Басты бет » Денсаулық » Циститтен қалай емделеді?

Циститтен қалай емделеді?

Цистит —  қуықтың қабынуы. Қуыққа жұқпа кіргенде пайда болады. Аурудың дамуына қуықтың шырышты қабығын тітіркендіретін мынадай факторлар себепші болады: дененің қатты тоңуы, тәтті не болмаса тұздалған тағамдарды көп қолдану, спиртті ішімдіктерге үйір болу, сондай-ақ іштің қатуы. Цистит кіші дәреттің аз мөлшерде, үзік-үзік, қиындықпен шығуымен сипатталады. Ауырсыну әртүрлі (шаншып не күйдіріп ауырады), кіші дәреттің соңына қарай күшейеді. Зәрге қан да араласуы мүмкін. Кейде дене қызуы көтеріліп, жүрек айниды.

Аурудың жіті кезінде дәрігер ұсынған емдік курсты толық қабылдаған жөн, болмаса ауру созылмалы түрге өтіп кетеді. Циститтің алдын алу үшін жыныс  ағзаларын ұдайы жуып жүру керек, жеке бастың тазалығын сақтап, қабынған ауруларды дер кезінде емдету қажет. Денеге суық тигізуден (суық суға шомылудан, не болмаса қыста жеңіл киінуден), қалбырланған не тұзы басым тағамдардан аулақ болған жөн. Циститті үй жағдайында емдеу міндетті түрде  емдеуші дәрігердің бақылауында жүргізілуі тиіс, сонымен қатар ежелгі халық емшілігінде қолданылған мынадай кеңестерді де ескеру керек.

1. Науқастың дене қызуы көтерілгенде оны төсекке жатқызуға, аяғын бұлауға (32-35°С) түсіру керек, қарынның төменгі жағына ыстық кебек не болмаса қайнатылған дәннің қауызы мен езілген картоп басу қажет. Емдәм — сүт және өсімдік тағамдары.

Сұйықтықты жылы күйінде көбірек ішкен жөн. Тәтті тағамдар  мен  спиртті ішімдіктерді қолданбау керек. Күн сайын жарты қасық ас содасын суға қосып   ішкен  пайдалы.

2. Іш қату жағдайында касторка сияқты күшті  іш жүргізуші дәрі беруге болмайды, мұндайда қарапайым әдістерді: қара өрік, шикі сүт, сәбіз шырынын, қышқылт қырыққабат жегізу арқылы ішті жүргізу қажет.

3. Жіті циститті емдеу үшін бұрындары мынадай емдәм қолданылған. Қызыл кірпішті ортасынан қақ бөліп, екі бөлігін де отқа мұқият қыздырады, екеуін де бос шелекке  салады. Шелектің бетін қалыңдау шүберекпен қымтап, үстіне дене тигізбей  кірпіштің ыстығы басылғанша отырады. Кейін жылы киініп, көрпе жамылып  жатады. Осындай 2-3 емнен кейін циститтен жазылып  кетеді. Мұндай  халық емі, әсіресе, әйелдер үшін өте пайдалы.

Дәрілік өсімдіктер

1. Итмұрын (шиповник) тамырының қайнатпасы. Ұнтақталған итмұрын тамырының екі ас қасығын бір стакан қайнаған суға салып, 15 минут қайнатып, кейін екі сағат тұндырып, сүзгіден өткізеді. Күніне 4 рет жарты стаканнан тамақ алдында ішеді.

2. Итбүлдірген  (брусника)  жапырақтарының қайнатпасы. Екі шай қасық жапырақты бір стакан суға салып, 15 минут қайнатып, салқындатады, сүзгіден өткізеді. Циститке, нефритке шалдыққан адам күні бойы аз-аздан жұтымдап ішіп жүреді.

3. Мыңжапырақ шөбінің тұнбасы. Екі шай қасық  шөпті бір  стакан қайнаған суға салып 1 сағат тұндырып қояды да кейін сүзгіден өткізеді. Күніне 1/4 стаканнан 4 рет  тамақтан бұрын ішеді.

4. Қарбыз. Қарбыз — күшті зәр айдағыш. Қарбыздың суы қуықтағы тасты ерітеді.

5.  Шөптер қоспасы. Дала қырықбуыны 15  г, қазтабан 15 г. жолжелкен жапырағы 20   г –  бәрін қосып,  талқандап, бір  ас қасығын 2 стакан қайнаған суға шай сияқты   бұқтырып, бір сағат тұндырады. Кешке жатарда  жылы  күйінде біржола бір-ақ  ішеді. Бір емдеу мерзімі — 15  күн.

(«Халық емшілігі» энциклопедиясынан).

 

 

Қаперіңізде жүрсін!

 

Қан қысымыңыз төмен    болса…

Кан қысымы төмен, яғни гипотонияға шалдыққан адамның қан қысымының жоғары көрсеткіші 100 мм, ал төменгі көрсеткіші 60 мм сынап бағанынан аспайды. Гипотония физиологиялық және патологиялық болып екі түрге бөлінеді. Екінші түрі дәрігердің араласуымен емделеді. Ал гипотонияның физиологиялық түріне шалдыққан адам өзін ауру сияқты сезінбейді, бірақ сау да емес. Қан қысымын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін мынадай ережелерлі сақтаса, тіпті созылмалы гипотония жағдайында да науқас өзін сергек сезіне алады.

1. Қан қысымы төмен адамдар түнгі ұйқысының толыққанды болуына мән   бермеуі тиіс. Олар, әдетте, қан қысымы қалыпты адамдарға қарағанда 2-3      сағат көп ұйықтайды.

2. Дене жаттығуларымен айналысуы керек.

3.  Қан қысымы төмен адамдар таза ауада көбірек жүруі  тиіс. Көшеге жиі шығып, әсіресе,  жылдың салқын  мезгілдерінде серуендеуге ерекше көңіл бөліңіз.

4.  Қан қысымы  төмен адамдардың тағамының құрамында минералдық  заттар мен витаминдер (әсіресе, В1, С, Р витаминдері) жеткілікті болуы керек. Жаңа пісірілген ботқалар (қарақұмық, сұлы, күріш), көкөністерден — сәбіз, қызылша, баклажан, жемістерден — лимон, апельсин, мандарин жеңіз. Майлы және ұнды тағамдарды жеуді шектеңіз.

5. Қан қысымы төмен адамдар жатқан жерінен бірден түрегеліп кеткенде қолайсыздық  сезінеді.  Әсіресе, аш  кезінде. Сондықтан таңертең төсектен     жаймен асықпай тұру керек.

6. Қан қысымы төмен адамдар үшін кофе пайдалы. Бірақ оны ішудің де өлшемі   бар: күніне 2 кеседен аспағаны жөн.

7. Қан қысымы төмен адамдар үшін арттық салмақ қауіпті.

8. Мұндай адамдарға көбінесе қуаттандыратын әрі сергектендіретін қытай лимоннигін (күніне 0,5  г-нан 2 рет), женьшень тұнбасын (15-20 тамшыдан тамақ алдында күніне 3 рет), сондай-ақ мидың қан айналысын жақсартатын дәрілерді,

мәселен,  нооотропил) күніне 2 рет тағайындайды.

9. Қан қысымы  төмен  адамдарға әртүрлі су ем-домдары, мәселен, таңертең   контрасты душ, денені дымқыл шүберекпен ысқылау оттегі, інжу не қылқан   жапырақтар қосылған суда бұлауға түсу пайдалы.

10. Қан қысымы  төмен  адамдар  сезімі мен денесіне күшті әсер ететін   нәрселерден көлікте ұзақ жол  жүруден, күрт айналатын аттракциондардан аулақ   болғандары  жөн.

Гүлнар ҚОЖАХМЕТОВА,

№1 қалалық емхананың терапевт-дәрігері.

19 пікір

  1. менын жасым 18 де мен циститпен ауырамын дарыгердын жазган дарылерын ышып журмын мен циститпен 17 жасымнан бастап ауырамын дарылер комектеспейды дос кызым маган цистон дарысын ыш диды ол адамга зиян емеспе

  2. Амина Амангельдиева

    Меним куыгым жаман аурады(((аурганда тура алмай калам туалетке барсам отыра алмайм (((( уже букл дарини букл антибиотик ти ишп болп ванночка жа жасадм коймайт.. больницага жатуга коркам(((неестеуге болады жауап кутем?

  3. Bolnicaga jatyp emdelgenin durysko, uakytynda emdelgenin ozine jaksy…romawka degen wop bar, sony iw…ony kainatyp emaldy ydyska kuiyp suzip alasyn aldymen,kainatyp…tamaktan kiin jylytyp iwesin, 2 ai uzbi iwesin, 3 mezgilden….

  4. Менин астым катты ауырады,исип,кып-Кызыл болып туалетке де отырганда ашып катты ауырады,нестеримди билмеймин,даригерге барганга коркамын,интернеттеен окыганда трихоманады деген диагназга сай келеди нестеймин,комектесиниздерши отиниш алдын-ала рахмет

  5. Менде де сол жагдай. Коп еп жасадым бирак пайдасы тиер емес

  6. Гаухар Ильясова

    МЕНИ ЦИСТИТ МАЗАЛАП ЖАТЫР.Кошеге шыгып катты суыктап калдым.ТУНДЕ УЙКЫГА КЕТКЕНДЕ ЖИБЕРИП КОЯМ КОППП КАЙТАЛАНАДЫ.НЕ ИСТЕЙ АЛАМ

  7. Айжан Нурлан

    Сәлеметсізберме! Менің жасым 26 да,тұрмысқа шыққаныма 5 жыл болды. Бір баладан кейін спериял салдырғам. Қазір кіші дәрет шығатын жерім қатты ауырады, туалетке отырғанда жаман ауырады соңына қарай ашиды,гигиеналық жағынан бәрі дұрыс,содамен тұзды сумен жуып тұрамын.не ортыралмаймын,не түнде де ұйқтай алмаймын,қатты ашып ауырады.қандай ем қолдансам болады,бұл неден болған.почтама жауабын күтем.алдын ала рахмет сизге

  8. Менде цистит 5 жылдан берi бар жылда кайталанып отырады бул аурудан кулан таза айыгуга болама

  9. Баскада емi болса айтыныздаршы

  10. Екикабат кезде цистит болмадыма?

  11. Мен биринши рет цистит болдым, доктором ношпа, фурадодинин берди 3 кунге дурыспа

  12. 3. Жіті циститті емдеу үшін бұрындары мынадай емдәм қолданылған. Қызыл кірпішті ортасынан қақ бөліп, екі бөлігін де газ плитаға отқа мұқият қыздырады, екеуін де бос шелекке салады. Шелектің бетін қалыңдау шүберекпен қымтап, үстіне дене тигізбей кірпіштің ыстығы басылғанша отырады. Кейін жылы киініп, көрпе жамылып жатады. Осындай 2-3 емнен кейін циститтен жазылып кетеді. Мұндай халық емі, әсіресе, әйелдер үшін өте пайдалы.
    Менің әйелім осылай емделді.

  13. Таганова Эльмира

    Салеметсизба мен цистит болып ауырып журмин бирак мен бала котерип журмин 10-11 аптадай нестеуге болад отиниш.

  14. Серикбаев Канат

    Кіші дәретке толығымен отыра алмайм сонына карай катты ашыйды кайта кайта баргым кеп турат тунде уйкы жок бундай биринши рет боп тур не истеуге болат

  15. Салеметсиздерме! Мен жуктиликтин 28ши аптасындамын,куыгым катты ауырад жургизбей,киши даретке отырганда ашытады,не истесем болад даригирлер дым истемеди отинем емделгендер болса немесе гинекологтар болса жауап кутемин

  16. Циститке қандай антибиотиктер бар?

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*