Daily Archives: 18 Наурыз 2019

Тұрақтылық игілікке жол ашады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе рельс арқалығы зауыты акт залында кәсіпорындардың, аумақтық кәсіподақтардың, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшыларымен кездесті.  — Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында басты байлық — адамды дамыту маңызды мәселе екендігіне тоқталды. 2019 жылдың қаңтар айынан ең төменгі еңбекақы бір ...

Жалғасы »

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жұмысын күшейтуді тапсырды

Сенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Ақтөбе» индустриялық аймағын аралап, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының есебін тыңдады. Алдымен индустриалды аймақты аралап шыққан облыс әкімі «Фаэтон» A-класс сауда-логистикалық орталығының, «Поливест» ЖШС полиэтилен өнімдерінің,  «Ақтөбе ТОPSА Пласт» ЖШС антифризді және химиялық реагенттерінің, «TALAN Technology» шиналарын жою цехтарының жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар «FIBC KAZAKHSTAN» ЖШС ірі қаптарының шеберханасының және «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС керамогранит және керамикалық ...

Жалғасы »

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Ірі шаруашылықтар еңбек өнімділігін арттыруы қажет

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Қобда ауданына барды. Облыс басшысы бірқатар әлеуметтік ғимараттарды аралап, жұртшылықпен кездесті, тұрғындарды жеке қабылдады. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ — ЖАСТАР Облыс әкімінің сапары И.Құрманов атындағы ауылдық округке қарасты Егіндібұлақ ауылына барудан басталды. Бұл жерде облыс әкіміне мектеп жанындағы интернат үйінің жұмысы таныстырылды. Қазір мұнда 25 бала тәрбиеленіп жатыр. Интернатта балаларға барлық жағдай жасалған, ...

Жалғасы »

Бестамақтағы мектеп құрылысы неге бітпей тұр?

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Ойыл ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыс әкімінің ауданға жасаған сапары Саралжын ауылдық округіне қарасты Бестамақ ауылынан басталды. Мұнда ол жаңадан салынып жатқан 60 орындық мектептің құрылысымен танысты. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 4 285,714 мың теңге қарастырылып, облыстық құрылыс басқармасы арқылы жобалық-сметалық құжаттама жасалған. Мектеп құрылысын жүргізуге жарияланған конкурс бойынша ...

Жалғасы »

Жазушылар одағының төрағасын қабылдады

«Жұма күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Одақ төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов және ақын, «Жазушы» баспасының директоры Есенғали Раушановпен кездесті», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Оңдасын Сейілұлы келген қонақтарға өңірде руханиятқа қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтса, өз кезегінде сөз алған Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағының қызметі мен қолға алған жобалары жөнінде ...

Жалғасы »

Республикалық олимпиада онлайн-режимінде ұйымдастырылды

Наурыздың 15-і күні Өнер орталығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Камила Башарова, облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева қатысты. Сондай-ақ, білім додасына еліміздің әр өңірінен келген 19 команда, жалпы 830 оқушы жиналды. Олардың 82-сі — халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Салтанатты ...

Жалғасы »

Қаламгерлер «Ақтөбе Медиаға» келді

Ақын, «Ақтөбе» газетінің бас редакторы  Бауыржан Бабажанұлының 50 жылдық мерейтойына келген бір топ ақын-жазушы Баспасөз үйінде «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымымен кездесті. Көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,  Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, белгілі жазушы,  Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, қазақ әдебиетінің классигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,   «Жазушы» баспасының директоры  Есенғали Раушанов, талантты жазушы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен ...

Жалғасы »

Аманқос Орынғалиұлы — «ақпарат саласының үздігі»

Наурыз мерекесі қарсаңында «Ақтөбе Медиа» ЖШС қарасты «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бірқатар қызметкерлері ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет грамотасымен және төсбелгісімен марапатталды. Құрмет иелерін құттықтау үшін Баспасөз үйіне Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы Нәзира Табылдинова келді. Ақпарат саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» газетінің фототілшісі Хайреден Раушанов, «Актюбинский вестник» газеті сайтының редакторы ...

Жалғасы »

Жоғары білім – талапты жастың арманы

Президенттің бес әлеуметтік бастамасында жоғары білімнің қолжетімді болуына ерекше мән берілген. Себебі біріншіден, ол адами капиталдың сапасын көтеретін – бірден-бір фактор. Ал адами капитал – Қазақстанның жан-жақты дамуының негізгі іргетасы. Екіншіден, білімді ұрпақ тәрбиелеудің жолы. Себебі жыл өткен сайын елімізде мектеп түлектерінің саны өсіп келеді. 2016 жылы 121 мың оқушы мектеп бітірсе, 2017 жылы олардың саны – 136 мың, 2018 ...

Жалғасы »

Балабақша – тәрбие бесігі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту, баланың ақыл-ой мен шығармашылық қабілетіне жете мән беріп, жас кезінен бала бойына жаңа дағдыларды қалыптастыру қажеттігіне назар аударады.  Қай кезеңде болмасын балабақша мәселесі, баланы балабақшаға орналастыру жайы өзектілігін жойған емес. Ресми статистикаға сүйенсек, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін 7 жасқа дейінгі ...

Жалғасы »