Басты бет » 2019 » Сәуір

Monthly Archives: Сәуір 2019

Қоғамдық бірлік пен ұлтаралық келісім — ең басты құндылық

Елордада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті.  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуымен өткен сессия  «Татулық пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» тақырыбында өтті. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен сессияға 1500-ден астам адам жиналды. Олардың ішінде бүкіл өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, ...

Жалғасы »

Пасха мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Свято-Никольский шіркеуінде болып, православие христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады. Сәуірдің 27-інен 28-іне қараған түні православие христиандары Пасха мерекесін атап өтті. Бұл мереке — православтар үшін қасиетті мереке. — Тұңғыш Президентіміздің салихалы саясатының арқасында елімізде әрбір азаматтың жеке нанымына құрметпен қарайтын мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың берік моделі қалыптасты. Сондықтан елімізде бейбітшілік туы желбіреп, Қазақстанымыз гүлдей берсін! Мереке құтты болсын! — ...

Жалғасы »

«Ақтөбе» клубына қолдау көрсетіледі

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан Премьер-Лигасы жетінші туры аясында өткізілген «Ақтөбе»-«Тараз» футбол командалары ойынын көруге қатысты. Орталық стадионға бұл күні өз командаларына қолдау білдіру үшін 11 мың жанкүйер жиналды. Ойын 2:3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойыннан соң облыс басшысы жергілікті команда мүшелерімен арнайы кездесіп, футболшылар мен жаттықтырушылар құрамына ойындағы ұмтылыстары үшін жылы лебізін білдіріп, қолдау сөзін айтты. Ол алдағы күндерде ...

Жалғасы »

Қала келбеті — басты назарда

Облыс басшысы Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының келбеті мен тазалығына қатысты сын-ескертпелер жасады деп, — хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі Ақтөбе халықаралық әуежайында болып, ғимарат маңдайшасындағы жазуларды ретке келтіру, жаяу жүргіншілерге арналған  жолды анықтап, жолаушыларға қауіпсіз жағдай жасауды тапсырды. Сонымен қатар, қала көшелеріндегі  тротуар мен автожолдардың жағдайын жақсартуды, жарықшамдар тіректері мен жол бойындағы арықтарды ретке келтіру қажеттігін айтты. Қала ...

Жалғасы »

Желаяқтар жарысқан күн

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Мұнайшы» стадионында облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін жеңіл атлетиканың негізгі түрі — жүгіруден облыстық жарыс өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл жарысқа жүзден аса желаяқ қатысты. Биылғы спорт мерекесінің басты ерекшелігі — ол облыстық «Ақтөбе» газетінің 95 жылдық мерейтойына арналды. Жарысқа қатысушылар жасы мен жынысына қарай бірнеше топқа бөлініп, 1-3 шақырым қашықтықта жүгіріп, бақтарын ...

Жалғасы »

Құқықтық мәселелер талқыланды

Ақтөбе әкімдігінде қала әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен қоғамдық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулы мәселелерді шешу жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл шараға №3 қалалық сотының төрайымы Нәзира Аманқұлова, қала әкімінің орынбасарлары, «Алматы» ауданы прокурорының міндетін атқарушы Б.Ешмағамбетов, №3 қалалық сотының судьялары, қала әкімдігінің бөлім басшылары, қызметкерлері қатысты. Шара барысында құқық саласындағы пилоттық жоба таныстырылды. Нәзира Аманқұлованың айтуынша, қалалық соттарда бүгінде қоғамдық-құқықтық қатынастардан туындайтын ...

Жалғасы »

Үш жылда 744 мың цифрлық қолтаңба рәсімделген

Брифинг «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық  филиалында соңғы үш жылда 4 миллионнан астам қызмет көрсетілген. Жоғарыда аталған мекеме өкілдері 3 жылдық жұмысының қорытындысы бойынша журналистерге өткізген брифингінде мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты жұмыстар, автокөлікті тіркеу, т.б. қатысты санайғақтарға тоқталды. Ақтөбе қалалық №2 халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің басшысы Асхат Оразбаевтың сөзінше, 2017-2019 жылдары өңір тұрғындарына 4,6 миллионнан астам мемлекеттік ...

Жалғасы »

Сәуір: игі істерге ұмтылыс

Сәуір айы еліміздің өміріндегі саяси жаңалықтардың жұртшылық назарында болуымен ерекшеленді. Осы айда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы маусым айының тоғызыншы жұлдызында елімізде Президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Сонымен, үлкен дода басталып та кетті. Партиялар өз үміткерлерін алға шығаруда. Облыста да өзге де өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар өмірге келуде. Nur Otan партиясын қолдауда Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті ...

Жалғасы »

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі ( 7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»

Ақтөбе қаласының білім бөлімі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабарлайды: Кім көрсетеді? Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға ...

Жалғасы »

«Жастар аренасы» спорт кешені ашылды

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жанынан  «Жастар аренасы» спорт кешені ашылды. Салтанатты шараға  облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру орталығының жетекшісі Жақсылық Досқалиев және әлем чемпиондары Галиб Джафаров пен Бақтыбай Қисықов қатысты. Аумағы 10 мың шаршы метр болатын кешен Тұңғыш Президенттің бұқаралық спортты дамыту мақсатында елімізде 100 фитнес орталығын салу тапсырмасы бойынша ...

Жалғасы »