Daily Archives: 11 Сәуір 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Қымбатты Отандастар! Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – ...

Жалғасы »

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Облыс тұрғындарының бәріне тең қызмет ету үшін келдім

Сұхбат Облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттеріне сұхбат берді. Бұл  — оның  Ақтөбе облысының әкімі ретінде БАҚ өкілдеріне беріп отырған тұңғыш сұхбаты. Біз әңгіме барысында жұмыспен қоса Оңдасын Сейілұлының жеке болмысына да үңілгенді жөн көрдік. Дамыған елдерде халыққа қызмет ету орталықтары — кешегі күннің әңгімесі. Ал бізде… — Оңдасын Сейілұлы, бұрын аудан әкімі, басқарма басшысы, облыс ...

Жалғасы »

Ақтөбелік кәсіпкер қаланың 150 жылдық мерейтойына жерүсті өткелін тарту етті

Ақтөбе қаласындағы «Гүлдер әлемі — Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әлішер Исматуллаев Мәншүк Мәметова атындағы көше бойына жаяу жүргіншілер үшін жерүсті өткелін салып берді. Кәсіпкер бұл жобаны қаланың 150 жылдық мерейтойына тарту етті.  Ақтөбе қаласының 12-шағын ауданында орналасқан жерүсті өткелін салу жұмыстары былтыр жазда басталғанымен, ауа райының қолайсыздығына байланысты құрылыс 3-4 айға созылған. Кәсіпкердің айтуынша, жоба құжаттарын әзірлеуге Ақтөбе қалалық ...

Жалғасы »

Ашық кеңсе жағдайындағы жұмысқа көшті

Мемлекеттік органдардың ашықтығын айқындау, әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін болдырмау мақсатында облыстық кәсіпкерлік басқармасының қызметі ашық кеңсе жағдайына (open space) ауыстырылды. — Қазіргі уақытта біздің басқармаға адамдар кәсіпкерлік ауқымындағы әртүрлі мәселелермен жиі келеді. Open space-тің негізгі мақсаты ауқымында тұрғындармен байланыс жасауға және мемлекеттік қызметшілерге сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін бірегей формат қарастырылып отыр, — деді бұқаралық ақпарат құралдары ...

Жалғасы »

Көрші облыстардың 749 тұрғыны Ақтөбеде тегін емделген

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ақтөбе облыстық филиалының мәліметінше, жыл басынан бері көрші облыстардың 749 тұрғыны Ақтөбеде емделген. Оның басым бөлігіне, яғни 464 адамға шұғыл көмек көрсетілген. Ал арнайы жоспар бойынша, Ақтөбеге емделуге келгендердің саны 140-қа жуықтайды. — Биыл тегін медициналық көмек аясында 62 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Соның ішінде 25 жеке емхана да бар. Айта кетерлігі, жергілікті медицинаның ...

Жалғасы »

Жастарды жігерлендірді

Ақтөбе қаласындағы №68 орта мектепте «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының I кезеңінің жеңімпазы Шахан Жолдасбаевтың қатысуымен «Қуатты елдің мықты азаматтары» атты кездесу өтті. Шараның басында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақытгүл Снабаева Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 2 жылдығы аясында Ақтөбе облысынан «100 жаңа есім» жеңімпаздарын, адал еңбектерінің арқасында халыққа қызмет еткен азаматтарды кеңінен таныстырды. Сондай-ақ жастарға ...

Жалғасы »

Димаштың жанкүйері Қобдаға келді

Қазақ елінің мақтанышы Димаш Құдайбергеннің ирландиялық 76 жастағы жанкүйері Джун Маш Лазар Қобда ауданына келді. Д.Құдайбергеннің 22 наурызда Ресей астанасы Мәскеуде өткен концертінен кейін ирландиялық турист Джун Маш Лазар Ақтөбеге, одан соң   «QAZAQTOURISM» туроператорлығының өкілдерімен бірге батырлар мекеніне  келіп, өлкеміздің тарихымен танысты. Бұрын сәнбике болған, әлемнің 50-ден астам еліне саяхат жасаған саяхатшы қазіргі уақытта ағылшын тілінен сабақ береді. Алдымен Әлия ...

Жалғасы »

Ақсақал іздеп жүрмін

Бүгінгі сөз Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ, «Ақтөбе». Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің аудандарға жасаған сапарының бірінде қызық оқиғаға тап болдық.  «Қазір аудан орталығында халықпен кездесу өткізгеніңізде сөз алып, мұң-мұқтажымызды айтармыз. Ел ішіндегі кейбір керіауыз шалдар әңгімені басқа арнаға бұрып кетпес үшін, өзімнің бітімгершілік сөзімді айтайын», — деп облыс әкімінен  алдын ала рұқсат сұраған келісті ақсақал  ауылдың  мұң-мұқтажын сөз етіп, көп мәселені алға тартты. ...

Жалғасы »

Аурухана қабырғаларына сурет салынды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің дизайн мамандығының студенттері облыстық аурухана дәліздерінің қабырғаларына сурет салып, науқас бүлдіршіндердің көңіл күйін көтерді. Аталған шара Жастар жылы және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «150 игі іс» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген облыстық аурухананың  ЛОР бөлімшесінде 20-ға жуық бала ем алуда. Қолға алынған шара сол балғындардың көңілін көтеру үшін ...

Жалғасы »

Биыл 23 ІТ класс ашылмақ

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқыту процесін жетілдіру бағытында білім беру жүйесінде бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Білікті мамандарды даярлау үшін IT орталықтар және «1000 тегін ІТ класс» партиялық жобасы жастардың сандық сауаттылығын арттыруға зор мүмкіндік туғызып отыр.  Осы мақсатта Nur Otan партиясының Ақтөбе облыстық филиалының жобасын іске асыру мақсатында өткен жылы облыс мектептерінде 3D модельдеу, сәулет, ...

Жалғасы »