Басты бет » Әлеумет » «Бауырластар» елді мекені – басты назарда

«Бауырластар» елді мекені – басты назарда

«Бауырластар-1 және 2» массивінің тұрғындары таяу уақытта елеулі өзгерістерді күтуде. Бұл туралы және жалпы даму перспективалары туралы қала әкімі А.Мұхамбетов құрылысшылармен кездесу кезінде айтып берді.

Бұл тұрғын массив Ақтөбе қаласы Сазды селолық округінің аумағында орналасқан. «Бауырластар-1, 2», «Сазды-2» тұрғын массивтерінен негізінен тарихи Отанына көшіп келген оралмандар үшін соңғы бірнеше жыл ішінде жеке тұрғын үй құрылысына арнап 1070 жер учаскесі бөлінген болатын.

Бұл массивтер соңғы жылдары Ақтөбеде және қаланың селолық округтерінде пайда болған 26 елді мекеннің біреуі болып саналады.

Бұл әкімнің осы массив құрылысшылармен өткізген алғашқы кездесуі емес. Осыдан бір ай бұрын болған алғашқы кездесуде тұрғындар өздерінің күрделі тұрмыстық жағдайы туралы айтып, электрмен, сумен және газбен жабдықтаудың жоқтығына шағымданды. Село тұрғындарының сөздеріне қарағанда, дағдарыс оларды да айналып өткен жоқ. Үй құрылыстарына банктен несие алу қиындап кетті. Осы аудандағы құрылыс қарқынының бәсеңдеуі де сондықтан. Жаңа құрылыс салушыларды электрмен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуі қуантары сөзсіз.

Өткен сенбідегі жұртшылықтың әкіммен екінші рет кездесуі келелі әңгімеге ұласты. А.Мұхамбетов жиналғандарды жаңа жеке құрылыс аудандарын дамыту және орналастыруға орай қала әкімдігі қолданып отырған іс-шаралары жөнінде хабардар етті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңаруға және дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес, жолдар, инженерлік-коммуникациялар құрылысы, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірлік жұмыстарды қаржыландыруға байланысты іс-шаралар кешені әзірленді. Үкімет бекіткен «Жол картасы» аясында Ақтөбеге осы мақсаттарға арналып ауқымды қаржылар түсуде.

Мәселен, биылғы жылы барлық елді мекендерді, соның ішінде «Бауырластар-1 және 2» тұрғын массивтерін электрмен жабдықтау жұмыстарын жүз пайызға орындау жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл тұрғын массивтерді сумен жабдықтау жұмыстары алпыс пайызға орындалатын болады. Әкім «Бауырластар-1 және 2» жаңа құрылыс тұрғындарын су болады деп сендірді.

Сонымен қатар қала әкімі қатысушыларды алған жер уческелерінде үй салуды ыждағаттауға шақырды. Өйткені жер учаскелерін алған мыңнан аса адамның 35-і ғана үй салып, қоныстанды. Сондай-ақ, салынған үйдің заңды рәсімделуін, пайдалануға беру актісін алу, тіркелу мәселесін тездету қажет.

29 мамырда электр желісінің құрылысына тендер жарияланады, мердігерлер құрылыс жұмыстарын 3-4 ай ішінде орындап болады. Егер тұрғындар қажетті барлық құжаттарын рәсімдеген жағдайда, олар үйлерін желіге қосуға техникалық жағдайды уақтылы ала алмайды.

Барлық мәселелерді шешуді тәртіпке келтіру үшін А.Мұхамбетов сауатты да жігерлі адамдардан бастамашыл топ сайлауға ұсыныс берді. Осы басқосуда село тұрғындары қалалық қызметтер мен тұрғындар арасындағы іс-әрекеттерді үйлестіру үшін өз өкілдерін сайлады.

Әкім су көздерін анықтауға сәйкес барлық жұмыстарды тездетуді, мұнан соң құдықтар құрылысына кірісуді тапсырды. Сонымен қатар бастамашыл топқа «Ақбұлақ» АҚ басшылығымен бірге құдықты орналастыратын оңтайлы орын белгілеуге тапсырма берді.

Поселкелерді газдандыру мәселесі бойынша поселкеішілік желілер құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін мәліметтер жинау жұмысы басталғаны әңгімеге арқау болды. Қаржыландыру мәселесі де шешімін табатын болады.

А.Мұхамбетов жолдарды жөндеуге және автобус аялдамасының орнын белгілеуге уәде берді.

Мектеп құрылысы жөнінде әкім бұл мәселенің осында тұратын балалардың санына байланысты шешілетінін айтты. Өйткені бүгінгі күні жоғарыда, атап көтсетілгендей, мыңның орнына не бары отыз бес үй салынған. Бізде барынша мұқтаж аудандар, мәселен, Оңтүстік-Батыс-1, Заречный-2, Заречный-4 елді мекендері бар. Сондықтан алдымен жарық пен су мәселесі шешіледі, содан кейін құрылыс шамасына қарай мектеп салу жоспарланады.

Жүздесуге бірқатар мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындар басшылары қатысты, оларға кездесу барысында қажетті тапсырмалар берілді.

Кездесу соңында республикалық «Руханият» партиясы облыстық филиалының төрағасы Б.Иманов тұрғындар атынан қала әкімі А.Мұхамбетовке өз тарихи Отанына келіп қоныс тепкен отбасылар тұратын поселкені орналастыруға орай алып отырған іс-шаралары және толық мағлұмат бергені үшін алғыс айтты.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*