Daily Archives: 6 Наурыз 2019

Елбасының төрағалығымен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті

Жиынға Премьер-Министр А.Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Исекешев және Премьер-Министрдің орынбасары Г.Әбдіқалықова қатысты. Кеңесті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шараларды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. – «Нұр Отан» партиясының жақында өткен съезінде әлеуметтік саясат саласындағы шаралардың іске асырылуын егжей-тегжейлі қарастырдық. Мен тұрмысы нашар және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде жаңа ауқымды шаралар ...

Жалғасы »

Көпбалалы аналар марапатталып, арулар сынға түсті

Кеше Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында «Қазхром ажары-2019» көшбасшылық және сұлулық байқауы өтті. Оған облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова қатысты.  Шарада облыс әкімі Оңдасын Оразалин компанияның қыз-келіншектерін мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Бүгін көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында «Қазхром» акционерлік қоғамы өзінің салмағына, жағдайына, мүмкіншілігіне сай керемет шара өткізіп отыр. Бұл компанияның облыстың әлеуметтік-экономикалық саласындағы орны ерекше. Сонымен ...

Жалғасы »

Халықтық кеңсе қызметі оң бағаланды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы Халықтық кеңседе болды. Ол осында келушілермен сөйлесіп, Халықтық кеңседе орналасқан тұрғындарға қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту, миграциялық қызмет, құқықтық қызмет, цифрлық қызмет, сондай-ақ «Қазпошта» және Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры бөлімшелері жұмыстары сапасымен танысты. Халықтық кеңседегі барлық қызметтер «бір терезе» принципі бойынша көрсетіледі. Қала тұрғындары мемлекеттік органдар басшыларының қабылдауына жазылып, арыз-шағымдарын қалдырып, тұрғын үйге, балабақшаға ...

Жалғасы »

Сенаторлармен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Аңсар Мұсахановпен, Марат Тағымовпен және Мұхтар Жұмағазиевпен кездесті. Облыс басшысы Парламент мүшелерін Елбасы тапсырмаларын орындау аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әлеуметтік мәселелерді шешу және ақтөбеліктердің әл-ауқатын арттыру шаралары туралы хабардар етті. Кездесу барысында сондай-ақ  агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру, жол инфрақұрылымын дамыту, облыстың елді мекендерін абаттандыруға қатысты мәселелер ...

Жалғасы »

Екі апта ішінде көмекке мұқтаж әрбір тұрғынның әлеуметтік жағдайына сараптама жасалады

Дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша болжамды көрсеткіштері қаралды. — Есепті кезең ішінде әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика күтіліп отыр, — деді облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева. Өңдеу өнеркәсібінің өсімі — 5,9 пайыз, инвестиция 10,7 пайыз құрайды деп болжанып отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы ...

Жалғасы »

Аудан әкімдеріне тапсырма берді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин дүйсенбі күні облыстың барлық 12 ауданы әкімдерінің есептерін тыңдады. Аудан басшылары өздері басқарып отырған аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен 2019 жылға арналған даму келешегі жайлы ақпарат берді. Өз кезегінде облыс басшысы аудандардағы бірқатар проблемаларды көрсетіп, оларды жою жолдарын анықтауды тапсырды. — Нақты ұсыныстар әзірлеңіздер. Біз оларды жуырда облыс аудандарына баратын сапарларымыз кезінде қараймыз, ...

Жалғасы »

Нақты міндеттер белгіленді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өзінің орынбасарлары Олжас Смағұловтың, Марат Тоқжановтың, Қайрат Бекеновтің, сондай-ақ олар жетекшілік ететін басқармалар басшыларының 2018 жылдың қорытындысы бойынша жұмыстары және алдағы кезеңге жоспарлары жөнінде есебін тыңдады. Облыс басшысы өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың түйінді көрсеткіштері бойынша ілгері қозғалыстар бар екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысы алға қойған барлық міндеттерді тиімді жүзеге асыру бойынша, оның ішінде экономиканы ...

Жалғасы »

Университет ректорларын қабылдады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректорлары Бауыржан Ердембеков пен Ербол  Бекмұхамбетовті қабылдады. Өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының басшылары университеттердің 2018-2019 оқу жылындағы қызметі және алдағы оқу жылындағы міндеттер туралы хабардар етті. Облыс әкімі Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыруға назар аударды. Оңдасын Оразалин бұл ретте Президенттің ...

Жалғасы »

Биыл «Мұрагер» балық зауыты іске қосылады

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары  Марат Тағымов, Мұхтар Жұмағазиев және Аңсар Мұсахановтар жұмыс сапарымен облысымызға келді. Депутаттар алғашқы күні «Мұрагер» ЖШС балық өсіру зауыты мен «Грин капиталл Қазақстан» ЖШС жылыжай кешенінде болды. «Мұрагер» балық өсіру зауыты биыл іске қосылмақ. Әзірге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, балық өсіретін алаңдар дайындалып жатыр. Жобаның қуаттылығы жылына  1500 тонна балық өнімін өндіруге мүмкіндік береді. Онда африкалық жайындар ...

Жалғасы »

Арызға байланысты тексеріс жүруде

4 наурыз, дүйсенбі күні әлеуметтік желілерде 28 ақпанда Бестамақ орта мектебінде бір оқушының зардап шеккендігі туралы ақпарат жазылды. Осыған байланысты облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен осы дерек бойынша тексеріс жүргізу үшін облыстық білім және денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлерінен комиссия құрылды. Тексеріс нәтижесі бойынша жауапты тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беріліп, тиісті шаралар қолданылады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жалғасы »