Daily Archives: 13 Наурыз 2019

Облыста егіс алқабы 10 пайызға ұлғаяды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен кеңесте көктемгі егіс науқанына әзірлік мәселелері қаралды. Оған мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге, өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты. Биылғы жылы облыста 805,1 мың гектар жерге егіс салу жоспарлануда. Өткен жылмен салыстырғанда егіс алқабы 10 пайызға немесе 51,4 мың гектарға ұлғайтылады. Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин хабарлағандай, дәнді дақылдарға жалпы егіс алқабының 56 пайызы немесе ...

Жалғасы »

Көпбалалы аналармен кездесті

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин белсенді әйелдермен, көпбалалы аналармен, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті», —деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Nur Otan партиясының ХVІІІ съезінде айтылған жаңа әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру, аз қамтылған азаматтардың табыстарын көтеру және қолдау, табысы аз отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын ...

Жалғасы »

Алашбаевтар отбасы 1 сәуірден бастап 90 мың теңгенің үстінде атаулы әлеуметтік көмек алады

Қазір Ақтөбе қаласындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары үй-үйді аралап, биыл 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудағы өзгерістерді түсіндіріп, әр отбасыға әлеуметтік карта толтырып жатыр. Ақтөбе қаласындағы жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлшат Қаңтарбаева бастаған топ қаланың Некрасов көшесі, 41 «а» мекенжайында орналасқан үйге барды. Мұнда Берік Алашбаевтың отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Айына 50 мың теңгені пәтерақы есебінде ...

Жалғасы »

Есептер тыңдалып,бағыттар белгіленді

Облыс әкімі орынбасарларының, облыстық басқарма басшыларының, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандары әкімдерінің есептерін тыңдау аяқталды. Облыс әкімінің орынбасарлары Мавр Абдуллин мен СерікТөленбергенов,  Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов өздері жетекшілік ететін салалардағы 2018 жылғы жұмыстың қорытындысы, ағымдағы жағдай және алдағы кезең жоспарлары туралы хабарлама жасады. Есеп беру барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың жоғары көрсеткіштері атап көрсетіліп, қолжеткізген қарқынды ұстап тұру және одан ...

Жалғасы »

Су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады

11 наурыздан бастап Ақтөбе қаласында көктемгі су тасқынына қарсы штаб өз жұмысын бастады. Бұл туралы қала әкімі аппаратының төтенше жағдай бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев хабарлады. Оның айтуынша, биыл су тасқынына қарсы 100-ден астам су сорғыш арнайы техника, сондай-ақ 30-дан астам ауыр техника жұмылдырылады. Бүгінде қала бойынша 10 мобильді сорғы станциясы бар, жуырда 3 сорғы станциясы іске қосылды. Қазіргі таңда қала ...

Жалғасы »

Былтыр 490 бала өмірге келді

Аналар форумы  Байғанин ауданында алғаш рет Аналар форумы ұйымдастырылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  қолға алынған жоба шеңберінде ұйымдастырылған «Ана. Қоғам. Отбасы» атты форумға 140 әйел қатысты.  Олардың арасында  көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектер, ерекше қамқорлықты қажет ететін балалары бар аналар, сондай-ақ денсаулық, білім, мәдениет саласының қызметкерлері мен оқуда, қызметте, өнерде, спортта табысқа жеткен қыз-келіншектер мен ...

Жалғасы »

98 миллион теңгелік грант ұтып алды!

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің «Өнімді инновацияны қолдану» жобасының жеңімпазы атанып, 98 миллион теңге тұратын грантқа ие болды. Сондай-ақ биылғы жылы университет жанындағы «Zerek» технопаркі қосымша 47 миллион теңгелік мемлекеттік грантты ұтып алды. Ұтып алынған қаражаттың өз орнына жұмсалуын бақылап отыру техника ғылымдарының докторы Байзақ Исақұлов басқарып отырған «Zerek» технопаркінің құзырына тапсырылды. Айта ...

Жалғасы »

Мерекенің сыйлығы — жаңа пәтерлер

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Шалқар қаласында бірнеше отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Газшылар қалашығында тұратын аналарға аудан әкімі Бауыржан Қаниев ауданның жергілікті бюджет есебінен берілетін жаңа пәтерлердің сертификаттарын тапсырды. Олардың осыған дейінгі тұрып келген  үйлері арнайы комиссияның шешімімен  апатты деп танылған. — Бұл сертификаттар аудан әкімінің жанынан құрылған комиссияның зерттеп-зерделеуімен аталған адамдар отбасыларының тұрғын үй жағдайындағы қиындықтары ескеріліп, тапсырылып ...

Жалғасы »

Республикалық олимпиада: 20 команда және 831 оқушы

15-20 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты өтеді. Білім бәйгесінің салтанатты ашылу рәсімі жұма күні Өнер орталығында ұйымдастырылады. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапаттау рәсімі наурыздың 20-сы күні өтеді. Шараға  Қазақстанның барлық облысынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарынан барлығы — 20 команда, жалпы 831 оқушы қатысады. Оның 82-сі — ...

Жалғасы »

12 педагог облыстық байқауда күш сынайды

Кеше облыстық «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі — 2019» байқауы басталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын сайыстан озып шыққаны республикалық сында бақ сынайтын болады. Екі күнге созылатын байқаудың басты мақсаты — салада үздіктерді анықтау, олардың өзара тәжірибесінің артып, көрген-білгенін бөлісуіне жағдай жасау. Облыстық кезеңнің жеңімпазы сәуір айында өтетін республикалық байқауға жолдама алатын болады. — Биыл қатысуға 12 мұғалім сұраныс білдірді. ...

Жалғасы »