Daily Archives: 11 Наурыз 2019

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Біз жас ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелеуіміз керек

«Сенбі күні  облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс бабымен Мәртөк ауданына барып, бірқатар өндірістік нысандарды аралады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы барысымен танысты, тұрғындармен кездесті», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Ауданның ең ірі өндірістерінің бірі — өңдеуші зауытқа күн сайын 26,5 тонна сүт жеткізетін «Айс» ЖШС сүт тауарлы фермасы. Облыс әкімі өндіріс процестерімен және цифрландыру элементтерімен, өндірілетін тауарлар көрмесімен танысты. ...

Жалғасы »

Алға ауданы: өзекті мәселелер талқыланды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жексенбіде жұмыс сапарымен Алға ауданында болып, өндірістік және әлеуметтік нысандардың қызметімен танысты, тұрғындармен кездесті. Ол Бестамақ селосында «Индустрия упаковки» ЖШС азық-түлік орамасы өндірісі цехында болды. Цех директоры Әбділмәлік Райымбергенов облыс басшысына тапсырыс берушінің логотипін және эмблемасын енгізумен ұн, қант, басқа да сусымалы тауарлар үшін әртүрлі сыйымдылықтағы 3 миллионға дейінгі полипропиленді қапшықтар шығаруға болатынын айтты. Оңдасын Оразалин ...

Жалғасы »

Ақтөбе, Қарғалы, Сазды су қоймаларындағы су деңгейі бақылауда болуы тиіс

Сенбі күні облыс басшысы Оңдасын Оразалин  Ақтөбе қаласының төңірегіндегі су басу қаупі бар жерлерді аралап, тасқынға  қарсы әзірлік шараларымен танысты. Ол ең алдымен, Ақтөбе су қоймасына келіп, осы жерде  Ақтөбе қаласы әкімдігі, ТЖД, «Қазсушаруашылығы» және «Қазгидромет»  РМК филиалдары мен коммуналдық қызмет жетекшілерімен көшпелі жиын өткізді. «Қазсушаруашылығы» филиалының шұғыл мәліметіне қарағанда,  бүгінгі күні Ақтөбе су қоймасы  111 млн  текшеметр (46 %), ...

Жалғасы »

Үйі өртенген отбасыға көмек көрсетілді

9 наурызда облыс әкімі Ақтөбе қаласын аралап жүрген кезінде, оған Ақтөбе темірқорытпа зауыты  ауданындағы бау-бақша ұжымында болған өрт жайында жеткізілді. Айта кету керек, сол күні таңертеңгілік сағат 10-да бау-бақша учаскесінде аумағы 80 шаршы метр болатын тұрғын үй лезде өртене бастаған. Оқиғаны көзбен көргендер  төтенше жағдайлар департаментіне  шұғыл хабарлап,  өрт сөндіретін үш техника мен  11 маманның көмегімен сағат 11.04-те жалын  сөндірілді. ...

Жалғасы »

Бірыңғай call-center құрылды

9 наурызда облыс әкімі негізгі міндеті – цифрлық технология мен баламалы энергетиканы дамыту болатын Энергия тиімділігін арттыру орталығының жұмысымен танысты. Орталық ғимараты  күн тақтайшаларымен, газпоршенді станция, геотермальды жүйе және жел генераторларымен жабдықталған. Мұнда қаланы басқарудың   тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мекемелерінің инженерлік желілерін бақылау, Халыққа қызмет көрсету орталығы,  ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығы, Ақтөбе қаласының  Алматы ауданы әкімі аппаратымен  байланыстырушы мониторинг ...

Жалғасы »

Бағдарлама талаптары түсіндірілді

Nur Otan партиясы мен «Баспана» ипотекалық компаниясы» АҚ өңірлік филиалының ұйымдастыруымен «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының негізгі механизмдерін түсіндіру бойынша азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» республикалық акциясы өткізілді.  Партияның Ақтөбе облыстық филиалы ғимаратында өткен шараға бес әлеуметтік бастаманың іске асырылуын бақылау жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес, «Баспана» ұйымы, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер филиалдары мен құрылысшы компаниялары өкілдері қатысты. Шара барысында тұрғындарға ...

Жалғасы »

Тағы бір орталық ашылды

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» АҚ еншілес ұйымы) Ақтөбе облыстық филиалы кеңес беру орталықтары желісін кеңейтіп отыр. Кеше 101-атқыштар бригадасы бойындағы «Наурыз» сауда үйінде тағы бір кеңес беру орталығы ашылды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» облыстық филиалы бұл шараны Елбасы Н.Назарбаев жариялаған Жастар жылы  және Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясында ұйымдастырып отыр. Орталықтың ашылуына  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ...

Жалғасы »

Мектеп директорлары шағын кабинеттерге көшіріліп жатыр

Ақтөбе қаласында «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобасы аясында білім беру мекемелерінің басшылары кең кабинеттерін ашық әрі шағын кабинеттерге ауыстырып жатыр. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисеновтің айтуынша, алдағы уақытта барлық қала мектептерінің директорлары кең кабинеттерін оқу сыныптарына беріп, өздері оқу ғимаратының бірінші қабатында орналасқан, ашық әрі шағын кабинеттерге ...

Жалғасы »

Дамудың дәлелі

Мемлекет басшысының Nur Otan партиясының съезіндегі берілген тапсырмаларын түсіндіру мақсатында съезд делегаттары әр аймақта кездесулер өткізіп жатыр. Солардың бірі — «Трансэнерго» АҚ басшысы Аманбай Сакиев ұжым қызметкерлерімен жиын өткізді. Алдымен ұжымдағы нәзік жандыларды Халықаралық аналар күнімен құттықтаған мекеме басшысы Президенттің съезде айтқан сөздерінің әр тарауына жеке-жеке тоқталып, қарапайым тілмен түсінікті етіп жеткізді. —Мен Астанада өткен Nur Otan партиясының XVIII съезіне ...

Жалғасы »