Басты бет » Жаңалықтар » «Жасыл ел» шақырады

«Жасыл ел» шақырады

Акция

 С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Болашақ бүгінен басталады!»  республикалық акциясының аясында «Жасыл ел» жасағының  жастары бас қосты. Шараның мақсаты — жазғы демалыс уақытында студенттерді және жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған «Жасыл ел» бағдарламасы облыста жетінші жыл қатарынан жүзеге аспақ.  Мәселен, өткен жылы осы бағдарлама бойынша жұмысқа тартылған 2500 жас облыс орталығы мен аудандарда еңбек етті. Жастар 28 мың ағаш көшетін отырғызды. Жұмыс негізінен Ойыл, Шалқар, Қобда, Мәртөк аудандарындағы орман шаруашылықтарында қызу жүрді.  «Жасыл ел» жастар жасағының үйлестірушісі Гүлнұр Қанымбаева биылғы жылы жұмысқа тартылатын жастардың қатарын үш мыңға жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.

Басты мақсат  — Елбасы Жолдауын қолдау, жастарды жұмысқа орналастыру. Сондықтан жұмыс істеймін деген жасқа ешқандай кедергі жоқ. Қазірдің өзінде студенттермен бірге жұмысы жоқ жастар келіп тіркеліп жатыр. Яғни жазда еңбек еткісі келетін 16 мен 29 жас аралығындағы азаматтар «Жасыл ел» жасағының штабына хабарласуына болады. Жұмыс мамыр айынан тамыз айының соңына дейін жалғасады. Тегін көлік ұйымдастырылып, киіммен қамтамасыз етіледі, — деді Гүлнұр Қанымбаева.

Басқосуда «Жасыл ел» еңбек  жасағының бастығы Нұрлыбек Мусин студенттердің сұрақтарына жауап беріп, жұмысқа қатысты шаруаларды кеңінен түсіндіріп берді. Ал студенттер бағдарламаның тиімді екенін, жаз бойы жұмыс істейтіндерін айтты.

 

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Бір пікір

  1. Калай кыруге болады

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>