Daily Archives: 15 Наурыз 2019

Үкім өзгеріссіз қалдырылды

Мұнайды заңсыз экспорттаумен шұғылданушыларға шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылды. Бұл туралы облыстық сотта апелляциялық процеске төрағалық етуші судья Қайырбек Елемесов хабарлады. — Мұнайды заңсыз экспортқа шығарғандары үшін жазаланған қылмыстық топ мүшелерінің апелляциялық шағымын қараған апелляциялық коллегия іс жағдайын тексеріп қарап, Ақтөбе облысы қылмыстық іс бойынша мамандандырылған сотының тұжырымын заңды деп таныды және өкімді өзгеріссіз қалдырды,— деді ол.— Жаза кесілгендер 6 ай ішінде ...

Жалғасы »

«Халықтық кеңсе» орталығы 700-ден астам қызмет түрін көрсетеді

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкіметтің жұмыс тобы «Халықтық кеңсе» қоғамдық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттерімен жүздесті.   Құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов,  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық ...

Жалғасы »

Әлеуметтік қамқорлық: соңғы бір айда 877 отбасына 50 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді

 Жуырда өткен Nur Otan партиясының кезекті XVІІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үш бағыттағы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға тапсырма беріп, қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын көтерудің, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейтудің маңыздылығын атап көрсеткен еді.  Ақтөбеге Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері тікелей осы мәселемен ...

Жалғасы »

Жұмыс тобы көпбалалы отбасылардың үйлеріне барды

Бейсенбі күні түстен кейін Мемлекет басшысының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін өңірге келген Вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев және облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында азаматтарды қабылдап, көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға барды. Әр келушіні жеке-жеке қабылдаған Гүлшара Әбдіқалықова мен Бердібек Сапарбаев оларға ...

Жалғасы »

Білім: оқушылар саны жылына 3-4 мыңға өсіп отыр

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген  Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова облыс орталығындағы шараларға қатысқан соң Қобда ауданына барды. Исатай Тайманұлы атындағы Қобда гимназиясында К.Шәмшидинова,  облыс әкімінің орынбасары М.Тоқжанов, облыстың білім басқармасы басшысы Л.Оразбаеваның қатысумен балабақша меңгерушілері, мектеп және колледж директорлары, көпбалалы педагог аналармен кездесу өткізілді. К.Шәмшидинова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезіндегі баяндамасында айтылған мақсат-міндеттерге тоқталды. ...

Жалғасы »

Ауылдың әлеуеті және субсидия

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облысымызға  жұмыс сапарымен келген үкіметтік жұмыс тобының мүшесі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов Мәртөк ауданында болды. Аудан тұрғындарымен кездесуде жасаған баяндамасында Қайыр Рыскелдинов Елбасының Nur Otan партиясының кезекті XVІІІ съезінде сөйлеген сөзінде алға қойылған тапсырмаларды жүзеге ...

Жалғасы »

Негізгі мақсат — медициналық көмектің сапасын көтеру

Кеше ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Хромтау ауданына барып, бірнеше медициналық мекемені аралады, сондағы қызметкерлермен кездесті. Еліміздің бас дәрігері жұмыс сапары барысында аудандағы шешімін таппаған мәселелердің барын айтып, ақ халаттыларды сын тезіне алды. Алдымен Ақжар ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барған министр материалдық-техникалық базамен танысып, науқастарды дәрігер қабылдауына тіркеу жұмысының цифрлық форматқа қандай деңгейде көшірілгенін тексерді. 2 дәрігер, 8 медбике жұмыс ...

Жалғасы »

Алғада алты баланың анасы үш бөлмелі пәтерге ие болды

Үкіметтің жұмыс тобы құрамындағы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы  Мархабат Жайымбетов кеше Алға ауданында болып, бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Алғадағы өндірістік аймақ саналатын бұрынғы химия зауыты территориясында жалпы ауданы 230 гектар аумақ қауіпті қалдықтарды жою, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жұмыстарын талап етеді. Бүгінде осындай жұмыстарды жүзеге асырудың негізінде аталған аймақта шағын ...

Жалғасы »

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Ауылшаруашылық саласы — күнкөрістің ғана емес, табыстың көзі

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің аудандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесу мақсатындағы жұмыс сапары Қарғалы ауданында жалғасты. Алдымен Шәмші Қалдаяқов ауылына барған облыс басшысы ондағы «АкТеп» ЖШС-ның көкөніс сақтау қоймасының жұмысымен танысты.  5 мың тоннаға дейін картоп сақтайтын қойма өткен жылы пайдалануға берілген. Жалпы құны 443,0 миллион теңгені құрайды. Қоймада 22 адам жұмыс жасайды. — Былтыр Германиядан гала, белороза тұқымдарын әкеліп 10 ...

Жалғасы »

Жұртшылық өкілдерімен жүздесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұртшылық өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында облыс басшысы «Азат-Арда» қозғалысы ардагерлер ұйымының өкілдерімен бірқатар көкейтесті мәселелерді талқылады. Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Естай Жайлыбай қазіргі кезеңдегі басым бағыттардың бірін — шағын және орта бизнесті жан-жақты дамыту мәселесін ерекшелей сөз ете отырып, өңірімізде кәсіпкерлікті дамытуға тұсау болып келе жатқан бірқатар факторларды атап өтті. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар облыс орталығындағы құрылыстар мен ...

Жалғасы »