Daily Archives: 6 Сәуір 2019

Бесінші буынды ультраклиматтық жүйемен жабдықталған жылыжай іске қосылды

Ақтөбеде  жоғары технологиямен — бесінші буынды ультраклиматтық жүйемен жабдықталған «Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжайы ресми түрде ашылды. Қазақстан мен Венгрияның бірлескен инвестициялар қорының Нидерландыдан қаржы тарту арқылы жүзеге асырған кешен — өңірдегі осы бағыттағы бірегей жоба.   Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дирк Ян ...

Жалғасы »

Мәртөкте  жаңа мешіт ашылды

Кеше, қасиетті жұма күні Мәртөкте құрылысы 2017 жылы басталған 300 орындық жаңа мешіт ашылды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып,  рухани орталықтың  тұрғызылуына  үлес қосқан азаматтарға алғыс айтты. Бірнеше ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақтаса тіршілік етіп жатқан, бір-бірінің дәстүрі мен діни сенімдерін ерекше құрметтейтін көпұлтты Мәртөк тұрғындарына ризашылығын білдірді: — Елімізде әртүрлі діни сенімдегі және көптеген этникалық ұлт өкілдері ...

Жалғасы »

Кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағыттары 

Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, оның мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналуда. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры басқарма  төрағасы Абай  Сарқұловпен және «KazakhExport» ЭСК» АҚ басшысы Руслан Ысқақовпен кездесіп, онда шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, кәсіпкерлікті қолдау жоспарлары мәселелері талқыланды. Абай Сарқұловтың айтуынша, Ақтөбе облысында «Бизнестің жол ...

Жалғасы »

Жас спортшылар марапатталды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин 23 жасқа дейінгі Азия чемпионы Юсуп Батырмырзаев пен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Қуаныш  Досжановты қабылдады. Қабылдауға облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген спортшылардың бапкері және өзге де спорт саласының бірқатар танымал азаматтары қатысты. Кездесу барысында аймақ басшысы жас спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алғыс білдірді. — «Еркін күрес пен  грек-рим күресінен Ақтөбе ...

Жалғасы »

Құтқарушылар такси жүргізушісіне медаль тақты

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бір отбасын өрттен құтқарып қалған такси жүргізушісін марапаттады. 32 жастағы Азат Балғазинге департамент бастығының орынбасары Қайрат Қасым алғыс білдіріп, «Өрт сөндіру күзетіне 100 жыл» мерейтойлық медалін табыстады. 3 сәуір күні Краснощеков көшесіндегі жеке тұрғын үй өртеніп кетіп, бір отбасы баспанасыз қалды. Үйден шыққан өрт өршіп, үйдің алдында тұрған автокөлікке тиеді. Өрт оқиғасы шамамен таңғы 4 сағат ...

Жалғасы »

Әріптестік — табысқа бастар жол

Меморандум Өзара  ынтымақтастық туралы меморандумға кеше Хромтау ауданында облыс әкімі, екі ірі кәсіпорынның басшылары және өңірдегі кәсіподақ орталығының жетекшісі қол қойды. «Орыс мыс компаниясы» ЖАҚ холдингіне кіретін облыстағы екі ірі кәсіпорын — «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС мен «Коппер Текнолоджи» ЖШС бойынша жұмыс беруші мен жұмысшылардың әлеуметтік-әріптестік қатынастары, олардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы маңызды құжатқа қол қою алдында облыс әкімі Оңдасын Оразалин ...

Жалғасы »

Ақтөбенің инвестициялық ахуалы — өзге өңірлерге үлгі

Ақтөбе облысы — экономикаға инвестициялар тарту және жаңа технологиялар енгізуде елімізде көш бастап тұрған өңірлердің бірі. Мәселен, биыл қаңтар-ақпан айларында облыстың негізгі капиталына түскен инвестиция көлемі өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 31,4 пайызға артып, 46,5 миллиард теңгеге жеткен. Облыста инвестициялық ахуалды жақсарту, әлеуетті инвесторлармен байланыс орнату бағытында жақсы жобалар қолға алынды. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Ақтөбенің ...

Жалғасы »

Цифрландыру қарқынын жеделдетуге не кедергі?

Облысымызда цифрландыру қарқынын жеделдетуге не кедергі болып отыр? «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның басқарма басшысы Ерлан Дүрмағанбетов бастаған бір топ мамандар осы мәселені зерттеп, тиісті ұсыныстарын айту үшін Ақтөбеге келді. Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның басқарма басшысы Ерлан Дүрмағанбетовпен кездесіп, өңірде цифрландыруды дамыту мәселелерін талқылады. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, қала әкімі Ілияс Испанов, ...

Жалғасы »

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жалғасады

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырудың кезекті сатысы басталды. Бұл жөнінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова ақпараттық топ мүшелерімен кездесу барысында хабарлады. Сәуір айының 8-24 жұлдызы аралығында аудандарға шығатын топ құрамында зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, жас ғалымдар, танымал еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. — Бұл жолы  «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ...

Жалғасы »

Ауылдағы жас мамандарды қолдау арқылы әл-ауқатты болашаққа қол жеткіземіз

ҚР Кәсіподақтар федерациясының еліміздегі жұмыс берушілерге ҮНДЕУІ Халықтың саулығы мен денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі — мемлекеттің даму деңгейін сипаттайтын ең негізгі көрсеткіштердің бірі де бірегейі, айқын бедері. Мемлекеттің тұрақты дамуы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен ғана сипатталмайды, сондай-ақ халықтың өмір сүру ұзақтығының өсімін көрсетеді. Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру, соның ішінде медициналық көмекті қамтамасыз ету — әлемнің кез келген мемлекеті үшін басты мақсат. Бүгінгі таңда ...

Жалғасы »