеймін деп ойламасын. Моланы тұрғызғанмен ол қиратылатын еді болмаса байынан таяқ жеген қатындай ететін едім. Өмірбақи ұмытпай байын біліп жүреді.

    Ер Тоқа баласы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*