Daily Archives: 1 Мамыр 2019

Құрметті ақтөбеліктер!

Қадірлі жерлестер! Баршаңызды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Елімізде бұл күн ерекше жалпыұлттық мереке ретінде қабылданып, бір шаңырақтың астындағы түрлі ұлттардың достығының нышанына айналды. Халқымызда «Бірлік түбі — береке» деген дана сөз бар. Біздің барлық қол жеткізген жетістігіміз бен табысымыз  бірлік пен татулықтың арқасында. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Елбасының көреген басшылығының арқасында кедейлік пен аласапыранды ...

Жалғасы »

Бейбітшілік пен келісім — тұтастырар ел ішін

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 1300 делегат келген. Сондай-ақ Ресей, Түркия, Қырғыз Республикасы, Германия елдерінен қонақтар қатысып, келгендердің жалпы саны 1500 адамнан асты. Жиынға қатысқандар арасында Ассамблея ардагерлері, барлық респуб ликалық, облыстық жəне аймақтық этномəдени бірлестіктердің ...

Жалғасы »

Облыс әкімі мәжіліс депутаттарын қабылдады

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бейбіт Мамраев, Асылбек Смағұлов, Қанат Мусин және Снежанна  Имашеваны қабылдады. Ақтөбе  өңіріне арнайы іссапармен келген халық қалаулылары мемлекеттік «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысатын болады. Облыс әкімі Мәжіліс депутаттарын аталған бағдарлама бағытында  өңірдегі атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында 3, ...

Жалғасы »

«Бүкілқазақстандық универсиада – 2019» ойындары Ақтөбеде өтеді

Қазақстан Республикасының оныншы жазғы универсиадасы Ақтөбеде 11 мамыр күні салтанатты түрде бастау алады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында биылғы жылдың ірі спорттық шарасына дайындық барысы талқыланды. Жиын жұмысына бірқатар мемлекеттік органдардың, жергілікті жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Универсиада-2019 ойындарына қатысуға еліміздің елу жоғары оқу орнының 2 500-ден аса студенті өтініш берді. Олар спорттың баскетбол, гандбол, күрес, үстел теннисі, ...

Жалғасы »

Тарихшылармен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бір топ тарихшыларды қабылдады. Басқосуға  Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген, сондай-ақ жергілікті ғалымдар қатысты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың  «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық бағдарламасы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында  Ақтөбе  өңіріндегі  тарихи-мәдени ескерткіштерге  реставрация жасау, жыр-дастандар жинағын шығару, ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізу  сынды  мәселелер қаралды. Облыс ...

Жалғасы »

Биыл Ақтөбеде 1341 несиелік және 512 жалдамалы пәтер пайдалануға беріледі

Облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Снежана Имашева, Бейбіт Мамраев, Қанат Мусин және Асылбек Смағұловтарға кеше Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында «Нұрлы жер» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары бойынша салынып жатқан көп қабатты үйлердің құрылысын таныстырды. Депутаттар шағын ауданда құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан компания өкілдерімен, жұмысшылармен кездесті. Халық қалаулыларының ...

Жалғасы »

Компаниялар қарыздарын өтейді

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалық етуімен қоғамдық-саяси тұрақтылық және әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Облыс басшысы Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша штаб жұмысы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, кәсіподақ орталығы, қоғамдық ұйымдар басшыларының, кәсіпорындар қызметкерлерінің қатысуымен жаңа форматта өтті. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде ақтөбелік кәсіпорындардың 175 қызметкердің жалақысы бойынша жинақталып қалған қарыздарын өтеуіне байланысты мәселе талқыланды. ...

Жалғасы »

Татулық пен тұрақтылық  — ел дамуының кепілі

Ассамблея сессиясына қатысушылар лебізі  Астана қаласында  Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өткені мәлім. Жиынға еліміздің әр түкпірінен — 1300, ал біздің облыстан 31 делегат қатысып қайтты. Татулық пен тұрақтылықты негіз еткен жиын туралы делегаттар пікірін білдірді. Нұрбақыт Барбосынов, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалы хатшылығының меңгерушісі: —Тұңғыш ...

Жалғасы »

«Жұбановтар әуені-2019»: бас жүлде Ақтөбеде қалды

Ақтөбеде облыс мәдениетінің брендіне айналған дәстүрлі «Жұбановтар әуені – 2019» халықаралық ұлт аспаптар оркестрлері мен ансамбльдер фестиваль-байқауы өз мәресіне жетті. 2006 жылдан бері өткізіліп келе жатқан мереке биыл Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мен Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдығына арналды. Бұл шараға еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған,  Орал,  Ақтөбе қалаларынан өзге, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан елінен ...

Жалғасы »

Мерекелер қалай тойланады

Брифинг 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Ақтөбе облысында 150-ге жуық мәдени көпшілік шаралар өтеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатын өткізген облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева алдағы Жеңіс мерекесіне арнап ұйымдастырылатын іс-шаралармен де таныстырды. Облыс орталығында 1 мамыр мерекесіне арналған шаралар қаланың 8 алаңында өткізіледі. ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық демалыс саябағында түрлі спорттық ...

Жалғасы »