Daily Archives: 7 Мамыр 2019

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді  7 мамыр — Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн — қайсар мінезді ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні. Қазақстан әскері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі болып табылады. ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізі қаланып, еліміздің қауіпсіздігі нығайтылып, айбынды армияға айналуына жол ашылды. Қазіргі таңда Қарулы Күштеріміз аймақтағы тұрақтылық кепіліне ...

Жалғасы »

Қадірлі жамағат! Ардақты мұсылман бауырлар!

Сіздерді ұлық мереке — Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Алла тағала рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, екі дүниенің бақытына бөлегей! Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Дінімізге қуат, өзімізге иман байлығын бергей! Еліміздің ең басты құндылығы — ол ішкі татулық, бейбітшілік. Осы бейбітшіліктің арқасында біз қарқынды әрі дамыған елге айналып отырмыз. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, барша ...

Жалғасы »

Автокөлік жолдарының сапасына жауапты шенеуніктер жұмыстан босатылды

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев қызметінен босатылды. Бұдан басқа, облыс әкімінің құрылыс саласына жетекшілік ететін орынбасары Серік Төленбергенов пен қала әкімінің орынбасары Ыбрайым Көзбаев та жұмыс орындарын босатады. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин кеше мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртіпке қатысты мәселелер бойынша өткен жиынында жеткізді. Жұмыстан босату жолды жөндеу, пайдалану жұмыстарын тиімсіз жүргізіп, жөндеу, абаттандыру ...

Жалғасы »

Бақылау және тапсырма

Облыс  әкімі  Оңдасын Оразалин облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ол алдымен Ақтөбедегі 700 орынға арналған,  халықаралық талаптарға сай бой көтерген  Жекпе-жек сарайында болды. Мұнда  «Жоғарғы шеберлік спорт мектебі»  орналасқан. Онда  800-ге жуық адамға  жүйелі түрде спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасалған. Спорт сарайында  қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс, таэквондо, стол теннисі сынды спорттың  он бес түрімен ...

Жалғасы »

Билер ұлықталып, ардагерлер ардақталады

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық сот ұжымында болып, қызметтік ғимаратты аралап, сот отырысы өтетін орындардың жұмысымен танысты»,— деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық сот төрағасы Сәкен Абдолла облыс басшысына Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың  жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыру бойынша бірқатар  жұмыстардың  атқарылып жатқандығын жеткізді. Аталған бағдарлама шеңберінде облыстық сот отырысының жеті бірдей залы билер мен ...

Жалғасы »

Қоғамдық штаб құрылды

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабы құрылды. Бұл туралы Nur Otan партиясының облыстық филиалында ұйымдастырылған брифинг барысында белгілі болды. Облыстық қоғамдық штабтың отырысына республикалық штабтың мүшесі, қоғам қайраткері Елеусін Сағындықов қатысты. Өңірдегі штабтың төрағасы болып  облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова тағайындалды. — Өздеріңізге мәлім, биыл 9 маусымда Қазақстан халқы жаңа Президентін сайлайтын болады. Бұл — өте маңызды науқан. Nur Otan ...

Жалғасы »

Зауыт жұмысшыларының жай-күйімен танысты  

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ жұмысшыларымен кездесті. Мұндағы мақсат — еңбек адамдарының мұң-мұқтажын біліп, олардың сұрақтарына жауап беру. Астанадан келген депутаттар, Nur Otan партиясының мүшелері — Бейбіт Мамраев, Қанат Мусин, Асылбек Смағұлов пен Снежанна Имашевалар 30 сәуірден бері өңірімізде іссапармен жүр. — Біз әріптестерімізбен Ырғыз, Әйтеке би, Байғанин, Мәртөк аудандарын аралап, сондағы жұртшылықпен кездестік. Ондағы ...

Жалғасы »

«Мақсатымыз — заңды да ашық сайлау»

Республикалық «Аманат» азаматтық алаңының облыстық штабы өз жұмысын бастады. Сенбі күні Ақтөбеде өткен баспасөз мәслихатында республикалық «Аманат» азаматтық алаңы төрағасының орынбасары Андрей Кудеев: «Бұл — сайлаудың әділ, ашық өтуіне мүдделі азаматтардың тәуелсіз бірлестігі. Біз ешқандай кандидаттың мүддесін көздемейміз, біз сайлаушылардың мүддесін көздейміз», — деп атап өтті. Ал облыстық штабтың жетекшісі Айгүл Дүйсенова осы бағытта атқарылатын істермен таныстырды: — Біздің алға ...

Жалғасы »

Ақтөбеде қайырымдылық марафоны өтеді

8 маусымда Ақтөбе қаласында жыл сайын ұйымдастырылатын «CNPC– AMG Aqtobe HalFMarathon» қайырымдылық марафоны өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров хабарлады. Оның айтуынша, биыл бесінші рет өткізілетін марафон «Жақсылық үшін жүгір!» ұранымен өткізіледі. Облыс орталығындағы «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы алаңынан басталатын бұл жарысқа жасы 15-тен жоғары қала тұрғындары қатыса ...

Жалғасы »

Бүгінгі оқушы, ертеңгі тілші

«Ақтөбе» телеарнасының жанындағы «FabricA» телеакадемиясының алғашқы түлектері сертификат алды. Ашылғанына алты ай болған академияда оқушыларға тележурналистиканың қыр-сыры үйретіледі. Телеарна басшысы Ернұр Бураханның айтуынша, мақсат — журналистикаға икемі бар балаларға бағыт-бағдар беру, телеарнаға кадр даярлау. Бұл жерде оқу әдісінің сексен пайызы тәжірибе жүзінде өтеді. Балалар сюжет дайындап, сұхбат алады. — Алдағы уақытта жасөспірімдерге арналған бағдарлама ашылады. Ол үшін жүргізушіні сырттан іздемейміз, ...

Жалғасы »