Daily Archives: 13 Сәуір 2019

Көп қабатты үйден екінші рет өрт шықты

Бейсенбі күні Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы көп қабатты үйден тағы да өрт шықты. Осы оқиғаға байланысты облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалық етуімен әкімдік ғимаратында жиын өтті. Атқарушы билік пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, өзге де мемлекеттік қызметкерлер қатысқан отырыста әуелі тілсіз жаудың жай-жапсары айтылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, өрт шаһардың орталық көшелерінің бірі ...

Жалғасы »

Мүгедек жандар қамқорлық аясында

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды  қолдау  орталығына барды. Орталықта   мүгедек  жандар мен  олардың отбасы мүшелері бірге бола алады. Облыс басшысы орталықтың тұрақты жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменовамен және ондағы қызметкерлермен тілдесіп, мемлекеттік  әлеуметтік тапсырыстар аясындағы материалдық-техникалық базасымен, көрсетілетін қызметтермен танысты. Қазіргі уақытта Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды  қолдау орталығы жанында қоғамдық қабылдау, әлеуметтік ...

Жалғасы »

Облыс әкімі «AQTÓBE» телеарнасының ұжымымен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин AQTÓBE  телеарнасының ұжымымен кездесіп,  техникалық әлеуетімен танысты. Телебағдарламалар дайындалатын студияларды аралап көрді. Мұндағы Медиа музейде 60 жылға жуық тарихы бар арнаның жәдігерлері қойылған. Ардагерлердің жеке мұрағаттарындағы суреттері мен құжаттары, өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі құнды дүниелер де осыннан орын тапқан. Телеарна тәуліктің 14 сағатында облыс қана емес, шетелдік ауқымда да НД форматында хабар таратып келеді. Жылжымалы ...

Жалғасы »

Облыстық конференцияға делегаттар сайланды

Кеше Nur Otan партиясының Ақтөбе қалалық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясы өтті. Жиында партия Төрағасы Н.Назарбаевтың саяси ұйымның XVIII съезінде берген тапсырмаларын, соның ішінде «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл — ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларының іске асырылу барысы талқыланып, партияның облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайланды. Шараға қала әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Ілияс Испанов, қалалық мәслиxаттың xатшысы ...

Жалғасы »

«Рухани жаңғыру»: жарқын болашаққа бастайтын істер

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан бастау алған еді. Мақаланың жарыққа шыққанына тура екі жыл болды. 11 сәуірде Ақтөбедегі Жастар сарайында өткен «Рухани жаңғыру — тарлан тарих, жасампаз бүгінгі күн, жарқын болашақ» атты облыстық конференцияда осы уақыт ішінде атқарылған істер жөнінде баяндалып, бағдарламаны іске асыру барысындағы өзекті мәселелер талқыланды және алдағы жоспарлар жайлы да айтылды. ...

Жалғасы »

Азық-түлік бағасы неліктен негізсіз өседі?

Баға Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллиннің төрағалығымен өткен тұтыну нарығында бағаны тұрақтандыру бойынша облыстық штабтың отырысында Алға, Әйтеке би аудандарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар тыңдалды. Алғада көкөніс сақтау қоймасы жоқ Штаб мүшелері, сауда желілері мен базар өкілдері қатысқан отырысқа он екі аудан онлайн режимінде қосылды. Алға ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Ахметованың айтуынша, ауданда ...

Жалғасы »

Ауған соғысының ардагерлері сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырады

Ауған соғысының ардагерлері еліміздің алда болатын Президент сайлауына қатысты қолдауларын білдірді.  Интернационалист-жауынгерлердің дөңгелек үстел басындағы бұл кездесуі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ауғандық ардагерлерге арналған аудиториясында өтті. «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гумер Галеевтің айтуынша, кабинет толығымен «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубының қаржысына жарақтандырылған. Оның тұсаукесері таяуда ғана Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, Жастар жылы және Кеңсе әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 30 ...

Жалғасы »

Біздің тілегіміз — елдің тыныштығы

Дер кезінде қабылданған шешім Мәнуа ОСПАНОВА, зейнеткер, көпбалалы ана Біздің еліміз Тәуелсіздігін алған жылдарда  әлем елдері алдында өзінің бейбітшілік пен келісім мекені екенін анық дәлелдеген мемлекет. Тәуелсіздік тұғырының беріктігін нығайтқан Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаны белгілі. Ал, қазіргі Президент Қ.Тоқаев  Президент сайлауын мерізімінен бұрын өткізу туралы маңызды мәлімдеме жасады. Мен сияқты зейнеткер әрі көпбалалы аналардың бүгінгі тілегі ...

Жалғасы »

Лайықты үміткерді таңдайық!

Дер кезінде қабылданған шешім Гүлмирам Сражова,  «Ақтөбе облысының мүгедектер одағы»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуінде елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет екенін айтты. Сол үшін ел Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы тағдырлы шешім қабылдағанын жариялады. «Ақтөбе облысының мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің ...

Жалғасы »

Дәл қазір өтетіні дұрыс болды

Дер кезінде қабылданған шешім Асылжан БҮРКІТАЛИН, «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы  Алдымен президент сайлауы не үшін қажет деген сұраққа жауап берейік… Сайлау — демократияның басты нышаны. 18 миллион халық елді басқаратын, дамудың жаңа этапына өтуіне ықпал жасайтын тұлғаны өзі таңдауы тиіс. Ал неге қазір дейтін сұраққа жауап іздесеңіз, уақытша президент деген түсінік еліміздегі қоғамға мүлдем жат ұғым. ...

Жалғасы »