Басты бет » Әлеумет » Құрметті облыс тұрғындары!

Құрметті облыс тұрғындары!

Қымбатты ақтөбеліктер!

Сіздерді Қазақстан халқы бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке халықтарымыз арасындағы берік достық пен ынтымақты келісімді паш етіп, әрқайсымыздың жүрегімізді жылытады. Оның күллі адамзатты ізгілік пен нұрға бөлейтін, табиғаттың гүлдеген шағы бірінші мамырда аталып өтілуі де жайдан-жай емес.

Біздің облысымыздағы көп ұлтты тұрғындардың арасында өзара сенім, құрметтеу, терең түсінушілік ахуалы қалыптасқан. Ішкі  бірліктегі осы рухани сезім бізге, ақтөбеліктерге, бір қарағанда қандай қиындық болса да  жеңуге жәрдемдеседі. Және бұл – біздің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуымыздың кепілі. Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы жылғы «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты Жолдауында еліміздегі тыныштық пен келісімді көздің қарашығындай сақтаудың маңыздылығы бекер айтылмаған. Қазіргідей  жаһандық дағдарыс жағдайында қоғамдағы бірлікті нығайту барлық қазақстандықтар үшін маңызды міндет болып қала береді.

Патриотизмге, қауымдасу сезімі мен саяси тұрақтылыққа басымдық бере отырып, біз әрбір отбасы мен азаматтың әл-ауқаты, облыс пен еліміздің өркендеу мәселелерін мақсатты тұрғыда шешуге мүмкіндік алып отырмыз. Аймақтағы қазіргі экономикалық жағдай – сіз бен біздің ортақ табысымыз.

Ақтөбе облысы тұрақтылық пен келісімнің үлгісі, тәуелсіз Қазақстанды табысты дамытуда лайықты орын алады.

Біз үйлесімді жұмысымыз, бірлігіміз бен күш-жігеріміз еліміздің ілгері қадам басуына, гүлденіп, әл-ауқатының артуына  жеткізетінін түсіне отырып, болашаққа үлкен сеніммен қараймыз.

Көктемнің, Бейбітшілік пен Еркіндіктің жасампаз мерекесі бізге шабыт беріп, бақытты болашақты нұрландыратын жаңа істерге жеткізсін.

Сізге және сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, молшылық, бақыт пен сәттілік тілеймін!

Әрбір үйде татулық, қуаныш пен ынтымақ ұйысын!

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ,

облыс әкімі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*