Daily Archives: 14 Мамыр 2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

12 мамырда Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облыстық   қоғамдық қабылдау бөлмесі  Nur Otan ғимаратында өз жұмысын бастады.   13 қалалық және аудандық штабтар да ашылып, оның жұмысына 500 ерікті жұмылдырылған  қоғамдық қабылдау бөлмелері 12 мамыр мен 7 маусым аралығында жұмыс жасайтын болады. Қабылдау бөлмесінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  сенімді өкілдері 13 мамырдан бастап  ақтөбелік азаматтарды қабылдай бастады. Үміткердің сенімді ...

Жалғасы »

Жеңіс мерекесі — мерейлі салтанат

Екінші дүниежүзілік соғыста 27 миллион адамның өмірі қиылды. Оның ішінде Ақтөбеден аттанған 120 мың адамда түгел қайтып орала алмады. Ал елге аман келгендердің басым бөлігі дүниеден озды. Биылғы Жеңіс мерекесінің салтанатын санаулы ардагер ғана тамашалай алды. Жеңіс күні Ақтөбеде ерекше  салтанатпен аталып өтті. Шара  «Мәңгілік алау» даңқ ескерткішінен басталды. Жиынға соғыс ардагерлері, мемлекеттік органдар мен әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының өкілдері ...

Жалғасы »

Төрт ай нәтижесі: экономикалық өсім 5% құрады

Облыстың биылғы жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды. Есепті кезеңде өңірдегі қарышты даму жалғасын тауып, алдын ала есептеулер бойынша экономиканың 5 пайыздық өсіміне қол жеткізілді. Облыс әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың баяндауынша, барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң ілгерілеулер бар. Есепті кезеңде жергілікті бюджетке 34,8 миллиард теңге қаржы түсті, бұл жоспарланғаннан 8,9 пайызға артық. ...

Жалғасы »

Айрықша құрмет, ерекше тағзым

Негізгі мерекелік бағдарлама Ақтөбе қаласындағы Орталық саябақта ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қала тұрғындары қатысқан салтанатты шарада облыс әкімі Оңдасын Оразалин құттықтау лебізін білдірді. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағына ақтөбеліктер көптеп жиналды. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагері Ғиззат Тоқтабаев та бар. Жасы 90-нан асқан ақсақал сұм соғыс оны ерте есейткенін айтады. — Соғыс ...

Жалғасы »

«AQTÓBE RUN-2019» ашық марафоны өтті

Сенбі күні алғаш рет Ақтөбе шаһарында Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналып жеңіл атлетикадан «AQTÓBE RUN-2019» ашық республикалық марафоны өткізілді. Қаламыздың төрінде орын алған марафонның ерекшілігі, оған басқа аймақ тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысуға мүмкіндік алды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин спорттық жарысқа қатысушыларды құттықтады. Сондай-ақ, тұрғындарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақырды. «AQTÓBE RUN-2019» марафонының 500-ге ...

Жалғасы »

Өз үміткеріңе дауыс бер

Сенімді өкілдер мүмкіндігі шектеулі жандарға өздерінің Президенттікке үміткер азаматы туралы айтып берді. Ел Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдерінің қатысуымен өткен басқосу Nur Otan партиясы облыстық филиалының ғимаратында өтті. Оған мүмкіндігі шектеулі 100-ден астам ақтөбелік келді. Сенімді өкілдер Елеусін Сағындықов, Сергей Вишняк, Келдібай Еспағамбетов өз үміткерлерінің сайлауалды бағдарламасы туралы жан-жақты айтып, оның кәсіби қырына көптеп тоқталды. — Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен ...

Жалғасы »

Облыс әкімі ардагерлерді құттықтады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады. Облыс басшысы алдымен соғыс ардагері Иван  Курочкиннің шаңырағында болды. Иван Александрович 1927 жылы 11 наурызда Орынбор облысында дүниеге келген. 1944 жылдың қараша айынан Кеңес армиясы қатарында болды. Тынық мұхит флотында гидроакустикамен бірге 1-суасты бригадасының құрамында қызмет етті. II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен,  «Жапониян жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Қазақстанда 1961 жылдан бері ...

Жалғасы »

Ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы — бақылауда

Облыс  әкімі  Оңдасын Оразалин өткен сенбіде Ақтөбе қаласындағы бірқатар сауда орындарына барды. Жергілікті  өнімдердің  бағасын бақылау  мақсатында облыс басшысы «Табыс» коммуналдық базарындағы Ырғыз, Қарғалы аудандарының  ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысты. Аптаның  әр сенбісінде  өтетін жәрмеңкеде  ет, сүт, жеміс-жидек, көкөніс өнімдері басқа сауда  орындарына қарағанда  10-15 пайызға төмен бағада сатылады. Мәселен, сиыр еті 1250 теңге, жылқы еті 1500 теңге тұрады. Облыс әкімі сондай-ақ ...

Жалғасы »

Рамазанда айтылған игі тілектер

 Облыс басшысы Оңдасын Оразалин 10 мамырда облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ауызашар берді. Қасиетті рамазанда мешітте жайылған дастарқанға зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, ардагерлер, кәсіпкерлер, дін қызметкерлері шақырылған. Оңдасын Сейілұлы жиналған жұртқа жүрекжарды лебізін: — Рамазан айында ораза ұстаған ағайынға шын жүректен құрмет көрсету, оларды қолдау мақсатында, бүгін осы жерде бастарыңызды қосып отырмын. Рамазан айында істелген жақсылықтар ерекше ...

Жалғасы »

«Әкім сағатындағы» сұхбат

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Рика ТВ» телеарнасында болып, «Әкім сағаты» хабарына қатысты. Ақтөбеліктердің көкейтесті  сұрақтарына облыс басшысы тікелей эфирден  жауап берді. Тұрғындардың сауалдары видеожазба арқылы да қабылданды. Сондай-ақ, xабар жүргізушілері аймақ басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, жол, ауызсу, экологияға қатысты сауалдарын жолдады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин тікелей эфир барысында мемлекеттік  бағдарламалардың орындалу барысы мен облыстың экономика, білім, денсаулық салаларында кездесетін  өткір ...

Жалғасы »