«Жақсы адамның мінезі…»

«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру жобасы «Бөбек» қайырымдылық қорының жетекшісі Сара Назарбаеваның бастамасымен жалпыға міндетті орта білім беру жүйесінде биылғы оқу  жылынан бастап енгізілді.

Пәннің «Адамзаттың рухани тәжірибесі» бөлімінде адамзаттың рухани мәдениеті, ұлы адамдар өмірі, адамзаттың рухани ұстаздары, адамға тән рухани құндылықтар туралы жазылған. Осы бөлімнің тақырыбы аясында Ақтөбе қаласындағы №21 мектеп-гимназияның 5-сыныбында «Жақсы адамның мінезі…» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Үш тілде оқитын сынып оқушылары Т.Оралов, А.Құрмантаева, Ә.Доснияз, А.Сегізбаев, И.Тойбазар «Менің түсінігімдегі жақсы адам», «Жақсымен жанассаң…», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жақсы адамның мінезі» деген сұрақтар төңірегінде шама-шарқынша ой қозғап, ойшылдар пікірлерімен байланыстырды. Жақсы мен жаман адамның қасиеттері туралы жазған ақын-жыраулардың өлеңдерін Ә.Әуезханова, А.Көбентай, Ә.Құлмағанбетова жатқа оқыды. Д.Әбіленов пен А.Ермағанбетова «Дүние-ай» әнін әуелете шырқады.

Оқушылар жақсылық атаулыға ұмтылу үшін жамандыққа бой алдырмайтын көптеген қасиеттер керек екенін түсінді.

Мәрзия ТАҢЖАРЫҚОВА,

мұғалім.

Айдары: Жаңалықтар

Бір пікір жазылыпты - "«Жақсы адамның мінезі…»"

  1. Нур says:

    Жаксылык жасаган адмнын ізінен ешкашан жаман соз ермес

Пікір жазу

Жіберу

© 2014 Ақтөбе газеті. All rights reserved. XHTML / CSS Valid.
Proudly designed by Theme Junkie. Powered by WordPress