Daily Archives: 9 Мамыр 2019

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Қадірменді жерлестер!

Сіздерді  9 мамыр — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл  күн —  бейбітшілік  сүйгіш бүкіл адамзат қауымымен бірге фашизмді талқандауға үлес қосқан, әрбір төртінші азаматын соғысқа аттандырған қазақстандықтар үшін маңызы зор мереке. Ел мен жердің тағдыры таразы басына түскен сын сағатта ақтөбелік азаматтар да ерен ерліктің өшпес өнегесін көрсетті. Жеңіс мерекесі — «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» ...

Жалғасы »

Мәртөк ауданында — жаңа әкім

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мәртөк ауданына барған жұмыс сапарында аудан активі мен тұрғындарына жаңа әкімді таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен бұл қызметке Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Оның кандидатурасы аудандық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясында мақұлданды. Ермек Кенжеханұлы жоғары білімді, Рединг университетін (Ұлыбритания) «Болашақ» бағдарламасымен «Ауыл шаруашылығындағы бизнесті басқару» мамандығы бойынша, «Аджу» (Корея) университетінің «Әкімшілік іскерлік» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған, сонымен қатар ...

Жалғасы »

Әскери қызметшілерге марапат

 Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығы ғимаратында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай «Ел айбыны» атты салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, жұртшылықты мерекемен құттықтады. — Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету — әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті. Бүгінгі күні ақтөбеліктер Отанымыздың қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының тыныштығын қорғауға лайықты үлесін қосуда. Қарулы Күштердің қатарына жыл сайын 2 мыңнан астам ақтөбелік ...

Жалғасы »

Облыс әкімінің стипендиясы беріледі

Облыс әкімінің стипендиясын тағайындау жөніндегі комиссия құрылды. Үміткерлердің құжаттарын қабылдау басталды. Бұл туралы аймақтық коммуникация қызметінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов хабарлады. Шараның мақсаты — жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының озат студенттерін қолдау, мүгедек және көпбалалы отбасынан шыққан жастарға көмек көрсету. Стипендия алу үшін студенттерге қойылатын талап бар. Студент облыста тұрғылықты жерде тіркеуде ...

Жалғасы »

Қоғамдық көмекшілерге куәлік табысталды

Облыс басшысы  Оңдасын Оразалин  15 азаматқа «Облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі» куәлігін табыстады. Әрбір ауданнан  бір-бір азамат және  Ақтөбе қаласынан  үш өкіл   облыс әкімінің  қоғамдық көмекшісі  болып бекітілді. «Халық арасында  қандай да  бір өзекті  мәселелерді  өздеріңізбен ақылдаса отырып шешеміз деген үміттемін. Өңірдің әлеуметтік  жайын дамытуда  тізе  қоса жұмыс жасаймыз деп сенемін. Өздеріңізбен ақылдасып, пікір алмасуға қашанда дайынмын», — деді облыс  әкімі. ...

Жалғасы »

Медбикелерге құрмет

12 мамыр —  Халықаралық медбикелер күні. Осыған орай А.Досжанова атындағы конференц-холда салтанатты шара өтті. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов медбикелерді құттықтады. — Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің ішінде медбикелердің алар орны ерекше. Медбике науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейді. Ол — дәрігердің айнымас серігі. Науқасқа бірінші болып көмек қолын созатын да сіздерсіздер, — деген облыс әкімінің орынбасары аймақтың медицина саласына еңбегі ...

Жалғасы »

Бес қыздың анасы 212 мың теңге атаулы әлеуметтік жәрдемақы алды

Елбасы тапсырмасына сәйкес, биыл 1 сәуірден бастап елімізде аса мұқтаж және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек тағайындалды. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай көмекті қазір әлеуметтік топтағы отбасылар сезініп те жатыр. Соның бірі — ақтөбелік көпбалалы Әлібековтер отбасы. К.Нокин ауылында тұратын Әлібековтер отбасында бес қыз тәрбиеленіп жатыр. Олардың үлкені — 14-те. Ең кішісі — егіздер Жанерке мен Назеркенің жастары төртте. Көпбалалы ана ...

Жалғасы »

Мемориалды тақта орнатылды

Ақтөбедегі Абай даңғылы бойындағы 4 «А» үйінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Николай Лавров тұрған. 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мұнда ардагердің құрметіне орай мемориалды тақта ашылды. Шараға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, депутаттар мен ардагерлер, майдангердің туыстары қатысты. Николай Лавров 1918 жылы Ресейдің Тульск облысында дүниеге келсе де, ғұмырының көп бөлігі қазақ жерінде өтті. Ауыл ...

Жалғасы »

Соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетіледі

Жеңіс мерекесінде жергілікті билік өкілдері ардагерлерді үйіне барып құттықтап, құрмет көрсетеді. Бұл дәстүр биыл да өз жалғасын таппақ. — Бүгінгі күні облыста барлығы 41 соғыс ардагері қалды. Соның 26-сы — Ұлы Отан соғысына қатысушылар, қалғандары — соғыс мүгедегі. Соғыс ардагерлерінің үш-төртеуі ғана Мұғалжар мен Хромтау аудандарында тұрғаны болмаса, дені Ақтөбе қаласында. Биыл Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміздің ...

Жалғасы »

Санкт-Петербургте Әлияның ескерткіші ашылды

Жеңіс күні қарсаңында Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың ескерткіші ашылды. Бұл жобаны Санкт-Петербург билігі, Ресейдегі Қазақстан елшілігі және Ақтөбе мен Атырау облысы әкімдіктері бірлесе жүзеге асырды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов қатысты. — Батырлық — басқа қонатын бақ емес, жүректен ерлік болып шығатын сындарлы шақ. Ал біздің ...

Жалғасы »