Daily Archives: 4 Мамыр 2019

Достық мерекесі

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Ақтөбеде ерекше сән-салтанатпен өтті. Қаламыздағы ірі алаңдарда, демалыс және мәдениет саябақтарында ән мен күй шырқалып, ұлттық тағамдар қойылған дастарқандар жайылды, жастар спорттық жарыстарда бақ сынасып, қолөнер шеберлері арнайы көрмелер ұйымдастырды. «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы алаңында өткізілген «Татулығымыз бір шаңырақ астында!» деп аталатын мерекелік шараға өңірдегі барлық этномәдени орталықтардың, шығармашылық ұжымдар мен мәдениет, білім мекемелері ...

Жалғасы »

Рухани қазына қадірі

Форум Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында «Рухани қазына — 2019» мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ облыстық форумы өтті. Оған облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, сондай-ақ Ақтөбе қаласы мен облыс аудандары әкімдерінің орынбасарлары, шығармашылық ұжымдары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты. Форумда алдымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева бүгінге дейін атқарылған жұмыстар ...

Жалғасы »

Үкіметтік емес ұйымдар — сенімді серіктес

Үкіметтік емес ұйымдар — халық пен билік арасындағы алтын көпір. Қазіргі таңда облыста 626 үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 200-ге жуығы белсенді түрде жұмыс жасайды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Анаға тағзым» орталығында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Ашық диалог үлгісінде өткен жиында ұйым басшылары өздерін толғандырып жүрген проблемаларды ортаға салды. Басқосуда облыс әкімі ұсыныс-пікірлердің назарға алынатынын айтты. — Ақтөбедегі үкіметтік ...

Жалғасы »

Ардагер ағаларға құрмет

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин еңбек ардагерлерін, туған жерге еңбек сіңірген бірқатар азаматтарды мерекелерімен  құттықтады. Облыс басшысы алдымен Қарғалы, Ойыл, Мұғалжар аудандарында бірінші хатшылық қызметтерін атқарған, Ақтөбе  облысына  белгілі азамат Сапар Сағынтаевтың  шаңырағында болды. Сонымен қатар Байғанин, Темір, Шалқар аудандарында 20 жылға жуық бірінші хатшылық лауазымын атқарған, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы, екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Сматолла ...

Жалғасы »

Халықаралық турнирде облыс әкімінің кубогы сарапқа салынады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин футболдан 2006 жылғы  жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған  халықаралық турнирдің ашылу салтанатына  қатысты. Облыс әкімінің кубогы үшін 6 команда сынға түсетін болады. Ақтөбе өңірінен «Ақтөбе» футбол командасы мен №8 балалар және  жасөспірімдер спорт мектебінің командасы намысты қорғаса, Ресейден келген «Оренбург», «Носта» командалары6 Қырғызстанның    «Фрунзе» және Өзбекстанның «Бунедкор» футбол командалары ойыншыларымен өзара бақ сынайды. «Облыста спортты дамытуға және спорттық ...

Жалғасы »

Су деңгейі төмен

Осыған байланысты бірқатар жұмыстар жасалуы керек Өңірдегі су қоймалары мен бөгеттердің жағдайын облыс әкімі бақылауда ұстап отыр. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бейсенбі күні өңірдегі су қоймалары мен бөгеттердің жағдайын қадағалау мәселелерін жауапты мамандармен бірге  талқылау мақсатында жиын өткізді. Басқосуға  облыс әкімінің орынбасары  Мавр Абдуллин,  Ақтөбе қаласы әкімінің  орынбасары Ибраим Күзбаев және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Орал-Каспий бассейндік ...

Жалғасы »

«Қарапайым заттар экономикасының» 37 жобасы қарастырылуда

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен кеңесте қарапайым заттар экономикасын дамыту мәселелері қаралды. Бұл жиынға даму институттарының, екінші деңгейдегі банктердің, бағдарламалардың әлеуетті қатысушы-кәсіпорындарының басшылары, жергілікті атқарушы органдар өкілдері және селекторлық режимде аудандардың әкімдері қатысты. «Тұңғыш Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында кәсіпорындарға халық тұтыну тауарлары ауқымды номенклатурасын игеруге, «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға қолдау көрсету туралы ...

Жалғасы »

Мерекеге әзірлік жайы талқыланды

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен өткен кеңесте алдағы мереке күндеріне жоспарланған іс-шараларға әзірлік барысы талқыланды. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлімдер басшылары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты, сондай-ақ, қоғамдық істерге белсене араласып жүрген қала тұрғындары да шақырылған. — Мамыр — мерекелер айы. 7 мамыр — Отан қорғаушылардың, яғни бейбіт күн, тыныштық сақшыларының күні. Ал 9 мамыр — Жеңіс күні. Бұл ...

Жалғасы »

Бағдар — Елбасы тапсырмалары

Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII  сессиясында көтерілген мәселелерді талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шараға Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік төрағалары, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мүшелері қатысты. Басқосуда делегаттар сессия жұмысы туралы және Елбасының ұлтаралық келісім мен халқымыздың бірлігін нығайту бағытындағы жоспарлары туралы әңгіме өрбітті. — Қазақстан ...

Жалғасы »

«Дін. Қоғам. Жастар»: жақсылық жасап жарысайық!

Жуырда Ақтөбе қаласында «Дін. Қоғам. Жастар» аймақтық жастар форумы өтті. Ақтөбелік қыз-жігіттерден өзге, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының делегаттары қатысқан шарада «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы, бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила, теологтар, т.б. ой бөлісті. Басқосу барысында «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы, бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила кәсіпкерліктің алғышарттарын түсіндірсе, Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық «Миғраж» мешітінің бас имамы, «Үммет жастары» ...

Жалғасы »