Басты бет » Денсаулық » Асқазан ауруы астан болады

Асқазан ауруы астан болады

«Ауру — астан» десек те, көпшілігіміз жүйелі тамақтана бермейміз. Ал  асқорыту жүйесінің бұзылуы түрлі ауруға шалдықтыратыны анық. Академик Төрегелді Шармановтың айтуынша,  ауру-сырқаудың — 70, өлім-жітім көрсеткішінің 60 пайызы тамақтануға байланысты екен.  Жалпы, деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда  еліміздегі әрбір екінші тұрғын асқазан ауруынан зардап шегеді. Сонымен….

Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі

№1 қалалық емхананың учаскелік терапевт дәрігері Гүлнұр Шарипова асқазан ауруына әртүрлі жағдайлардың себеп болатынын айтады. Яғни ауру, біріншіден, жүйелі әрі құнарлы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан пайда болса, екіншіден, күйзеліс пен жүйкеге шектен тыс салмақ түсіру де ауруға шалдықтырады екен. Дәрігердің нұсқауынсыз өз бетімен дәрі-дәрмек қабылдау ас қорыту жүйесін бұзса, шылым шегу мен арақ-шарап ішудің соңы да асқазан жарасына соқтыруы мүмкін. Кез келген дәрінің асқазан арқылы сіңетінін ескерсек, үнемі дәрі қабылдауға мәжбүр, мәселен, жүрек ауруымен ауыратын адамдар аса сақтықпен қарағаны жөн.

Адамдардың көпшілігі емханаға ауруын асқындырып келеді, — дейді Гүлнұр Шарипова. — Мәселен, гастрит ауруы кезінде асқазан қабынып, іші эрозияға ұшырайды. Егер гастритті дер уақытында емдемесе, асқазан жарасының пайда болуына әкеледі. Бұндай кезде  адамның жүрегі айнып, құсқысы келеді. Асқазаны қыжылдап, кекіреді, төс асты, жауырынның орта тұсы ауырады.  Адам мазасызданып, ұйқысы қашады. Ауыруды сезіну асқазандағы жараның орналасуына да байланысты. Егер жара асқазанның жоғары бөлігінде болса, тамақ ішер алдында, орта тұсында болса, ас ішкеннен кейін екі-үш сағаттан соң ауырады. Ауру асқынған кезде қан құсып, асқазан тесіледі, үлкен дәреттің түсі қарайып, адам әлсірейді.  Бұндай жағдайда науқасты ауруханаға жатқызып, жараны ота жасау әдісі арқылы алып тастайды.

Ал емханаға келген науқастар қан мен зәр тапсырғаннан кейін, оларға фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) әдісі арқылы тексеру жүргізіледі. Яғни жараның бар немесе жоқ екенін, болса қай жерде орналасқанын анықтайды. Бұған қоса ультрадыбысты зерттеу аппараты арқылы бауыр, ұйқы безі мен өт жолын тексереміз. Өйткені асқазан аталған ағзалармен тікелей байланыста болғандықтан, барлығын жіті қарауымыз қажет. Мәселен, кейде адамдар асқазаны ауырып тұрғанын айтады. Бірақ тексере келгенде жүрегі болып шығады. Өйткені жүрек ауруының кейбір белгілері  асқазан ауруына ұқсас. Әрі екеуі жақын орналасқандықтан адам қай жерінің ауырып тұрғанын айыра алмайды.

Сондай-ақ Гүлнұр Шарипова уақытында тамақтанудың маңызы өте зор екенін айтады.  Дұрыс тамақтанбаған кезде  адамның жүйкесі де сыр береді екен.

—  Адамның қарны аша бастаған кезде ашулануға бейім келеді. Себебі жүйке жасушалары да асқазанмен байланысты. Сондықтан аш жүрмеген абзал. Және ауқаттанар кезде есте ұстайтын бір нәрсе, ас алдында кисель немесе айран секілді сұйықтық ішу керек. Бұл астың дұрыс қорытылуына  жақсы әсер етеді. Асқазаныңда ақаудың бар екенін білгеннен кейін майлы, ащы, қуырылған тағамдардан аулақ болған жөн. Тамақты суға қайнатып жегеннің пайдасы өте көп. Бірақ көпшілік  осыған мән бермейді. Мәселен, шұжық, кириешки, чипсы, гриль, кәуап секілді қуырылған әрі  құрамында жасанды қоспалары бар тағамдарды сау адамның өзі шектеп  жеу керек. Сонымен бірге асты асығыс жеп, дұрыс шайнамағандықтан, асқазан бүрлері тітіркеніп, күйзеліске түседі. Өйткені сөл асты қорытып үлгере алмайды. Қарын және ішек жолдарындағы шырышты қабық жарақаттанады.

Үздіксіз сағыз шайнау да ас қорыту жүйесіне зиян. Өйткені ауыз қуысында мөлшерден тыс көп бөлінетін сілекей асқазан түгіне зиянын тигізеді, — дейді дәрігер.

Гүлнұр Шарипова қызмет көрсетуге тиісті аумақта 17 адам асқазан жарасымен тіркеуде тұр. Ал дәрігер күніге жиырмадан астам адам қабылдайтын болса, соның кем дегенде екеуі асқазан ауруымен шағымданады екен. Әсіресе, аталған дертке алдымен жастар ұрынады.

Ауруды анықтауға мүмкіндік мол

Қаламыздағы Тұрғындар қалашығы ауданында орналасқан  №1 қалалық емхана Елбасымыздың  «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша бой көтергені мәлім. Қазір емдеу мекемесінде 300-ден астам қызметкер еңбек етеді. Жаңа ғимарат барлық қажетті соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Емхананың бас дәрігері Марат Биханов әзірге асқазан  жарасын анықтаудың ең тиімді әдісі  фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) екенін айтады. Емхана қарауға тиіс аумақ тұрғындары аталған әдіс бойынша тегін тексеріледі. Науқастарға  білікті маман, медицина ғылымдарының кандидаты Қанат Төребеков қызмет көрсетеді. Жалпы, емхананың  асқазан, ішек, өт жолдары және өзге де аурумен сырқаттанғандарды толық медициналық тексеруден өткізуге мүмкіндігі бар. Мәселен, өткен жылы бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында хирургия бөлімі ашылған. Алғашында тәжірибе жүзінде қолға алынған игілікті шара қазір  оң нәтиже беріп отыр. Сондай-ақ биылғы жылы емханада оңалту бөлімшесі жұмысын бастады. Бұнда мүмкіндігі шектеулі 13 жасқа дейінгі балалар тегін ем-дом ала алады. Бүгінде күндізгі стационарда 10 бала ем алуда.

Бас дәрігер кез келген аурудың дер кезінде алдын алса, емнің нәтижелі болатынын айтады.

P.S.

Ілгеріде Тибет медицинасының емшілері «Барлық аурудың қақпасы — ауыз» депті. Демек,  күнделікті асты уақытында ішіп,  құнарлы тамақтанудың денсаулық үшін пайдасы зор.

***

Тісіңіз бүлінсе….

Өмірінде тісі ауырмаған адам кемде-кем шығар. Әсіресе, кариеспен (тіс эмалінің бүлінуі) ауыратындар көп. Тіпті тісті жиі тазалап, дәрігерге уақтылы көрініп жүргендер де тіс ауруынан 100 пайыз адамын деп айта алмайды екен. Неліктен бұлай?
Осы сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізген ғалымдар күні бүгінге дейін тістің бүліну себептерін  тәт­тіні көп қолданудан, ыстық-суықтан, тісті дұрыс тазалай алмаудан деп түсіндіріп келген еді. Ал таяуда тіс бұзылуының­ басты себебі ішкі ағза мүшелерінің дұрыс жұмыс істемеуінен деген тұжырымға келіпті.
Адамда 32 тіс болатыны мәлім, 16-сы жоғарғы, 16-сы төменгі жақта. Дәрігерлер, осы тістерді 8-ден бөліп, нөмір­лейді. Яғни алдыңғы тістер сол жаққа қарай 8, оң жаққа қарай 8, барлығы —16. Осы тістердің дәл ор­тадағы екеуін 1-ші деп белгілеген, әрі қарай ретімен кете бе­реді. Міне, осы 1-ші және 2-ші тіс­тердің бүлінуі қуық пен бүйректе, құ­лақта кінәрат барын білдірсе, 3-ші тістердің бұзылуы бауыр мен өттің жұмысы­ дұрыс еместігін аңғартады екен.  4-ші тістер бүлінсе, өкпе мен тоқ ішек­те ауру болғаны, 6-шы тістер­дің бүлінуі асқазан, асқазан асты бе­зінің жұмысы бұзылғанын білді­реді. Ал 8-ші тістердің, яғни азу тіс­тердің бүлінуі жүрек пен аш ішектің жұмысы бұзылуынан хабар береді екен.
Сондай-ақ асқазан мен ішекте­гі кінәраттар иектің күйінен де аңғарылады. Асқазан мен аш ішекте жара болса, көбіне пародонтоз пайда болады. Асқазан жарасы кезінде тісте тас түзіледі. Қысқасы, тістің жай-күйіне қа­рап ішкі ағзаның қай мүшесінде ауру пайда болғанын аңғаруға болады екен. Егер де белгілі бір тісті емдеткен соң ол қайтадан ауырса, демек, мұны сол тіспен байланысы бар ағза мүшесіндегі аурудың ас­қынғаны деп түсінген жөн. Мұндай жағдайда тіс дәрігерінен  басқа да маманға көрінген дұрыс болмақ. Ағзаның ауруға ұшыраған мү­ше­сін емдеуді қолға алмаса, ол бұл жайлы өзімен байланыстағы тіске дабыл жіберіп тұрады, яғни ол тіс ауырып белгі береді немесе бүліне бастайды. Мысалы, бас сақинасы ұстап жүретін адамдардың тісі тіс жегісімен зақымданған. Бұл кезде тістің өзі ауырмауы да мүмкін. Ал оның себебін адам тұмаудан, суық тиюден, магниттік өрістің ауытқуынан, тағы да басқа жайсыздықтардан көріп жатады. Мұндай кезде бас ауруы бүкіл бас­ты қамтығандай әсер береді.
Сондай-ақ кейде сап-сау тістің ауыратын кезі болады­. Ал оған көбіне қан қысымының қа­лыптан ауытқуы себеп.

(«Руханият» діни-танымдық сайтынан)

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Тамақты да талғап іш!

Қалай да уақытты үнемдеуді талап ететін қазіргі заман ағымына қарай адамдар жүрдім-бардым тамақтануды әдетке айналдырған. Осыған байланысты асқазан-ішек жолдарының әртүрлі аурулары белең алуда. Сондай аурулардың бірі — созылмалы панкреатит.

Созылмалы панкреатит — асақазан безінің морфологиялық немесе функционалды өзгерістерімен сипатталатын, экзокринді немесе эндокринді асқазан жетіспеушілігіне алып келетін ауру.

Бұл сырқаттың туындауына әсер ететін факторлар: алкогольді ішімдіктерді көп қолдану, өт қабына тас байлану.

Күн сайын арақ ішетін адамдарда 60-70 пайыз жағдайда панкреатит дамуы мүмкін. Арақ ішу салдарынан дамыған панкреатит көбіне 35-45 жас аралығындағы ер адамдарда кездеседі. Бұл жағдайда ауырсыну синдромы басым келеді. Созылмалы панкреатиттің аталған түрінде обструктивті сарғаюлар, жыланкөздер, жалған жылауықтар, іріңдіктер секілді асқынулар көптеп кездеседі.

Өт қабына тас байланғанда болатын созылмалы панкреатитке 50-60 жас аралығындағы әйелдер бейім келеді. Бұл жағдайда зат алмасу үрдісі бұзылады, семіздік, гиперлипедемия, қан қысымының көтерілуі, жүректің ишемиялық сырқаты, қантты диабет, гиперурекемия, гиперглюкозоурия дамиды.

Созылмалы панкреатиттің жоғарыда аталған түрлерімен қатар белгісіз түрі де болады, оны «идиопатиалық созылмалы панкреатит» деп атайды.

Панкреатиттің клиникасына келсек, ол ауырсыну, жүректің айнуы, құсу, іштің өтуі, іштің қатуы, т.б. түрінде көрініс береді.

Созылмалы панкреатит емінің негізгі шарты — тамақтану ретін сақтау. Яғни ащы және майлы тамақтарды шектеу, алкогольді ішімдіктерді, газдалған сусындарды ішпеу керек.

Бұл сырқаттан қашық жүру үшін көшеде сатылатын, кафелер мен мейрамханаларда ұсынылатын тағамдар әрқашан сапалы бола бермейтінін есте ұстау керек. «Ауру — астан» деген аталы сөздің маңызы дәл осы панкреатитке келгенде арта түседі. Сау болғымыз келсе, күнделікті жеген тамағымыздың тек дәмді емес, сапалы әрі пайдалы болуына баса назар аударғанымыз жөн.

Гүлнар ҚОЖАХМЕТОВА,

дәрігер-терапевт.

35 пікір

  1. абай кунанбаев

    ауыздын ширигин калай кетируге болады

  2. Сая Кундызбаева

    тамак ишкен сон асказаным буртип ауырады ол неден?

  3. Бейбитұлы Кайрат

    тамак ишпей аш карында уйкыдан турганан кейін кейде уйыктап жатканда асказаным куйдирип ауырады жаным козиме коринеде не истуге болады???
    дәрігерлер жауап жазуларынды асыга кутемин

  4. Жатарда бир стакан суга бир касык бал косып ишиниз. Миндетти турде даригерге каралу керек.

  5. мен кобине мазалайтын асказаным тамак ишшем болды тамакты корыта алмай кинайды,асказаным бурип ауырып кинайды не истесем болады:

  6. menin jasym 17de.menin bala kezden auyryp kele jatkanym osy askazan auruy.kiwkene tamak iwsem boldy askazanym koryta almai kaldy.jakynda men darigerge karalganymda.askazanyna katty auyrtpalyk tusirgensin dedi.magan ukoldar berdi.men birak askazanyma ew auyrtpalyk tusirmeimin.amal jok darigerdin aitkanyn istep jurmin.endi menin sizderge koyar suragym bylai:osy askazanymdy kalai emdep jazsam eken.mandardyn jauap bergenin kalaimyn

  7. Журханнова Жания

    Асқазаным ауырып жүр не ем алуға болады. Жасым 21-де.

  8. кыздардан баскасынын бари лоооооооооооооооооооох хахахаахааааааа

  9. менин асказаным ауырады оган даригерлер гастрит деп айтты калай ойлайсыздар жаман ауру ма ол??? мамандар жауап берсе екен деймин!

  10. менин негизи асказаным ауырмайтын, мен бирак диета устап асказанымды куртып алдым,енди тамак ишсем болд кускым келип турад, мен енди катты уайымдап журм менин асказанымда жара пайда болган жок па деп=(((((((((((

  11. менин асказаным туйилип ауырады сонгы кездери жиелеп кетти, типти тундерде де мазалайды. Асказаннын ауыруы спиральга байланысты бола ма? емделу жолдарын айтып жиберсениз, рахмет!

  12. Менің асказанымба алде басқа жерім ауырама билмей басым қатты. Тамақ жесем кызуым көтеріледі. Сосын басым айналып жүреді күндіз де тундеде. Негізі асқазан ауырса жуйкеге де әсер ететін болар. Себебі жүректен басқа бүкіл дене асқазан арқылы қоректенедіғой. Осы салада жұмыс жасайтын мамандардың пікірлері қандай екен???

  13. Матыгул Салтанат

    Асказан бурип ауырса не истеу керек. Арнайы мамандар жауап берсе екен деп ойлаймын

  14. Кенжегүл

    Сәлеметсіздерме! Мен қан құстым тамағымда құсқаннан кейін 1 зат тұрған секілді. Бұндай жағдайға бұрын ұшырамадым. Интерн.ті симптомдарымды карап отырсам аск.жарасы екен сиякты мен Манғыстау обл тұрам. Актаудың врачтарына каралуға қорқам олар дым білмейд Сұрақ , 4айлық қызым бар емшек емеді емізуге болама кімге кайда каралсам болады мамандар жауап берсе

  15. Мен сіріңке күкіртін көөп жеймін. Күніне екі қорап жеп қоям. Соның қандай зияны бар екен?

  16. Жаналган

    мен тамак ишип болған сон кусамын.ол неден?куспасам отыра алмаймын

  17. Мен жақында авария болдым ауруханадан шыққан соң маған дәрігер дәрілер жазып берді соның кесірінінен бе әлде басқама асқазаным бүріп ауырып мазам болмай жүр ауырғанда да қатты ауырады жүре алмай қаламын білмим не істерімді асқазаным су ішсемде ауырады ауырсада бірдеңе түсу керек қой асқазанға сондықтан су ішем сосн қорытпай барлығын құсып тастаймын ауруханаға барайын десем белім сынған жүру қиын болып тұр әкем аптекадан шөп дәрі әкеліп берді әсер етпи жатырнеден болу мүмкін бұл? Мамандардан кеңес алғым келеді күтем(((Мен О.Қ.О Сарыағаш ауданынан боламын дасым 15 те…!!!!

  18. Азамат Абзалулы

    Асказан ауырса,даригер шакырса болама,даригеге баруга журе алмайм

  19. нурбакыт бакытжан

    Меним Ишим катты ауырат Ишим отип жегенимди кусып тастаим улкен дареттин Туси озгерип кетти нестеуге болады

  20. Менің асқазанымда ауырады. Кей кезде тамақ ішсемде ішпесемде ауыра береді. Сосын асқазанымда ұстасам жүрек сияқты соғып тұрады. Тамақ ішсем жүрегім айниды. Бірақ құспаймын. Не істесем болады?

  21. Менин асказанымда от коюланып бара жатыр диди тексерилгенмин оган не истесем болад жаман журегим айнып таксикоз сиякты болып журм. ягни оны кусыпта тастайалмаймын жаман коркып журмин.

  22. Тамактан кейн журегим айнуды шыгарыпты неге екенин билесиздерма

  23. Тамақ ішем сосын құсқым келеді, бірақ құспаймын. Тек жүрегім айный береді бұл не мағына?

  24. Жақсы кеңес керек болса маған хабарласыңыз, асқазан ауруын емдеу жайында кеңес беремін

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*